23
«дарындылық» мəселесін зерттей отырып, табиғи нышан болмысы-
на ерекше көңіл аударды.
Л. А. Рудик «дарындылық» қабілеттіліктің дамуына алғышарт бо-
лып табылатын туа біткен қабілеттілік, Н. Д. Левитов аналитикалық-
физиологиялық нышанды бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи қоры,
Г. И. Иванов даму барысындағы қабілеттілікте байқалатын туа біткен
ерекшеліктер мəселелерін қарастырды.
В. А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын
зерттеу еңбектерінде былай дейді: «Егер «қабілеттілік» деп белгілі
психикалық қасиеттерді айтатын болсақ, дарындылық деп адам
қабілетінің өзіндік байланысын, бірлігін айта аламыз». Ол сонымен
қатар, бұл феноменді зерттеу кезінде іс-əрекеттегі қоғамдық – та-
рихи өзгерістерді жəне олардың табыстылығын бағалауды ескеру
керек деген.
А. Т. Асмолов еңбектерінде дарындылық мəселелеріне жан-жақ-
ты түсінік берілген. Ғалым бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге
баса назар аударған. А. Т. Асмоловтың ғылыми зерттеулері бұл
мəселе төңірегінде үш жақты көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни
гендік, əлеуметтік, «тарихи – эволюциялық қатынас».
Отызыншы жылдардағы психологиялық зерттеулер қазақ
ғалымдары Ш. Əлжанов, М. Əуезов, С. Балаубаев, Ə. Сыдықов, Т.
Тəжібаев, А. Темірбеков, Қ. Жарықбаев, С. Бабаев, А. Құдиярова, Х.
Т. Шерьязданова еңбектерімен байланысты.
ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысында психодиагностикада бақылау,
сауалнама, құжаттарға талдау жасау сияқты зерттеу əдістері
кеңінен қолданыла бастады. Бұл кезеңдерде əдістемелерді
қолданудың сапалық мазмұнына көңіл аударылды. Вундтың
басшылығының дүние жүзінде бірінші эксперименталдық-
психологиялық құбылыстарды байқау мүмкіндіктері де ашылды.
ХІХ ғасырдың аяғына дейін адамның түйсігін, сезім мүшелерін
зерттеу практикалық психодиагностиканың зерттеу нысаны болып
келді. Қазіргі психодиагностикалық əдістер жеке адам мəселелері
жəне оның қасиеттері мəселелерін қарастырады. Жеке адамды
зерттеудегі теориялық ізденістер мен қолданбалы зерттеулер, атап
айтқанда, математикалық, статистикалық өңдеулер, басқа да ғылыми
көрсеткіштерге сүйенеді. Психодиагностика теорияларына негізделе
жасалған математикалық статистика нəтижелері биология, экономи-
ка, медицина жəне т.б. ғылымдарда да қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: