Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет114/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   153
Сфинголипидтер
Фосфолипидтермен бірге сфинголипид-
тер де жасуша мембранасының барлық түрінен табылған. Сфин-
голипидтердің фосфолипидтерден айырмасы – олардың құра-
мында глицерин болмайды. Сфинголипидтердің төрт тобы бар: 
1) фосфосфинголипидтер; 2) цереброзидтер; 3) ганглиозидтер; 4) 
сульфолипидтер. Соңғы үшеуінің құрамында қант бар, олар гли-
колипидтер деп аталады. Барлық сфинголипидтердің негізінде 
сфингозин болады. Сфингозин қанықпаған аминоспирт. 
Оның көміртегі тізбегі ұзын.
СН
3
– (СН
2
)
12
– СН = CH – CH – CH – CH
2
OH 
| |
OH NH
2
10.2. Майлардың физикалық қасиеттері
Майлардың физикалық жəне химиялық қасиеттері құрамын-
дағы қышқылдарына байланысты. Мал майы 40-60% қаныққан 
май қышқылдарынан (негізінен, миристин, пальмитин жəне стеа-
рин қышқылдары), 30-35% моноқанықпаған май қышқылдарынан 
тұрады. Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. 
Сондықтан мал майы үй температурасында қатып қалады. Жылқы 
майы мен қаз майында полиқанықпаған май қышқылдары көп. 
Сондықтан да олардың майы қатпайды.
Өсімдік майында қаныққан май қышқылдары аз (10-20%), 


244
қанықпаған қышқылдар көп (80-90%). Қанықпаған қышқыл-
дардың құрамы өсімдік түріне байланысты. Зəйтүн майының 
79%-ы олеин қышқылынан; күнбағыс майының 75%-ы ли-
нол қыш 
қылынан тұрады. Өсімдік майлары сұйық күйінде
болады.
Триглицеридтердің иісі жоқ, бірақ төменгі молекулалы май 
қышқылдары (май қышқылы мен капрон қышқылы) бар тригли-
церидтер дəмі жағымды келеді. Бұл жағдай сүт майының жəне 
сары майдың өздеріне тəн жағымды дəміне байланысты. Жоғары 
молекулалы май қышқылдарында иіс жоқ. Ал өзінің құрамындағы 
С атом тізбегінің қысқаруына байланысты жағымсыз иіс пай-
да бола бастайды, ондай иіс тізбегінің ұзындығы С
4

6
болатын 
қышқылдарға тəн. 
Майлардың қасиетін сипаттау үшін бірнеше константалар не-
месе майлар саны қолданылады: қышқылдық саны, сабындану 
саны жəне йод саны.
Қышқылдық саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет