Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет154/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   438
v БӨ
ЛІМ
айтыЛыМ
1.
 
Топтық жұмыс. 
Үш топқа бөлініңіздер. 1-топ – әншілер, 2-топ – спортшылар, 3-топ – тарихи тұлғалар. Әр топ 
өзара келісіп, қалған екі топқа белгілі бір тұлғаны жасырып сипаттайды. Сипаттау барысында:
а) жасын
ә) бет-әлпеті, киім кию үлгісін
б) атақты болу себебін айтуыңыз қажет.
2. Топтық жұмыс. 
Сіздің  отбасыңызда немесе таныстарыңыздың,  не туыстарыңыздың ішінде Тұлға деген атқа 
лайықты адам бар ма? Болса, сол адам туралы әңгімелеп беріңіз. Қандай атағы бар? Ел үшін 
қандай маңызды іс атқарып, есімі көпшілікке танымал болды?
3. Рөлдік ойын. Өз әріптестеріңізбен сұхбат беруші және тілші рөлін сомдаңыздар. 
Сіз  қызметке  жаңа  орналасқан  жас  тілшісіз.  Журнал  редакторы  сізге  қазақтың  тұңғыш 
ғарышкері  Тоқтар  Әубәкіровпен  кездесіп  сұхбат  алуды  тапсырды.  Сіз  ғарышкерге  қандай 
сұрақтар қоясыз?  Не туралы сөйлесесіз?
жазыЛыМ
1. Сіз қызметкерлерді басқару бөлімінің қызметкерісіз. Сізге қаржы директоры есептеу 
бөліміндегі белгілі бір қызметкер туралы ақпарат беруді сұрап хат жазды. Жауап  жазыңыз.
Кімнен: Ақманат Болатова
Кімге: Майра Саринаға
Хат атауы: Есептеу бөлімінің қызметкері Рашидова туралы
Майра Жолдасқызы,
Есептеу бөлімінің қызметкері Рашидованың түйіндемесін, өмірбаянын жіберуіңізді және 
жұмыс істеу қабілеттілігі туралы ақпарат беруіңізді сұраймын. Себебі, есептеу бөліміне 
дүйсенбі күннен бастап жаңа басшы тағайындауымыз керек. Менің ойымша, Рашидова 
лайық секілді. Сіздің пікіріңіз өте маңызды.  
Құрметпен,
Ақманат Болатова
Кімге: Ақманат Болатоваға
Кімнен: Майра Саринадан
Хат атауы: Есептеу бөлімінің қызметкері Рашидова туралы


112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет