Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет249/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   438
Байланысты:
Қазақ тілі В1 (оқулық)

IX
 БӨ
ЛІМ
8. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Біле жүріңіз
9. Сұраққа жауап беріңіз. Топта талқылаңыздар.
1. Қазақстандық сәнгерлерді қазақстандықтар біледі деп ойлайсыз ба?
2. Жоғарыда аталған сәнгерлердің қайсысы сізге, халыққа , 
достарыңызға көбірек танымал?
3. Қазақстандық сәнгерлердің дүкендеріне барып көрдіңіз бе?
4. Киімдеріне тапсырыс беріп көрдіңіз бе?
5. Отандық сәнгерлердің тауарлары қымбат па?
Ая Бапани
Сәкен Жақсыбай
Салтанат Баймұхамедова
Сабыркүл Асанова
Аида Кауменова
Құралай Нұрқаділова
Камила Курбани
Қазақстандық 
сәнгерлерді                         
танисыз ба?
Салтанат Баймұхамедова
Бренд «Salta»
Ая Бапани
Бренд «Aya Bapani»
Аида Кауменова
Бренд «Aida KaumeNOVA»
Құралай Нұрқаділова
«Kuralai» сән үйі
Камила Курбани
Бренд «Kamila Kurbani» 
Сәкен Жақсыбай
Бренд «ZhSaken»
Сабыркүл Асанова
«Сымбат» сән академиясы


188
IX
 БӨ
ЛІМ
ОҚыЛыМ
Қазақстандық  «мода» жайлы не білеміз?
Кейбір  деректер  бойынша,  қазақ  басылымдары  «сән»,  «мода»  және  «подиум»  деген  сөздерді 
1913 жылдардың өзінде пайдалана бастаған. Қазіргі кезде «сән әлемі» ресми түрде 1947 жылы 
келген дейді. Ал, жалпы, ата-бабаларымыздың ежелден келістіре киген қазақы өрнегі бар сәнді 
киімдері  мен  әшекей  бұйымдарының  өзі  нағыз  «сәндіктің»  өзі  емес  пе?!  Отандық  сән  әлемінің 
дүниеге келуіне «Сымбат» сән академиясы себепші болған деген мәлімет бар. Тұңғыш рет 1972 
жылы қазақстандық сән өнерін шетелге таныстырған компанияның «Сымбат» деп аталған тұңғыш 
журналы 1958 жылы, ал тұңғыш мода театры 1987 жылы ашылған екен. Қазақстан 1972 жылы  
Болгарияда,  1974  жылы  лейпцигте,  1975  жылы  Италияда  өткен  халықаралық  фестивальдарға 
да қатысқан. 1988 жылы Чехословакияның Брносында ұйымдастырылған жарыста бас жүлдені 
иемденген.
Осылайша fashion – индустрия Қазақстанға да жеткен. Қазірде елімізді әлемге танытып жүрген 
атақты дизайнерлеріміз де жетерлік.
Құралай  Заманбекқызы  Нұрқаділова  –  қазақстандық  дизайнер,  суретші,  стилист,  «Құралай» 
сән  үйінің  басшысы.  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Сән  Палатасының  атқарушы  директоры. 
Kazakhstan Fashion Week және Мәскеу мен Екатеринбург қалаларында өтетін сән апталығының 
тұрақты қатысушысы.
Аида Кауменова – әдемі, сәнді, көркем preta-porter de lux коллекциясын шығарушы, табысты әрі 
жас дизайнер. Аида 5 жылдан бері өзінің жеке маркасында «Aida KaumeNOVA» сән үйін құрған, осы 
брендтті киімдер шығаруда. Бұл бренд тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа да 
шетелдерден өз орнын табуда. 
Бүгінгі күні «Aya Bapani» брендімен танымал Ая қазақстандық сән әлеміне өзгеріс алып келген 
дизайнерлердің бірі. Қазақ тарихынан, этнографиясы мен өнерінен шабыт алатын Ая: «Киізден 
жасалып,  қазақтың  ұлттық  ою-өрнектерімен  сәнделген  коллекциямдағы  әрбір  туындым  оның 
иегеріне қазақи рух беріп, кең-байтақ қазақ даласының күшін сезіндіреді».
Отандық сән индустриясының жарқын өкілі Салтанат Баймұхамедова сән әлеміне сонау 2000 
жылдары келген болатын. Басында «F.. you» киім желісімен жастарға арналған киімдер тігіп жүрген 
Салтанаттың 2008 жылдың наурыз айында Trend & Tendance агенттігінің қолдауымен Парижде 
алғашқы сән көрсетілімі өтеді. Содан бастап ол Salta™ деген брендпен шыға бастайды. Бүгінгі күні 
Salta сапалы, әрі қолжетімді бағадағы pret-a-porter әйелдер киімін шығарумен айналысады.
Сән  өнеркәсібінде  жүргеніне  10  жылға  жуық    уақыт    болғанымен,  Камила  Курбанидің 
қазақстандық  сән  сахнасына  келгеніне  небәрі  2  жылдай  болған.  Осы  уақыттың  ішінде  ол  сән 
әлеміне өзгелерге ұқсамайтын ерекше стилін ұсынған. Екпінді гламурға емес, керісінше unisex пен 
casual  стиліндегі  еркіндікке  түсіретін  Камиланың  тұтынушылары  еркін  ойлайтын,  өзгеден  аса 
ерекшеленбейтін, бірақ өзінің ерекше қайталанбас стилімен көзге түсетін кәдімгі қала тұрғындары.
2011 жылдан бері отандық сән әлеміне қадам басқан ZhSaken брендінің негізін қалаушы Сәкен 
Жақсыбайды  бүгінгі  күні  танымайтын  қазақстандық  сәнқой  жоқ  шығар.  Шетелге  жиі  шығып 
тұратын Сәкен әр елден алған әсерін өз топтамаларында жеткізуге тырысады. Ол киімдерін тігуде 
барқыт,  жібек,  шілтер  және  шифон  маталарын  қолданады.  Оның  барлық  киімдері  сапалы  әрі 
бағасы қолжетімді.


189


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет