№18 Аудиофайл Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. – Нұрлан аға, еліміздегі тауар сапасын анықтап, сол үшін берілетін жүлде «Алтын сапа» сыйлығы
туралы айтып өтсеңіз. Қалай өткізіледі, қанша кәсіпорын қатысады? Отандық өндірушілер бұрынғыдай
он шақты емес, қазіргі таңда анағұрлым көп емес пе?
– Дұрыс айтасыз. Бүгінде отандық өндірушілер саны едәуір көп, қуаныштысы жылдан-жылға артып
331
келеді. Сондықтан мұндай байқау өте қажет. Бұл байқау жыл сайын өткізіледі. Қазіргі таңда қатысамын
деген кәсіпорындар саны анағұрлым көп. 3-4 жыл бұрын қатысушылар саны жүз шақты болатын.