200
IX
БӨ
ЛІМ
Сол себепті ер адамның киіміндегі қалталарды тек әйел киімдеріне ғана емес, сонымен бірге
аксессуарларға да тікті. Мысалы, Chanel сумкасындағы ең басты деталь ол - қалталар!
• Коко еңбек жолын қалпақ тігумен бастаған. Тапсырыс көбейген соң ептеп тауар санын
ұлғайтып отырған.
• Коко ең алғаш жасаған саудасында трикотаж сатқан. Ол басында жай адамдарша трикотаж
сату дүкенінде қарапайым сатушы болып істеді.
• Коко алғашқылардың бірі болып тамаша маркетингтік әдісті іске қосқан. Ақырындап өз
киімдерін сату жолында атақты адамдардың есімдерін пайдаланған. Оларға өзінің тіккен
киімдерін кигізіп, кейін түсірген суреттерін біртіндеп жарнама беттеріне орналастырған. Сол
кезден бастап атақты әртістер ол дүниеге әкелген киімдер маркаларының символына айналды.
• Коко Шанель алғаш болып күнге күюді сәнге әкелген. Әйелдер оның күнге күйген терісіне
қарап Шанельше күнге күюді сәнге айналдырған.
• Коко Шанель өмірінің соңына дейін
отельде тұрып келген. Қонақүйге бірден
үйреніп кеткен жоқ. Дегенмен қонақүй
ақырындап оның өз үйіне айналған. Ол Ritz
отелін өзінің үйіндей көрген. Ал Ritz отелі
қазір Париждегі алдыңғы қатардағы қонақүй
саналады.
• «5» санын Коко Шанель «ең сүйікті са-
ным» деп есептеген. Себебі оның өміріндегі
көптеген жетістіктер осы 5 санымен байла
нысты. Шанельге қатты ұнаған Chanel №5 хош
иісі де бесінші нұсқасы болатын. Бір қызығы,
Chanel №5 1921 жылдың 5-мамырында
көпшілікке ұсынылған. Ал қазір әлемде 30 се-
кунд сайын оның бір данасы сатылып жатады.
Коко Шанельдің өмірінде бірнеше рет ма-
хаббат оқиғалары болған, бірақ ол ешқашан
тұрмысқа шықпаған.
Достарыңызбен бөлісу: