№28 Аудиофайл Тыңдаңыз. Дұрыс қатарды таңдаңыз. Сенімхаттың екі түрі бар. Ол кәсіпорындар беретін ресми сенімхат және жеке тұлғалар беретін жеке
сенімхат.
Ресми сенімхатта мынадай деректер болады:
• ұйымның атауы;
• ұйым туралы анықтамалық деректер;
• құжат түрінің атауы;
• құжаттың күні;
• құжаттың тіркеу нөмірі;
• құжаттың мәтіні;
• лауазымды тұлғалардың қолы;
• кәсіпорынның мөрі.
Сенімхаттың мәтінінде: • сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;
• сенімхат бойынша іс-әрекет жүргізілетін ұйымның атауы;
• іс-әрекет түрі;
• сенімхаттың қолдану мерзімі көрсетіледі.
№29 Аудиофайл Тыңдаңыз. Кестені толтырыңыз. Сенімхат Мен, Қайратова Жанар Айдарқызы (Астана қаласы, Республика даңғылы , 21-үй, 52 –пәтер, (жеке
куәлік № 000045897, ҚР ІІМ 20.06.2015 жылы берген) Астана қаласы, Тархан көшесі 52 үй 45 пәтерде
тұратын Асанов Талғат Айдарұлына (жеке куәлік № 000047811, ҚР ІІМ 25.09.2017 жылы берген) маған
тиесілі 2016 жылдың ақпан айының зейнетақысын Алматы ауданы, «Аспан» жинақ банкіндегі № 00045632
есеп шотынан алуды сеніп тапсырамын.
Сенімхат 2016 жылдың 12 наурызына дейін берілді.