Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет392/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   438
Байланысты:
Қазақ тілі В1 (оқулық)

Есімшенің сөйлемдегі қызметі
  Бастауыш:  Сөйлемде  атау  септігінде  тұрып  бастауыш  болады.  Мысалы:  Жаз+ған  үндемеді. 
Оқы+ған білімді болады. 
Баяндауыш:  Жіктеліп,  баяндауыш  болады.  Мысалы:  Ертең  мектепке  бар+ар+мын.  Қызықты 
қазір көр+ер+сің. 
Толықтауыш: Атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып, толықтауыш 
болады. Жұрнақтары: -ған-ген-қан-кен
Мысалы: Ұял+ған+ды Құнанбай кешірмейтін. Ол оқы+ған+дар+ын айтып берді. 
Пысықтауыш: Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде немесе көмекші есіммен, септеулік 
шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады. Мысалы: Біл+мек+ке (Б.с.) кетті көңілі. Осыны сез+ген 
сайын (қашан?) Абай тоқтаусыз жыр тереді. (М.Ә.) 
Анықтауыш:  Есімше  зат  есіммен  тіркесіп  немесе  ілік  септігінде  тұрып  анықтауыш  болады. 
Жұрнақтар:  -ған-ген-қан-кен-атын-етін-йтын-йтін-ушы-уші.  Мысалы:  Көш+кен  (қай?)  ауылды 
іздеп табалық. (Ы.А.) Айт+қан+ның (кімнің?) аузы жаман, көр+ген+нің (кімнің?) көзі жаман. 
Ескерту:  Көптік  жалғау  –ған,-ген,-қан,-кен,-атын,-етін,-йтын,-йтін  тұлғалы  есімшелерге  ғана 
жалғанады. 
Есімшенің  –ар,-ер,-р,-с,-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек  тұлғаларына  көмектес  септік  жалғауы 
жалғанбайды. 


311
Есімшенің жұрнақтары арқылы етістіктің шақ категориясы жасалады. 
1. –ған-ген-қан-кен : бұрынғы өткен шақ есімшесі. 
2. –ар-ер-р : болжалды келер шақ есімшесі. 
3. –атын-етін-йтін-йтын : ауыспалы өткен шақ есімшесі. 
4. –мақ-мек-бақ-бек-пақ-пек : мақсатты келер шақ есімше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет