– Рақмет.
№11 Аудиофайл Сұхбатты тыңдаңыз. Әр сөйлемді кім айтқанын жазыңыз. – Сәлеметсіздер ме! Сізден бастасақ жөн болар. Өз демалысыңызды жоспарлайсыз ба?
– Менің атым – Сәния. Студентпін. 4-курста оқимын. Менің демалысым емтихандарды тапсыруыма
байланысты.
– Есімім – Жанболат. Банк қызметкерімін. Иә, демалысты асыға күтемін. Алдын ала ойланамын.
Балаларым бар, сондықтан оларға не ұнайтыны туралы әйеліммен ақылдасамын.
– Менің атым – Рабиға. Сұлулық салонының меңгерушісімін. Міндетті түрде. Әр демалысымның естен
кетпестей болғанын қалаймын.
– Егер алыс мемлекетке саяхатқа шықсаңыз, кіммен барар едіңіз?
– Мен әкеммен барар едім. Себебі менің әкем көп саяхаттаған. Әрі онымен саяхаттау өте қызық.
– Жалғыз барар едім. Ешкіммен ақылдаспайсың, не істегің келсе, соны істейсің.
– Мен құрбыммен барар едім. Ол ағылшын тілін жақсы біледі.