290
объектілерді, ұғымдарды олардың мəндерін талдау арқылы класси-
фикациялау арқылы жүзеге асатын жеке
-дара сананың категориялық
құрылымының моделі.
Тесттің валидтілігі – тест нəтижелерін, жарамдылығын
бағалайтын негізгі өлшемдердің бірі.
Тест сенімділігі – тесттің өлшем құралы ретіндегі дəлді-
гінің жəне зерттеу кезінде кездесетін əр түрлі кедергілерге
тұрақтылығының көрсеткіші.
Тұлғаның өзін-өзі анықтауы – қандай да бір мəселе туындаған
жағдайда өзіндік позицияның туындауы мен қалыптасуы.
Тұлғааралық қарым-қатынас – адамдар арасындағы өзара
байланыстың субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде
бірлескен іс-əрекет пен қарым-қатынас үрдісінде адамдардың
бір-біріне əсер етуі тəсілдерімен жəне мінез-құлықтан көрініс
береді.
Фрустрация – адамның мақсатына жете аламағандығынан пайда
болатын реніші, күйзелісі, ойдың жүзеге аспауынан күйректенуі.
Шкалалау – психологияда қолданылатын өлшеуіш əдістердің
бірі, сан жүйелерінің көмегімен шынайы (реальды) процестерді мо-
дельдеу əдісі.
Эврестика – жаңалықты ашуда қолданылатын шығармашылық
қызметін күрделі инттелектуалдық есептер мен міндеттерді
шешудегі таңдамалы ізденісті ұйымдастыру тəсілі.
Эгоцентризм – индивидттің өз мүдделеріне баса назар аударуы-
нан, қандай да бір объектіге деген позициясын өзгерте алмауы.
Достарыңызбен бөлісу: