Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет326/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   438
Альтернативті Альфа


250
Xi
 БӨ
ЛІМ
2
- саБаҚ
БолАшАҚТЫң кілТі – БілімДЕ
                                            
 323 - беттегі сөздермен танысыңыз.
  1. Оқыңыз.
Естімеген елде көп. Сингапурдағы мектептің 
директоры  оқушылардың  ата-аналарына 
маңызды,  қорытынды  емтихан  жайында  хат 
жазды. Қайырымды да дана директордың бұл 
хатын  әлемдегі,  тіпті  дүниежүзіндегі  барлық 
бала  тәрбиелеп  отырған    ата-аналар  оқуы 
тиіс.  Хаттың  мазмұны  мынадай:  «Қымбатты 
ата-аналар! Балаларыңызға жақында емтихан 
басталады.  Олардың  емтиханды  ойдағыдай, 
нәтижелі, табысты тапсыруына алаңдаушылық 
білдіріп, уайымдап отырғандарыңызды жақсы 
түсінемін.    Алайда,  мына  нәрсені  біліңіздер 
және  есте  сақтаңыздар:  емтихан  тапсырушы 
оқушылардың 
арасында 
математиканы 
толық  түсінбейтін,  жақсы  білмейтін  суретші 
болады.  Сол  секілді  ағылшын  әдебиеті  мен 
тарихты  онша  маңызды  санамайтындары  да, 
жақсы көрмейтіндері де  табылады. Химияны 
ұқпайтын, түсінбейтін музыкант та бар. Тіпті, 
физикадан  гөрі  дене    шынықтыруды  артық 
көретін,  сүйетін  спортшы  да  табылады.    Егер 
балаңыз жақсы баға алса, жақсы, әрине. Бірақ, 
олай  болмай  қалса,  оның  өзіне  деген  сенімін 
жоғалтпаңыз,  ұрыспаңыз.    Оған  бәрі  дұрыс, 
бұл жай ғана емтихан екендігін айтыңыз. Олар 
бұдан маңызды нәрселер үшін жаратылған. Сонымен бірге балаңыз қандай баға алса да, оны 
жақсы көре беретініңізді жеткізіңіз, соған сендіріңіз.  Сіздерге үлкен өтініш, осы айтқанымды  
істеңіздер, содан кейін олардың қалай жетістікке жеткенін көресіздер. Бір емтихан немесе нашар 
баға  олардың  таланты  мен  арманына  кедергі  бола  алмайды.    Тағы  айтарым,  дәрігерлер  мен 
инженерлерді жер шарындағы ең бақытты адам санамаңыздар. Сіздерге деген үлкен құрметпен, 
мектеп директоры»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет