қандай мінезі ұнауы мүмкін? Әріптесіңізбен сөйлесіңіз. 4. Төменде берілген сөздерді оқыңыз. Сізге саяхаттаған кезіңізде қасыңыздағы адамның қандай мінезі ұнамауы мүмкін? Әріптесіңізбен сөйлесіңіз. 5. Мәтінді оқыңыз. Демалыс күнделігі
адамды жақсы түсінеді спортты жақсы көреді жомарт тез тілтабысқыш ақкөңіл пысық жалқау жауапкершілігі төмен көп шағымданады тұйық көп сөйлейді мінезді Сәрсенбі, 18 маусым. Бұл менің Түркияға ең бірінші келуім. Өте қуаныштымын. Үйден алысқа бірінші рет шығып көруім. Қасымда курстасым Қарлығаш бар. Екеуміз бірге демалсақ деп бұрыннан жоспарлайтынбыз. Демалысымыз жаман болмас. Көрерміз. Теңіз жағасында жатармыз, құм қалашық жасармыз деген армандарым орындалатын болды. Бейсенбі, 19 маусым. Бүгін автобуспен Стамбулға бардық. Тарихи жерлерін аралап көрдік. Мәдениетімен, тарихымен таныстық. Ел-жер аралап көрсем, демалысым қызықты, есте қаларлықтай болса дейтінмін. Қарлығаш барамын дегенде қатты қуандым, өйткені екеуміз көп көрісе бермейміз. Жұмысымыз бөлек. Сол себепті бір-бірімізге көп уақыт бөлерміз дедім. Автобуспен қонақүйге келе жатырмыз. Мен одан шаршай бастадым, себебі ол тоқтамай сөйлей береді екен. Басым ауыра бастады.