ОҚыЛыМ 1. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Сіз жиі дүкен аралайсыз ба?
2. Сіз дүкен аралауды ұнатасыз ба? Не үшін?
3. Көбінесе қандай дүкендерді аралайсыз: азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық
заттар, жиһаздар?
2. Дүкеннен зат сатып аларда ұстанатын басты ұстанымыңыз: тауар қымбат болса, сапалы болады;
арзан болғанымен, сапасы жаман болмауы мүмкін;
тек отандық өндірушілердің тауарларын аламын, басқа елден келген тауарларға
сенбеймін.
3. Төмендегі пікірлерді оқыңыз. Келісесіз бе? – Мен сүт өнімдерін тек отандық өндірушілерден аламын.
Неге десеңіз, сүт өнімдерін ұзақ сақтауға болмайды. Ал шетелден
әкелінетін сүт өнімдерінің сапасы, менің ойымша, жақсы емес.
Біздегі ешкі сүтінен жасалатын ірімшікті отбасымызбен тұрақты
сатып алып жейміз. Сүт те тек «Адалдан». Қаймақ та.
– Мен тек голландтық ірімшікті сатып аламын.
Алған кезде үнемі қайдан әкелінгенін сұраймын. Біздің
ірімшіктердің сапасы маған ұнамайды. Сондай-ақ, ірімшіктерді
голландтықтар керемет жасайды деп ойлаймын. Ал біздің
өнім сапалы емес.