Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Күрделі заттардың арнайы жолдармен ыдырап



Pdf көрінісі
бет104/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   224
Байланысты:
биохимия

6.2. Күрделі заттардың арнайы жолдармен ыдырап
универсалды аралық өнімдерге айналуы
Бұл - күрделі заттар ыдырауының бастапқы, дайындық саты-
сы болып есептелінеді. Себебі бұл сатыда тағам құрамындағы 
ірі молекулалар ыдырап, негізгі құрылымдық белоктарға айна-
лады. Мысалы, көмірсулар гексоза немесе пентозаға, липид-
тер май қышқылдарына жəне глицеринге, ал белоктар 20 амин 
қышқылдарына дейін ыдырайды (20-сурет).
Энергия алмасудың 1-ші дайындық сатысында барлық негізгі 
қоректік заттар ортақ аралық өнімдерге дейін ыдырайды, оларды 
жеке-жеке схема түрінде қарастырамыз.


153
а) Көмірсулардың пируватқа дейін тотығуы рет-ретімен жү-
ретін көптеген ферментативті реакциялардан тұрады (21-сурет).
20-сурет. Катаболизмнің жəне анаболизмнің 1-ші сатысы.
Сызықтар катаболикалық жəне анаболикалық жолдарды көрсетеді
21-сурет. Көмірсулардың пируватқа дейін арнайы тотығу жолдары
б) Липидтер липаза арқылы глицерин мен бос май қыш қыл-
дарына ыдырайды. Глицерин энергия көзі ретінде жұмсала алады. 


154
Глицерин глицеролкиназа ферментінің əсерінен глицерофосфатқа 
айналады. Глицерофосфат НАД
+
 тəуелді дегидрогеназа арқылы 
тотығып, глицеральдегидфосфатқа айналады. Глицеральдегид-
фосфат цитоплазмада гликолиз процесіне еніп, əрі қарай тотығып
пирожүзім қышқылын береді.
в) Белоктар пептидгидролазалардың əсерінен ыдырағанда, 
түзілген реакция өнімдерінің құрамында барлық 20 амин қыш-
қылдары кездеседі. Осы 20 амин қышқылдары 20 түрлі жол-
мен, көптеген ферментативті реакциялар нəтижесінде тотығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет