3. Қайта тыңдаңыз. Ақпаратты анықтаңыз. дұрыс қате Қызметкер Шартты жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға
құқылы.
Жұмыс берушіден осы Шарт шарттарының орындалуын талап етуге
құқысы бар.
Жұмыстарды орындауға қажет болатын толық және анық ақпаратты
алуға құқылы.
Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын №1 қосымшаға сәйкес
еңбекақы алуға құқылы.
Жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,
өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға міндетті.
Жұмыстарды орындау үшін оған берілген Жұмыс берушінің мүлкіне
ұқыпты қарауға міндетті.
Жұмыс берушінің коммерциялық және қызметтік құпиялары болып
табылатын мәліметтерді жарияламауға міндетті.