Сұхбатты тыңдаңыз. Сұхбат берушілер туралы ақпаратты толтырыңыз. – Бауырым, таныс болайық. Менің атым – Мұрат.
– Есімім – Нұрлан. Алматыда тұрамын. Өзіңіз ше? Қай жақтансыз?
– Мен де. Шымкенттен, іссапардан келе жатырмын. “Әсем-ай” фирмасының тарату бөлімінде менеджер
болып жұмыс істеймін. Төрт жарым жыл болды, міне. Өзің не істейсің?
– О-о, үлкен кәсіпорын ғой ол. Мен шағын фирмада есептеу бөлімінің маманымын. Жұмыс өтілім көп
емес, екі-үш жыл болды. Жалғыз келесіз бе?
– Иә, жалғыз келемін. Әйелім – жұмысбасты адам. Балабақшада, күндіз-түні балалармен бірге.
– А-а, ал мен жалғызбастымын. Бала-шаға дегенді енді ойлап жүрмін. Жұмыс реті енді болғандай.
– Е-е, дұрыс екен. Үйлі-күйлі болғаның дұрыс. Жұмысың ұнай ма өзіңе?
– Жұмысым ұнайды. Бір кемшілігі компьютерде ұзақ отыруға тура келеді. Өзіңіз ше?
– Аздап шаршап жүрмін. Жұмысымды ауыстырғым келеді. Демалыссыз жұмыс істеуге тура келеді кейде.
– Сонда кім болғыңыз келеді?
– Әзірге білмеймін. Кеңседе отырып істейтін бөлімге ауысатын шығармын. Көрерміз.