29
рН белгілі мəнінде амин қышқылы молекуласының электрлік за-
ряды нөлге тең жəне ол анодқа не катодка жылжымайды. рН-тың
мұндай мəні изоэлектрлік нүкте деген ат алды.
Белоктың амин қышқылды құрамы XX гасырдың 30-шы жыл-
дарында ғана анықталды.
1871 жылы Н. Н. Любавин (орыс оқымыстысы) өзінің зерт-
теулерінде ас қорыту сөлі ферментінің əсерінен белоктардың
амин қышқылына дейін ыдырайтынын анықтады. Осы жасалған
тəжірибелер белок құрамын анықтауда басты рөл атқарды. Осы-
дан кейін А. Данилевский мен Э. Фишер амин қышқылдарының
бір-бірімен пептидті байланысып, тізбектесіп тұратынын айтты.
Осы зерттеулерден маңызды екі тұжырым жасалған: бірін-
шіден - белок құрамына амин қышқылдары кіреді, ал екіншіден –
гидролиз əдісімен белоктардың химиялық жəне амин қышқылды
құрамын зерттеуге болады.
Таза белокты гидролиздегенде, оның ешқандай қоспасы бол-
маса, 20 түрлі
α-амин қышқылдары бөлініп шығады. Көптеген
өсімдіктер, микроағзалар, жануарлар ұлпасындағы амин қыш-
қылдары табиғатта еркін түрде жəне қысқа пептид түрінде неме-
се басқа органикалық заттармен қосылыс түрінде кездеседі.
2.5. Пептидтер
Амин қышқылдарының маңызды қасиеті олардың бір-бірі мен
əрекеттесіп пептидті байланыс түзуі.
O R
2
Достарыңызбен бөлісу: