Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет156/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   224
Байланысты:
биохимия

         
Қарапайым липидтер немесе майлар екі топқа бөлінеді: ба-
лауыз жəне стеролдар мен стеридтер.
Балауыз дегеніміз - əдеттегі температурада қатты, май тəрізді 
зат. Бұл май қышқылдары мен үлкен молекулалы бір атомды 
спирттердің күрделі эфирлері. Балауыз өсімдіктердің жапыра-
ғын, сабағы мен жемістерін жұқа қабатпен жауып тұрады жəне 
қорғаныш қызметін атқарады. Балауыз су құстарына, жануарлар-
ға қажет, ол құстардың қауырсынына, жануарлардың терісіне су 
жұқпайтын қасиетті береді. Балауыз түрлері: ара балауызы, лано-
лин, спермацет, карнаубы балауызы, монтанн балауызы т.б.
Стеридтер немесе бейтарап липидтер табиғатта көп таралған. 
Стеридтер жоғары май қышқылдар мен полициклдік спирттердің 
(стеролдар) күрделі эфирлері.
Стеридтер табиғатта кең тараған органикалық қосылыстар, 
олардың құрылысының негізі циклді көмірсутек – циклопентан-
пергидрофенантрен немесе стерин болып табылады. 
Стеридтерге биологиялық маңызы зор бірнеше қосылыстар 
жатады:
- стероидтар немесе стериндер;


239
- Д тобының витаминдері;
- жыныс гормондары;
- бүйрек үсті бездерінің гормондары;
- өсімдік сапониндері мен алколоидтар;
- өт қышқылдары;
- кейбір улы заттар;
Стеридтердің құрамында Х = - OH, - OR

жəне басқа да 
органикалық заттар кездеседі. Стеридтерге холестерин, жүрек 
гликозидтері, гормондар т.б. заттар жатады. Холестерин – бір 
атомды, қанықпаған циклді спирт, құрамында 27 көміртегі атомы 
бар. Адам ағзасында холестериннің 1/3 бөлімі бос күйінде болса, 
2/3 эфир күйінде кездеседі. 
Мал ағзасында холестерол жəне стеридтер (холестеридтер) 
таралған, сол сияқты 7-дегидрохолестерол кездеседі. Стерид-
тер құрамына көбінесе стеарин, пальмитин немесе олеин қыш-
қылдары кіреді. 
Холестерол - мал жəне адамдағы барлық стероидты гормон-
дардың алғы заты. Бұдан өт қышқылдары түзіледі, ондай қыш-
қылдар майлардың қорытылуына жəне ағзаға сіңуіне қа 
тыса-
ды. Холестеролдың əлсіз амфипатиялық қасиеттері бар жəне ол 
жануарлар жасушасы мембранасының негізгі бөлігі. Мысалы, 
сүтқоректі жануарлар эритроциттеріндегі барлық ли 
пидтердің 
40-60%-ы холестерол. Жүйке ұлпаларында, өт тастарында холе-
стерол көп.  
1. Жасуша биомембранасының аққыштығын, тұтқырлығын 
қам тамасыз ететін маңызды бір құрамды бөлігі.
2. Көптеген гормондар, өт қышқылдары, Д витаминін құрау-
шы витамин топтары осы холестериннен синтезделеді.
3. Атеросклероз жəне осы науқаспен тығыз байланысты ин-
фаркт, инсульт сияқты жүрек аурулары да холестериннің адам 
ағзасындағы айналымымен, оның өзгеруімен тығыз байланысты. 
Холестериннің ағзаға түсуі екі жолмен жүреді. 
1. Экзогенді холестерин – тағаммен түседі (ет, икра, май, 
жұмыртқаның сары уызы). 
2. Эндогенді холестерин – бауырда, аздаған мөлшерде теріде, 
ішекте синтезделеді. 


240
Ағзада барлығы 150 г жуық холестерин болса, оның 10%-ы 
қанда, 90%-ы мембранада болады. 
Адам қанында холестериннің мөлшері 130–250 мг % ара-
лығында болады, ол адамның жасына байланысты.
Холестеролдың күрделі эфирлері холестеридтер деп аталады. 
Стеридтер липоидты қосылыстардың маңызды тобын құрайды. 
Стеридтердің фосфатидтерден айырмашылығы - олар май 
қышқылдары мен стериндердің күрделі эфирлері. 
Стериндер – циклді спирттер циклопентанпергидро 
фенант-
реннің туындысы. 
 Стериндер жануарлар мен өсімдіктер əлемінде кеңінен 


241
таралған. Стериндер бос түрде жəне май қышқылының күрделі 
эфирі түрінде кездеседі. Сиыр майы, шошқа майындағы жəне 
адам эритроциттерінің құрамындағы стериндер бос күйінде 
кездеседі.
  Күрделі липидтер. Күрделі липидтер фосфолипидтер, глико-
липидтер болып бөлінеді, олар көп компонентті молекулалардан 
тұрады. Бұл компоненттер бір-бірімен түрлі химиялық типтегі 
байланыстармен қосылысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет