Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет125/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   215
«Ұғымдарды салыстыру» əдістемесі
Бұл  талдау  жəне  қорытындылау  барысын  зерттеуде  қолдануға 
арналған  классикалық  əдіс  түріне  жатады.  Зерттеуді  жүргізу  үшін 
жұп сөздер қажет. Төмендегі 30 жұп сөзді қолдануға болады.
1. Таңертең – кеш 2. Сиыр – жылқы 
3. Ұшқыш – танкист 4. Шаңғы – коньки 
5. Трамвай – автобус 6. Көл – өзен 
7. Өзен – құс 8. Жауын – қар 
9. Поезд – ұшақ 10. Ось – осі 
11. Алдау – қателік 12. Стақан – əтеш 
13. Кішкентайқыз – қуыршақ 14. Бəтеңке – қарындаш 
15. Алма – шие 16. Қарға – торғай 
17. Қасқыр – ай 18. Сүт – су 
19. Жел – түз 20. Алтын – күміс
21. Шана – арба 
22. Көзілдірік – ақша 23. Торғай – тауық 
24. Мысық – алма 25. Кеш – таңертең 
26. Емен – қайың 27. Аштық – шел 
28. Ертегі – əн 29. Себет – қарағай 
30. Сурет – портрет
Бала  осы  сөздердің  ұқсастығы  мен  айырмашылықтарын  айтып 
беруі керек. Кейін балаларға ұғымдардың ең бірінші ұқсастықтарын, 
содан кейін айырмашылықтарын табуды жүктеу керек.
Барлық  жауаптар  толығымен  жазылуы  қажет.  Егер  нұсқау 
балаларға  түсініксіз  болса,  бірінші  жұп  сөзді  үлгі  ретінде  көрсету 
керек.  Оқушы  екі  ұғымның  ұқсастығын  анықтай  отырып,  ортақ 
белгісін шығарады. Мысалы, «кеш» жəне «таңертең» ұғымдарының 


217
 
ұқсастығы  –  екеуі  де  күннің  бөлігі.  Айырмасы    –    «таңертең» 
–  күннің  басталуы, «кеш»  –  күннің  соңы.  Бүл  ұқсастықтар  мен 
айырмашылықты  ажырата  білуі  баланың  анализ,  синтез,  жалпы-
лау  деңгейінің  жоғарылығын,  абстрактылы  ойлауға  бейімділігін 
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет