Үшінші құпия. Тұтқындарды алмау. Гейтс – өте қатал бәсекелес. Үнемі тек жеңіске жетуді
мақсат етеді. Оған дәлел, мысалы, келіссөздер жүргізу кезінде өте мейірімсіз болады екен.
Бәсекелес компанияда жұмыс істеген адамдарды жұмысқа алмайды.
4
Төртінші құпия. Жұмысқа тек ақылдыларды алу. Бастапқы кезден-ақ Гейтс компания
ең ақылдыларды, дарындыларды қызықтыру керек деген болатын. Бұл сөз кей топтарға
ұнамады, алайда қолдаған топтар да болды. Мысалы, колледжді бітірген дарынды
студенттер өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алатын.
5