Кросс мəдениет психологиясы – психиканың даму жəне
қалыптасу заңдылықтарын əлеуметтік жəне мəдениет, экологиялық
факторлар ықпалына байланыстыра зерттейтін психология саласы.
Қарым-қатынас психологиясы – адамдар арасындағы өзара
қарым-қатынас мəселелерімен айналысатын психологиялық ғылым
саласы (іскер, дипломатиялық, ұжымдық, жанұя, қызметттік ж.т.б.)
Лабилділік – жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің бірі,
импульстардың пайда болу жəне аяқталу жылдамдықтарын сипат-
тайтын заңдылық.
Либидо – сексуалдық еліктеуден көрінетін жыныстық мінез- құлық түрлерінің бірі.
Лонгитюдное исследование – адамның өмір циклі фазаларының
жастық жəне даралық диапазондарын анықтауға мүмкіндік беретін
белгілі бір зерттелінушілерді ұзақ та жүйелі түрде зерттеу.
Медитация – белгілі бір объектіге зейінін шоғырландырып, бөгет
жасайтын барлық факторларды аластатқызу арқылы терең ойға бату.