Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет310/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   438
Байланысты:
Қазақ тілі В1 (оқулық)

Xi
 БӨ
ЛІМ
ОҚыЛыМ
1. Мәтінді оқыңыз.
Қазақстан мектебі
1.  Қазақтың  кең-байтақ  өлкесінде  білім  ісінің  пайда  болуы,  дамуы  сонау  ерте  замандардан 
алады. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер 
болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен.
2.  Қазақ  жеріндегі  алғашқы  білімді  ауылдық  жерлерде  мектепте  молдалар  ұстаздық  еткен. 
Оқыту ақысы халықтан жиналған.
3. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған.
4. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін араб тілінде таратушы оқу орны болып қана қоймай, 
ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, 
философия,  математика,  астрономия,  медицина,  т.б.  пәндер  енгізілген.  Медреселердің  жанында 
кітапханалар болған.
5.  Жәңгір  хан  (1801-1845)  -  Бөкей  Ордасының  соңғы 
ханы,  Әбілхайыр  ханның  шөбересі,  Нұралы  ханның 
немересі,  Бөкей  ханның  ұлы.  Генерал-майор,  Шын  аты  - 
Жиһангер.
Жәңгір хан 1841 жылы қазақ даласындағы ең алғашқы 
мектепті  ашты.  Оның  ойынша,  бұл  мектеп  балаларды 
Ресейдің  арнайы  оқу  орындарына  түсу  үшін  дайындауы 
керек еді. Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болғанға дейін 
мектептің  шығындарын  жеке  қаражатынан  төледі, 
шәкірттердің сынақтарын да өзі өткізіп отырды.
6. «Қазақтың тұңғыш ұстазы» – Ыбырай Алтынсарин. 
Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, 
ғалым-этнограф, ақын, прозашы, қазақ жазба әдебиеті мен 
қазақ  әліпбиінің  негізін  қалаушы,  орыс  жазу  таңбалары 
негізінде  қазақ  әліпбиін  құрастырушы.  1864  жылы  8 
қаңтарда  Торғай  мектебін  ашты.  Қазақ  даласында  оны 
«Қара шаңырақ», «Алғашқы қарлығаш» деп атады.
7.  Ыбырай  1883  жылы  Торғай  қаласында  қолөнер 
мектебін ашқан, ол қазақ даласындағы техникалық білім 
беретін тұңғыш оқу орны болды. 
8. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы 
– Ыбырайдың ағартушылық аса зор еңбегі. 
9.  1881  жылы  Омбы  қаласында  Ыбырай  тұңғыш 
мұғалімдер мектебін ашты. 
10.  1922-23  оқу  жылдары  қазақ  тілінде  14  оқулық 
шығарылды.  Олардың  ішінде  «Физика»,  «Грамматика», 
«Алгебра», «Мектеп гигиенасы» т.б. бар.
Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының алдыңғы 
қатарлы  топ  өкілдері:  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов,  М.Әуезов,  С.Асфендияров,  Т.Жомартбаев, 
Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.
11.  Орта  білім  беру  Қазақстан  Республикасының 
азаматтарына  мемлекеттік  оқу  орындарында  тегін  орта 
білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
12.  Еліміздегі  жалпы  орта  білім  3  сатылы:  бастауыш 
(1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-
12 сыныптар).


239


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет