Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет175/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   224
Байланысты:
биохимия

11.1. Гормондардың жіктелуі
Химиялық табиғатына қарай гормондар төрт топқа бөлінеді:
1. Белоктік немесе пептидтік гормондар (инсулин, гипофиз, 
гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары);
2. Тироксин, адреналин, норадреналин, т.с.с амин қыш қыл-
дарының туындысы болып келетін гормондар;
3. Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, бүйрек безі гор-
моны, т.б.; 
4. Жергілікті əсер ететін гормондар (гормон тəрізді заттар): 
по лиқанықпаған май қышқылдарының туындысы – простаглан-
диндер.
Гормондардың түзілетін орындарына байланысты жіктелуі 
өте кең таралып кеткен жіктелу болғандықтан, оның жеке 


268
өкілдерінің зат алмасудағы қызметіне сол тұрғыдан тоқтап 
өтеміз.
Қалқанша безінің гормондары. Қалқанша безінің атауы гректің 
«тиреос» - қалқан, «идос» - ұқсас деген сөзінен шыққан.
Сүтқоректі жануарлардың қалқанша безі мойынның ортасына 
таман, көмейдің алдыңғы қабырғасын құрайтын үлкен қалқанша 
тəрізді шеміршектің үстінде жатады, аты да содан пайда болған. 
Микроскоппен қарағанда қалқанша бездің эпителий тінінен 
түзілген толып жатқан кішкене көпіршіктерден құралғандығы 
көрінеді. Бұл көпіршіктер капиллярмен шырматылған. Қалқанша 
безі – ішкі секреция бездерінің өте маңыздыларының бірі, тір-
шілікке өте қажетті без. Зат алмасуына тигізетін əсері ұшан теңіз. 
Ағзадағы айналып отыратын барлық қан тəулік бойы бірнеше рет 
қалқанша безі арқылы өтеді де, оның бөліп шығарған секретін 
барлық ұлпаларға жəне ағзаларға жеткізеді.
Қалқанша без гормонының ең қасиетті бөлігі йод болады. 
Сондықтан ағзаға йод жеткіліксіз болса, қалқанша бездің көлемі 
ұлғаяды да, без иек астында құстың жемсауына ұқсап шор болып 
тұрады. Қалқанша бездің үлкеюіне байланысты бұл кесапатты 
халық арасында жемсау (зоб) деп атап кеткен. Эндемиялық ауру 
деудің себебі сол, ол үнемі белгілі бір жерлерде кездеседі.
Бұл жағдай біріншіден, біздің айналамыздағы ортада йод аз 
болғандықтан, ол қоректік заттармен бірге ағзаға аз мөлшерде 
қабылданады. Екіншіден, ағза йодты артық мөлшерде жұмсайды 
(гиперфункция). Үшіншіден, ағзада бар йодты қалқанша безі 
белгілі бір жағдайда толық пайдалана алмауы мүмкін (гипофунк-
ция). Осы аталғандардың бəрінде де қалқанша безінің гормон түзу 
мөлшері бұзылып, жемсау ауруы пайда болады. И. П. Павловтың 
ағза мен оны қоршаған орта тұтастығы туралы ілімі эндемиялық 
жемсаудың таралу себептерін дұрыс түсінуге жол ашты.
Қалқанша бездің негізгі, əсіресе, активті гормоны тироксин 
мен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеру 
нəтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі. Тиреоглобулин 
гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туындылары жəне басқа 
да амин қышқылдары босайды. 
Ұйқы безінің (панкреатиттік без) гормондары. 1869 ж. Лан-
герганс ұйқы безінде ерекше аралшалар барын ашты, кейіннен 
ол аралшалар автордың есімімен аталады. Аралшаларда a жəне b 


269
жасушалар типі бар. Олар бір-бірне қарама-қарсы екі түрлі гор-
мон – инсулин жəне глюкагон бөліп шығарады.
Канадалық ғалымдар Бантинг пен Бест 1921 ж. жаңа туған 
бұзаудың ұйқы безінен инсулин (латынша «insula» - арал) гормо-
нын алып, қант диабетін емдеуде жаңа дəуір ашты.
Бізде инсулин 1922 ж. Г. Л Эйгорнның басшылығымен алын-
ды. Ағылшын ғалымы Сэнджер 1955 ж. инсулиннің химиялық 
құрылысын анықтады.
Инсулин – белоктік гормон, оның молекулалық салмағы 
6000. Адам жəне жануарлар инсулинінің молекуласы 51 амин 
қыш қылының қалдығынан құралған, 5 полипептидтік тізбектен 
тұрады. Құрамында цистиннің екі қалдығынан тұратын дисуль-
фидтік көпіршелері бар инсулин молекуласының нобайы төменде 
берілген:
Ұйқы безінің екі гормоны бар: инсулин мен глюкагон. Бұлар 
құбылыстардың барлығында ерекше қызмет атқарады. Инсулин 
қант деңгейін төмендетеді, ал глюкагон оған қарама-қарсы əсер 
етіп, қант деңгейін көтереді. Ағзада инсулин жоқ болса жəне 
жетіспесе, қан құрамындағы глюкоза мөлшері көбейеді (гипер-
гликемия) жəне көп мөлшерде зəрмен бірге бөлініп шығады (глю-
козурия). Глюкозамен бірге ағзадан су көп бөлінеді жəне сырқат 
адам сусамырлыққа, ашқарақтыққа ұшырайды. Глюкозаны 
жоғалту салдарынан қордағы зат – гликоген көп шығын болады. 
Майлар мен белоктар ыдырап бөлінеді. Бұл дертті қант диабеті деп 
атайды. Глюкозаны ағзаның жасушалары пайдалану нəтижесінде 
оның қандағы деңгейлі мөлшері қалыптан төмендесе, бауырдағы 
гликоген глюкозаға айналып қанға түседі, ұлпалардың тұрақты 
қоректенуі қамтамасыз етіледі. 
(


270
Гипофиз (ми қабаты гормондары). Гипофиз (ми қосалқысы) 
- омыртқалы жануарлардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі. 
Мидың астында орналасқан. Гипофиз - алдыңғы (аденогипофиз), 
ортаңғы (нақ аралық) жəне артқы (нейрогипофиз) үш бөліктен 
құралады. Алдыңғы жəне ортаңғы бөліктерін аденогипофиз 
деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гистологиялық 
құрылысы күрделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без жа-
сушаларынан, ортаңғы бөлімі – базафильді жасушалардан, артқы 
бөлімі питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады. Жал-
пы алғанда, гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған 
жəне қызметі əлі күнге дейін айқындалған жоқ деуге де бола-
ды. Олардың əр бөлігі ерекше гормондар өндіреді. Молекула-
лары пептидтік құрылыспен сипатталады. Пептидтік гормондар 
белоктік қосылыстар болып саналады: олардың молекулалары 
ашық та, тұйық та (циклді) бола алатын пептид тізбекшелерінен 
құралады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары: сомато-
тропин, тиреотропин, адренокортикотропин жəне үш түрлі гона-
дотропиндер.
Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары. Гипофиздің артқы 
бөлігінің гормондары: окситоцин жəне вазопрессин.
Вазопрессин ағзада су-тұз алмасуын реттейді. Вазопрессин 
түзілу процесі бұзылған кезде адамда зəр көп бөлінеді, оның 
мөлшері тіпті тəулігіне 20 л шамасына дейін жетеді. Мұндай 
сырқатқа ұшырағандар суды көп ішеді, сусамыр болады.
Вазопрессин қан тамырлары саңылауларын тарылтады жəне 
қан қысымын көбейтеді.
Окситоцин химиялық табиғаты жағынан вазопрессинге ұқ-
сайды. Окситоцин жылтыр бұлшық еттерді қатты жиырылтып, 
қысқартады. 
Тууы қиындап, ұзап кеткен кезде окситацин қолданылады.
Жыныс бездерінің гормондары. Жыныс жасушалары (аталық 
жасуша – сперматозоидтар, аналық жасуша – жұмыртқа жасуша-
сы) жыныс бездерінде түзіледі. Аталық жыныс бездері – аталық 
бездер. Онда сперматозоидтар түзіледі. Сонымен қатар, аталық 
бездер ішкі секреция безінің қызметін де атқарады, яғни жыныс 
гормондарын жасап шығарады.


271
Тестестерон мен андростерон – еркек ағзаның нағыз жы-
ныс гормондары. Бұлар ұрық безінің жасушаларында, ал шағын 
мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында жəне аналық безінде 
түзіліп шығады. Бұл екеуінің мейлінше активтісі тестестерон, ал 
андростеронның активтігі одан 10 есе кем.
Андроген (
andros – еркек деген гректің сөзінен шыққан) 
еркектердің жыныс гормоны. Химиялық табиғаты бойынша 
стероидтық гормондар тобына жатады жəне холестеролдан 
түзіледі. Андрогендердің туындыларына андростерон, дегидро-
андростерон жəне тестостеронның жасанды түрі – метилтесте-
стерон жатады. Осы гормондардың тигізетін əсерінен еркектің 
ағзасына тəн бірқатар белгілер – қосалқы жыныстық белгілер 
(сақал-мұртының болуы, мықты қаңқа мен жақсы жетілген 
бұлшық еттің, жуан дауыстың болуы) қалыптасады. Себебі ан-
дрогендер белоктар синтезіне, əсіресе, бұлшық ет ұлпаларындағы 
белок түзілуіне дем береді, жас жануарлардың сүйек қаңқасының 
өсуін дамытады.
Аналық жыныс бездері – эстроген атты гормон бөледі. Эстро-
гендердің туындылары: эстрон жəне эстриол. Бұл гормондар 
қосымша бөліктерінің жетілуіне себеп болады (дауыс жіңішке 
болуы, сүйек жіңішке болуы т.б.). Прогестрон – төртінші жыныс 
гормоны.
Бүйрек үсті безі қабығының гормондары. Бүйрек үсті безінің 
қабығында үш түрлі гормон жасалып шығады: кортикостерон, 
кортизол жəне альдостерон. Үшеуі де кортикостероидтар деп 
аталады. Бұл гормондардың түзілуіне гипофиздің адренокортико-
тропин гормоны əсер етеді.
Кортикостерон мен кортизол глицерин жəне амин қышқыл-
дары сияқты көмірсу емес заттардан глюкоза түзуге қатысады. 
Олар осылайша қан құрамындағы глюкоза мөлшерін тұрақты да 
қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Көмірсу емес заттардан 
глюкозаның түзілу процесін глюконеогенез деп атайды.
Альдостерон электролиттердің жəне судың алмасуын рет-
тейді. Ол жетіспегенде қан құрамынан су көп бөліне бастайды да, 
қан қоюланады. Бүйрек үсті безі зақымданғанда адамда аддисон 
дерті пайда болады, денесі сарғайып, əлсіздікке ұшырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет