Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


М. Люшердің түстерді таңдау əдісі



Pdf көрінісі
бет79/215
Дата06.01.2022
өлшемі20,84 Mb.
#13450
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   215
М. Люшердің түстерді таңдау əдісі
М.  Люшердің  түстерді  таңдау  тесті – түсті  субъективті  түрде 
таңдауға  негізделген  проективті  əдістеме.  Түстер  адамдар  бой-
ында  физиологиялық  немесе  психологиялық  дамудың  тиімділігін 
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдай мəдениет, эстетика, тазалық 
өндірістерінде  бұрыннан  ескеріліп  келеді.  Түстерге  деген  эмоцио-
налды  қатынас  психодиагностикада  қабылдаудың  ерекшелігін 
көрсетеді.
Люшер  тесті  адамның  түсті  таңдау  барысында  оның  іс-əрекет, 
көңіл-күй,  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  айқындайды.  Лю-
шер  бойын ша  түстер  сипаты  негізгі 4 жəне  қосымша 4 түстерге 
негізделген (қазіргі таңда Люшер əдістемесінің 8, 16, 32, сонымен 
қатар, компьютерлік бағыттары белгілі).
 Негізгі түстер:
1)  Көк – тыныштықты, сабырлықты білдіреді.
2)  Жасыл – сенімділік  сезімін,  қайсарлықты,  кейде  қырсық-
тықты білдіреді.
3)  Қызғылт сары, қызыл – ерік-күш, жігерлікті, агрессивтілікті, 
қызбалықты білдіреді.
4)  Ақшыл сары – белсенділікті, қарым-қатынасқа талпынысты, 
ашықжүзділікті білдіреді.
Қосымша түстер: 
5) күлгін 6) қоңыр 7) қара 8) сұр. Бұл түстер жағымсыз түстер: 
стресс,  мазасыздық,  қорқыныш,  ренжуді  білдіреді.  Өзара  бірегей 
орналасқан жағдайда олардың позициясы бойынша реттелуі жоғары 
деңгейде болады.
Зерттеуді  жүргізіп  отырған  психолог  барлық  карточкаларды 
араластырады  да,  зерттелушінің  алдына  қояды.  Зертттелуші  ал-
дында тұрған карточкалардың ішінен ең ұнамдысын таңдап алады. 


165
 
Зерттеуші  зерттелінушінің  түстерді  таңдау  барысында  бір  затқа 
ұқсастырмауы керектігін ескерту керек. Таңдалған карточканы ауда-
рып бөлек қою қажет. Осылайша карточкаларды таңдаған соң, пси-
холог қойылған ретте карточка номерлерін жазып алады.
2-3 минуттан соң, зерттелуші əдісті қайталайды, бірақ алғашқы 
таңдауын еске түсірмеуі қажет, түстерді таңдау барысы алғашқы рет 
жасалғандай орындалуы тиіс.
Алғашқы таңдау ықылас, күй, ал екінші шынайылылықты сипат-
тайды.  Зерттеу  мақсатына  сəйкес,  тесттің  нəтижесін  келесідегідей 
талдаулар жасаймыз.
 Тестілеу нəтижесінде келесі позициялар алынады:
1 жəне 2 таңдау – (++ белгіленеді)
3 жəне 4 таңдау – (хх белгіленеді)
5 жəне 6 таңдау – (= = белгіленеді)
7 жəне 8 таңдау – (- - белгіленеді)
М.  Люшер  зерттеулердің 36000 нəтижелеріне  негізделіп, 
таңдалған  позицияларға  төмендегідей  талдау  жасады.  Алғашқы 
позиция  мақсатқа  жету  тəсілдерін  білдіреді  (мысалы:  көк  түс  іс-
əрекетті),  екіншіден,  байсалды,  тапсырманы  қиналмай  орындай-
ды.  Екінші  позиция,  зерттелушінің  бағытталған  мақсатылығын 
көрсетеді.  Үшінші  жəне  төртінші  позиция,  түсті  қабылдау  мен 
шынайы жағдайды түйсінуді көрсетеді. Немесе жағдайға байланы-
сты іс-əрекет бейнесін айқындайды. 5 жəне 6 позиция түске деген 
немқұрайлылықты  немесе  нейтралды  қатынасты  көрсетеді.  Яғни, 
зерттелуші өзінің көңіл-күйін, мотивтерін аталған түспен байланы-
стырмайды. Таңдалған түс көңіл-күй мен мұқтаждықты, мотивті те-
жеуге талпынады.
Таңдалған  түстерді  жазу  барысында  олардың  реттік  номерімен 
таңдалған позициясы ескеріледі. Мысалы: қызыл, сары, көк, сұры, 
жасыл, күлгін, қоңыр түстер таңдалды.
 + + х х == - -
 3 4 10 2 5 6 7
(++; хх;==; --) зоналары 4 функционалды топтарды құрайды.
 Таңдау барысында келесі аспектілер ескеріледі:
Алғашқы жəне 2-топтамада түстерді таңдау реті.
Негізгі жəне қосымша түстердің өзара орналасуы.
Алғашқы  жəне  соңғы  позицияда  түстердің  орналасу  реті 
ескеріледі.
 Негізгі түстердің орналасуын бағалау барысында, оларды бесінші 


166
позициядан кейін орналастыру, мұқтаждықтың қанағаттанбауынан, 
яғни мазасыздық, жағымсыз көңіл-күйдің бар екендігін көрсетеді.
 Сонымен қатар, негізгі түстердің өзара орналасуы қарастырылады. 
Мысалы: 1 мен 2 (көк пен сары) қатар тұрса, бұл «жеке» субъективті 
бағыттылықты көрсетеді. 2 мен 3 (жасыл жəне қызыл) шешімге ке-
луде  өзбеттілік  автономдылықты  көрсетеді. 3 пен 4 (қызыл  жəне 
сары) «сырттан» бағытталғанды көрсетеді. 1 мен 4 (көк пен сары) 
зерттелінушінің сыртқы ортаға тəуелділігін көрсетеді. 1 мен 3 (көк 
пен қызыл) жағымды байланысты білдіреді.
М.  Люшер  бойынша  негізгі  түстер  төмендегі  психологиялық 
мұқтаждықтарды білдіреді.
№1 (көк) – қанағаттануға деген мұқтаждық, тыныштық, тұрақты 
жағымды құштарлық.
№2 (жасыл) – өзін-өзі танытуға деген мұқтаждық.
№3 (қызыл) – жетістікке ұмтылу, іс-əрекетті белсенді орындауға 
деген мұқтаждық.
№4 (сары) – армандау, жақсылыққа сену.
Егер  негізгі  түстер  бірінші-бесінші  позицияда  орналасқан  бол-
са,  зерттелінушінің  мұқтаждығы  қанағаттандырылған  деуге  бо-
лады,  жақсы  деп  қабылданады,  егер  алтыншы-сегізінші  пози-
цияда  орналасқан  болса,  жағымсыз  жағдайлардың  салдарынан 
қанағаттандырылмаған  болып  есептеледі  немесе  мазасыздық, 
конфликттік  жағдайлар  болуы  мүмкін.  Шеттелген  негізгі  түстер 
стресс ретінде бағаланады. Мысалы: көк түс, тыныштықтың болма-
уын білдіреді.
Люшер түстерінің таңдалуы төмендегідей жағдайда талданады.
Жасыл  түсте  күрделі  іс-əрекет  жағдайында  зерттелушінің  ерік-
жігердің икемділігі байқалады.
Қызыл түс мақсатқа жетуге деген ұмтылыс сезімі мен ерік күшін 
көрсетеді.
Сары түс жетістікке деген үміт сезімін көрсетеді.
Аталған  үш  түс  алғашқы  қатарда  бірге  тұрған  жағдайда, 
іс-əрекеттің  жоғары  өнімділігімен  жұмысқа  қабілеттілікті 
көрсетеді.  Егер  екінші  қатарда  жəне  бөлек  тұрса,  нəтиже 
жағымсыз болады.
Мазасыздық  көрсеткіштері.  Егер  негізгі  түс  алтыншы  орын-
да тұрса «-» деп белгіленеді, бұдан кейін тұрған 7-8 позицияларда 
осылайша  белгіленеді.  Жағымсыз  көңіл  күй,  мазасыздық  ретінде 
қарастырылады.


167
 
Люшер  тестінде  мұндай  жағдайлар  позициялық  түс  номерімен 
белгілесе, үстіне А əрпі қойылады. Мысалы: А/1 А/6 А/0
 Компенсация көрсеткіштері. Стресс, мазасыздық жағдай, бірінші 
тұрған  таңдау  түсінің  компенсациясы  деп  қабылданады.  Мұндай 
жағдайда  бірінші  орында  тұрған  санның  үстіне  С  əрпі  қойылады. 
Егер  алдыңғы  орынға  негізгі  түстердің  бірі  қойылса,  жағымды 
құбылыс ретінде қабылданады. Əрине, стресс пен компенсацияның 
көрсеткіші көңіл күйдің жетіспеушілігін көрсетеді.
 Егер компенсация қосымша түстер арқылы жүзеге асырылса, тест 
нəтижесі жағымсыз күйдің, мотивтердің жəне қоршаған ортаға де-
ген жағымсыз қарым-қатынастың көрсеткіші ретінде талқыланады. 
Интенсивті мазасыздық көрсеткіші негізгі түстердің орналасу по-
зициясымен сипатталады. Егер негізгі түс алтыншы орында тұрса, 
мазасыздықты  қалыптастыратын  фактор  əлсіз  болып  саналады (!- 
бұл лепті белгісімен белгіленеді); егер негізгі түс 7 позицияда тұрса, 
оған !!! үш леп белгісі қойылады. Сонымен қатар, стресс, мазасыздық 
бастамасын сипаттайтын 6-ға дейін белгі қойылуы мүмкін.
 
 
 
 !     !!      !!!
  
 
 
А/2 А/1 А/4
 Жағымсыз компенсация жағдайы да осылай бағаланады. Компен-
сация негізгі түстер мен күлгін түспен белгіленеді жəне оған белгі 
қойылмайды. Егер қоңыр, қара түстер, сұр түстер үшінші позиция-
да тұрса, 1 лепті белгісі қойылады, екінші позицияда болса, 2 лепті 
белгісі қойылады. Бірінші позицияда болса, 3 леп белгісі қойылады. 
Осылайша, алты белгі болуы мүмкін.
 
 
 
 !!! !! !
  
 
 
С С С
  
 
 
 + + +
  
 
 
 6 0 7
Егер «!» белгісі көп болса, болжам жағымсыз болып есептелінеді.
Жинақталған  нəтижелерді  ескере  отырып,  психикалық  күйді 
реттеу  жəне  өзіндік  реттеуде  жүргізілетін  аутогенді  жаттығулар, 
іс-шаралар  ұйымдастырылады.  Қайта  жүргізілген  тесттен 
кейінгі  мазасыздықтың  төмендегендігін  көруге  болады.  Тестілеу 
нəтижелерін  талдау  барысында  соңғы  сегізінші  позициядағы  түсті 
бағалауға мəн берген жөн. Бірінші жəне сегізінші позицияның өзара 
қатынасына көңіл аудару керек.
Люшер  тестінің  нəтижелерін  талдау  барысында  алынған 
психодиагностикалық  мəліметті  анықтау,  бақылау,  құжаттарды 


168
зерттеу  нəтижелерімен  сəйкестендіру  керек.  Осындай  жан-жақты 
тұлғалық зерттеу, жеке адамның психологиялық ерекшеліктері тура-
лы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет