138
1. Тест бойынша баланың жинаған баллдары əр субтест (5 -
субтестіден басқалары) тапсырмасына берілген дұрыс жауаптар са-
нымен есептелінеді. Сонда əр дұрыс орындалған тапсырмаға 1 ұпай
қойылады. 1, 2, 3, 4, 6 субтестерді толық орындаған адам 80 ұпай
жинақтайды.
2. Бес субтест тапсырмасына берген жауаптың кілтке сай
келгеніне байланысты 2, 1, 0 ұпай деп бағаланады. Оқушылар жа-
уабы кілттегі жауаптың синонимі болса, ол дұрыс деп есептелінеді.
Бұл субтест бойынша ең жоғары баға 38 ұпайға тең болады.
3. Баланың интеллектуалдық даму деңгейі барлық тапсырмалар-
ды орындау нəтижесінде алған ұпайларының қосындысы бойын-
ша бағаланады (Мах.: 118 ұпай). Дегенмен əр субтестің басындағы
сұрақтар жеңілірек, ал реттік номері өскен сайын тапсырмалар
күрделі болып жүйеленген. Сондықтан соңғы жаттығуларға шамасы
келгені немесе барлық тапсырмаларды толық орындағаны баланың
интеллектуалдық қызметке икемделіп, анық байқалатындығын
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: