Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


6-БӨЛІМ. КƏСІБИ ПСИХОДИАГНОСТИКА



Pdf көрінісі
бет147/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   215
240
6-БӨЛІМ. КƏСІБИ ПСИХОДИАГНОСТИКА
6.1 Кəсіби іріктеу мен кəсіби бағыт-бағдар психодиагностикасы
6.2 Психодиагностиканың этикалық жəне кəсіби сұрақтары
6.1 Кəсіби іріктеу мен кəсіби бағыт-бағдар психодиагностикасы
Жұмысқа қабілеттілік темпераментпен байланысты болады. Ба-
лаларда  кездесетін  баяулықты,  сылбырлықты  оның  биологиялық 
кемшілігі  деп  қарауға  əзір  тұрамыз.  Біздің  пікірімізше,  тұйықтық, 
бұйығылық,  баяулық  оның  табиғатының  əсері  емес,  көп  жағдайда 
оқыту мен тəрбиенің нəтижесі ондағы əміршілдіктің салдары болуы 
мүмкін.  Бұл  психологиядағы  темперамент  теориясының  негізі  бо-
лып табылады. 
Б.  М.  Теплов  қабілетті  адамдар  арасындағы  жеке  даралық 
психологиялық  өзгешелік  деп  қарастырады.  Б.  М.  Теплов 
қабілеттілікке  анықтама  бере  отырып,  қабілеттіліктің  үш  белгісін 
көрсетеді,  біріншіден,  қабілеттілік  бір  адамды  екінші  адамнан 
ажыратуға  негіз  болатын  жеке  даралық  психологиялық  ерекшелік; 
екіншіден,  қабілеттілікке  барлық  жеке  даралық  ерекшеліктерді 
жатқыза  беруге  болмайды,  тек  қандай  да  бір  немесе  бірнеше  іс-
əрекетті  орындау  барысында  нəтижесі  табысқа  сəйкес  жететін 
ерекшеліктерді  қабілет  деп  атауға  болады;  үшіншіден, «қабілет» 
түсінігі  адамда  бар  білім,  ептілік  жəне  дағдымен  ғана  шектеліп 
қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім, дағды ғана бар деп 
айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағды ғана бар деп 
айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны меңгеруге 
қабілетті  деп  санайды.  Б.  М.  Теплов  қабілеттіліктің  дамуы – бір 
жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың 
күресі деп көрсетеді.
Тұлғаларды  психологиялық  типтерге  бөліп,  мінез-құлықтарына 
сипаттама  беруге  арналған  психологиялық  тесттер  қазіргі  таңда 
практик  психологтар  кеңінен  пайдаланып  жүр.  Солардың  бірі, 
Климовтың  ДДО,  Холландтың  тесті  жоғары  сынып  оқушыларына 
кеңінен  қолданылып  келеді.  ДДО  тесті  төрт  түрлі  мамандықтарға 
тəн  ерекшеліктерге  бағытталған  сұрақтардан  тұратын  сауална-
ма  болса,  сонымен  бірге,  жауап  бойынша  тұлғаның  қай  топтамаға 
жататындығын  анықтауға  мүмкіншілік  береді,  мысалы; «адам-


241
 
адам», «адам-табиғат», «таныс жүйе», «адам-техника», «көркемдік 
бейне»  деген  бағыттар  қамтылған.  Бұл  екі  тестті  практикалық 
сабақтың бірінде танысамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет