Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет336/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   438
Xi
 БӨ
ЛІМ
7. Оқыңыз.
Тәуелсіз ShanghaiRanking Consultancy ұйымы әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының рейтингін 
жариялады.  Рейтинг  түрлі  пәндер  бойынша  оқыту  сапасы,  профессорлық-оқытушылық  құрам  мен 
оқу орнын бітірген студенттердің жетістігі (Нобель және Филдс сыйлығының лауреаттары), білікті 
зерттеушілердің, Science және Nature ғылыми журналдарында мақалалардың болуы ескерілген. Біз 
соның ішінен ең үздік 5 оқу орнын атап көрсетпекпіз.
   
   
   
1.  Гарвард  университеті.  1636  жылы  негізі 
қаланған.  Әлемдегі  әйгілі  оқу  орны.  Рейтингте 
абсолютті  көшбастаушы,  неге  десеңіз  әлемдегі 
62  миллиардердің,  150  Нобель  лауреатының, 
18  Филдс  лауреатының,  13  Тьюринг  сыйлығы 
иегерінің,  сондай-ақ  АҚШ-тың  8  президентінің 
осы университетке қатысы бар. 
2.  Стэнфорд  университеті.  Бұл  оқу  орны 
Гарвард  университетінен  250  жылдан  кейін 
ашылған.  Екінші  орында  болуының  өзіндік 
себебі бар, өйткені әлемдегі 30 миллиардердің, 17 
ғарышкердің, 60 Нобель сыйлығы лауреатының, 
20  Тьюринг  сыйлығы  иегерінің  және  7  Филдс 
медалі иегерінің осы білім ордасына қатысы бар.
3.  Калифорниядағы  Беркли  университеті 
әлемдегі  үздік  ЖОО  тізімінде  бір  жылда  бір 
позицияға жоғарылаған, себебі оның түлектері, 
зерттеушілері  мен  қызметкерлері  72  Нобель 
сыйлығын,  13  Филдс  медалін,  22  Тьюринг 
сыйлығын,  14  Пулитцер  сыйлығын  және 
Олимпиадалардың 105 алтын медалін алған.
4.  Кембридж  университеті  -  әлемдегі  ең  ескі 
жоғары оқу орындарының бірі, неге десеңіз 1209 
жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оған 92 Нобель 
сыйлығы  мен  10  Фелдс  сыйлығы  иегерлерінің 
қатысы  бар.  Бұл  университетті  биолог  Чарльз 
Дарвин,  Ұлыбритания  королі  Георг  VI,  Дания 
патшайымы  Маргретте  II  және  жүздеген 
танымал адамдар тәмамдаған.
5.  Массачусетс  технологиялық  институты 
үздік бестікті аяқтайды, себебі  Технологиялық 
институттан  85  Нобель  сыйлығы  мен  6  Филдс 
медалі  иегерлері,  34  ғарышкер,  19  Тьюринг 
сыйлығы лауреаты оқып шыққан. 


258


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет