Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет128/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   438
Байланысты:
Қазақ тілі В1 (оқулық)

v БӨ
ЛІМ
10
Менің әжем  
___________________________________________
 адам болған. 
Үйге үнемі қонақтар шақыратын. 
11
 
Ағаң көп сөйлейді екен. 
Оны 
___________________________________________
 деуге болады.
12
Баскетболшылардың барлығы 
___________________________________________
 болады ғой, иә?
артыҚ БОЛМас БІЛГенІң
1. Оқыңыз.
Ресми өмірбаян үлгісі
Мен,  Асқар  Қалиұлы  Маратов,  1978  жылы  25  қыркүйекте  Астана  қаласында 
дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1995 жылы Астана қаласының № 17 мектеп-гимназиясын 
бітірдім. 
1995  жылы  Қазақ  ұлттық  университетінің  филология  факультетіне  оқуға 
түстім.  Мамандығым:  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі.  Аталған  оқу  орнын 
2000 жылы үздік дипломмен бітірдім. 
2000  жылғы  қыркүйектен  2005  жылғы  қаңтарға  дейін  Астана  қаласындағы 
№30  жалпы  орта  білім  беретін  мектепте  мамандығым  бойынша  қызмет  еттім. 
2005 жылдың ақпанынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін 
атқарып келемін.
Ата-анам бар. Әкем – Қали Маратұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері, зейнеткер, 
анам  Хадиша Қасымова – зейнеткер. Үйленгенмін. Әйелім – Майра Әлиқызы Әділбекова. 
Мамандығы  –  заңгер.  «Аспан  әлемі»  жеке  фирмасының  заңгері.  Мектеп  жасындағы  3 
балам бар. 
Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар. 
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ 
бағдарламаларын  толық  меңгергенмін.  Интернетте  жұмыс  істеймін.  2002  жылы 
Астана қалалық оқу бөлімінің «Білім беруде қосқан үлесі үшін» мадақтама қағазымен 
марапатталдым.
Мекенжайым: Астана қаласы, "Жастар" ықшамауданы, 47-үй,  18-пәтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет