127
Матрицалық РНҚ молекуласы тиісті гені бар ДНҚ-ның бел-
гілі аймағында синтезделеді де, сол аймақтың көшірмесін дəл
түсіріп алады. Осыдан кейін мРНҚ ядродан цитоплазмаға шығады
да, рибосомалармен қосылады, белок синтезі осылай басталады,
жануарлар жасушасында мРНҚ тіршілігі бірнеше сағатқа, тіпті
бірнеше күнге созылуы мүмкін. Осы мезгіл аралығында белоктің
жүздеген көп молекулалары синтезделеді. Жасуша құрамындағы
мРНҚ мөлшері шамалы ғана, бірақ ол ерекше əсерлі келеді,
мРНҚ алуан текті, ол жағдай жасуша синтездейтін белоктардың
түрлілігіне байланысты, өйткені əр мРНҚ белоктың бір түрін ғана
синтездеуге жауапты. Пре-мРНҚ гетерогенді ядролық мРНҚ деп
те аталады, ол аса үлкен алып молекула болып табылады.
Ақпараттық немесе матрицалық РНҚ (мРНҚ) молекулалық
массалары кең ауқымда өзгереді (300000-нан 4·10
6-
ге дейін).
Алғашқыда бастапқы жоғары молекулалар түрінде жасуша ядро-
сында немесе басқа субжасушалық бөлшектердің ДНҚ-да пайда
болып, мРНҚ (рибонуклеопротеиндер түрінде) рибосомаларға
қарай жылжиды, соңғылардың құрамында олар полипептидтік
тізбектерді жинау процесінде матрица функциясын орындайды.
4. Вирустық РНҚ негізінен бірнеше миллион дальтон шегіндегі
əртүрлі жəне жоғары молекулалық массаларымен ерекшеленеді.
Олар вирустық жəне фагалық рибонуклеопротеидтердің құрамдас
бөліктері болып табылады, қожайын жасушаларында вирустың
көбеюі үшін қажетті барлық ақпаратты береді. Қазіргі əдебиетте
РНҚ-ның тағы да бірнеше түрлерін - ядролық, хромосомдық,
митохондриялық түрлерін өзінше бөлек санаттарға бөліп шығару
қажеттілігі туралы мəселе қаралуда.
5. Жасуша ядросында ядролық РНҚ табылған. Ядролық РНҚ-
лар ішінде маңыздысы – кіші ядролық РНҚ (к.я.РНҚ). РНҚ-ның
бұл түрі мРНҚ-лардың пісіп жетілуін (процессинг) реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: