275
ХІІ. СУ ЖƏНЕ МИНЕРАЛДЫҚ АЛМАСУ
Биологиялық сұйықтықтар. Қан, зəр, лимфа, ішек-қарын сөл-
дері, жасуша жəне жасушааралық сұйықтықтар ағзаның ішкі ор-
тасын құрайды. Бұлардың барлығына ортақ қасиет - олардың фи-
зикалық жəне химиялық қасиеттері мен құрамдарының тұрақты
болуы. Бұл гомеостаз, яғни көрсеткіштердің тұрақтылығы деп
ата лады. Міне, осы гомеостаздың тұрақтылығына жасушалардың,
мүшелердің жəне бүкіл ағзаның қызмет істеуі тəуелді болады.
Жоғарыда көрсетілген биологиялық сұйықтықтарда Са, Р, Na,
K, Cl, Mg сияқты макроэлементтердің жəне Fe, Co, Mn, Zn сияқты
микроэлементтердің иондары болады.
Ағзаға бұл заттар, əртүрлі мөлшерде, ферменттердің жұмыс
істеуіне қажет кофакторлар есебінде, рН, осмостық қысым,
бұлшық еттердің жұмысы, қанның түзілуі, гормондар, нервтік
импульстерді жеткізу т.б. жұмыстар үшін қажет (42-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: