2. Мәтінді оқыңыз. Күзде өмір есігін ашқандар 100 жасайды...
Қыркүйек пен қараша айында дүниеге келсеңіз, онда сіздің 100 жасауға мүмкіндігіңіз бар.
Сенбей отырған боларсыз?
Чикаго университетінің ғалымдары Сан-Францискода өткен Американдық демографиялық
қоғамның жыл сайынғы құрылтайында осы бір тақырыптың аясындағы зерттеулердің
нәтижесін қуаттай түсті.
Ұсынған жобада қыркүйек, қазан және қараша айларында дүниеге келгендердің ұзақ өмір
сүру феноменін түсіндіретін бірнеше гипотеза ұсынылған. Егер нәресте күзде дүниеге келген
болса, маусымдық, бірінші кезекте, жазғы жұқпалы ауруларды жұқтыру тәуекелі барынша аз
болатын боп шыққан. Себебі, бұл аурулар, әдетте, адам денсаулығына ұзақ уақыт бойы теріс
ықпал етеді. Оның үстіне күзде туылған бала қыс бойына жақсы тамақтанып, көктем келе, өз
бетімен жүріп-тұрып кете барады.
Егер балаңыз жазда туылса, оған ағзаға қажетті дәрумен жетіспей, сүйегі бекіп болмаған
денелер біршама қиындықтарға ұшырайды екен. Егер Америкада 1880-1895 жылдары өмір
сүрген адамдардың өмірлеріне байланысты деректерді топтастырып қарасақ, қараша мен
желтоқсан айларында туғандардың көбісі жүз жасаған болып шығады екен.