268
сізді біреу қорқытқысы келсе, онда сіздің қарсы күресіңіз агрессия-
лы түрде көрінеді. Бірақ ол сізге ұнамайды. Сол үшін де өзіңізге ар-
тынан ызаланасыз.
144-156 балл. Сіздер барлық адамдармен тез тіл табыса ала-
сыздар. Сондықтан да əрбір адамды өзіңіздей теңдес əріптес адам
ретінде көресіз. Басқа біреудің дегеніне көніп, ықпалында кететін
адам емессіз, қайшылық болып жатса, сіз сол жағдайға баға бересіз
жəне басқалардан да соны күтесіз.
157-ден жоғары. Өзіңіздің айналаңыздағылармен тез тіл табы-
сасыз, қолыңыз жетсе қиын немесе жағымсыз жағдайда өзіңізді
дұрыс ұстауға қабілеттісіз. Егер қорғансыздық сезім пайда болса,
онда сіз кетіп қалу жағын қалайсыз. Сіздің позицияңыз эмоцияңыз
арқылы көрінеді, сондықтан сізге сезімге бой алдырмай ақыл-ойды
таңдаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: