Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет10/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50

Хан көтеру (сайлау) салты

« Ө


з ханы жоқ ел теңдікке зар болады, ұрпағы қор болады» деп 

білген қазақ халқы, ел-жұрттың қалауы бойынша ақыл-айла, қару-қай-

рат қа бірдей, білімі терең, адамгершілігі жоғары адамдарды ха  лық  ты 


109

109


бастайды, жоғын жоқтап, намысын қорғайды, елдің, жердің бү тін ді гі 

мен халықтың амандығына кепіл болады деп хан көтеріп (сайлап), өз 

тағдырларын сондай сенімді адамдарға сеніп тапсырып отырған.

Хан көтеру салты жұма күні ашық аспан астында өткізіледі. Мұн-

да,  алдымен,  мемлекеттікке  қарасты  барлық  ұлысқа  алдын  ала  хан 

сайланатын  күн  туралы  сауын  айтылады.  Межелі  күні  хан  сай лау ға 

қа ты сып, өз сүйген адамдарына бір кісілік үлестерін қосу үшін кəрі-

жас түгел келуге күш салады. Мұнда, барлық адам, əсіресе, əйел дер 

мен балалар жүйрік-жорғаларына мініп, əлем-жəлем киініп келсе, ал 

ер азаматтар бес қаруын асынып келуге міндетті болады.

Хан  көтеру  мынадай  түрде  өтеді:  хан  сайлауға  келген  халық  кең 

майданда аттылы-жаяу, алқа-қотан тұрады. Ортадағы дөңестеу, ел кө-

зі не толық көрінетін жерге неше түрлі текемет, сырмақ, кілемдер тө-

се ліп, оның үстіне жұмсақ жібек көрпелер салынады да, оған ел аға ла-

ры мен ақсақал-билері атақ-дəрежелеріне қарай дөңгеленіп отырады. 

Олардың қақ ортасында осы салтанатқа арналған алтын əдіпті жұқа ақ 

киіз жайылып жатады.

Ел-жұрт тегіс жиналып болды-ау деген бір сəтте, бүкіл ел-жұрт қа 

танымал,  атақ-абыройы  жоғары  ақсақалдардың  бірі  орнынан  тұ рып, 

ел-жұртты тəртіпке шақырып, жиналған жұртқа ұлыстың ұлы ке ңе сі-

нің хан сайлау шешімін жариялайды жəне хандыққа кімнің кандидат 

екенін айтады. Хан көтеру салтынан, яғни, осы жиналыстан бұ рын ха-

лық  ішіндегі  уəкілдік  сипаты  бар  бетті,  беделді  билер  мен  ақ са қал-

дар ды, батырлар мен от ауыз, орақ тілді жырауларды шақырып, хан-

дық қа  үміткер  бірнеше  адамның  ішінен  олардың  бір-бірінен  ар тық-

ке мін, ақыл-айласын, моралі мен кісілігін, ел іші-сыртындағы ық па лы 

мен  беделін  сарапқа  салады,  хандыққа  лайық  кандидат  кісінің  аты 

аталысымен, оны екі адам екі жағынан қолтықтап апарып, ақ киіз дің 

үстіне  отырғызады.  Ол  ақ  киіздің  ортасында  құбылаға  қарап  қо лын 

қусырып, малдасын құрып отырады. Одан соң, шешендер, билер, ба-

тырлар, аузы дуалы ақсақалдар ортаға шығып, болашақ ханның ақыл-

парасаттылығы, əділдігі, ерлігі бір-бірлеп айтыла келіп, ол хан болса 

елдің  көсегесі  көгеріп,  бақыт-байлыққа  кенелетіндігін  айтады.  Оны 

тың дап отырған жұрт қостап айқайлап, өз ризашылықтарын біл ді ріп 



110

110


отырады.

Хан сайлауда, сөзге шыққандарды ауызға қағып тектеп-тер ге мей-

ді. Сондықтан кейбір шешендер болашақ ханның бетіне басар, ес ті ген 

ел  ұялар  осал  тұстары  мен  өкпе-реніштерін  де  жұрт  алдына  жа йып 

салады. Алайда, алдын ала ақылдасып, кеңесіп қойған істен ағат тық 

шыға қоймайды. Басым көпшілік оның хан болуын жақтап шы ға ды. 

Дінбасы дұға оқып, хандыққа көтерілмек пендесіне бүкіл халық аты-

нан бата жасайды. 

Бата жасалып болған соң, ел-жұртқа танымал, халқына қадірлі (ал-

дын ала белгіленген) 4 кісі ақ киіздің үстінде құбылаға қарап малдас 

құрып отырған үміткерді, оның астындағы ақ киізінің төрт бұ ры шы-

нан алып, бастарынан асыра жоғары көтереді де, қайта жерге қоя ды. 

Міне, бұл «хан көтеру» деп аталады, яғни, хан болды, таққа мін ді, би-

лік ұстады деген сөз. Осыдан соң, оның маңайындағы игі жақ сы лар 

ақ киіздің төрт бұрышынан алып, кезек-кезек көкке көтереді. Хан мен 

жиналған жұрттың үстіне алтын-күміс теңгелерден шашу шашып, ел 

мəре-сəре болып, қуанышты құттықтайды.

Ханды кезек-кезек көтеріп, шашу шашылып болған соң, ел би ле-

рі  жаңа  сайланған  ханның  сырт  киімдерін  түгел  шештіріп,  бел дік-

тен  жоғары  киімдерін,  оны  алғаш  көтерген  төрт  кісі  алады  да,  қал-

ған  киімдерін  хан  сайлау  кеңесінің  қалған  мүшелері  «телім»  деп, 

бір-бір  жапырақтан  бөліп  алады.  Онан  соң,  ханға  арнап  тігілген  ал-

тын қалпақ, қамқа тон, зерлі шапан, оқалы етікті оған беделді ақ са-

қал дар өз қолдарымен кидіріп, қару-жарағын асындырып, қол тық тап 

апарып  алтын  ер-тұрманды  арғымаққа  апарып  мінгізеді.  Сол  сəт те, 

атқа мінген жұрт түгел аттан түсіп, оған құрмет көрсетеді. Екі кісі хан 

мінген  арғымақты  жетелеп,  қалың  қауым  қаумалап,  ханды  ұлы  ме-

реке  салтына  арнап  тігілген  ордаға  апарып  түсіреді.  Сонымен,  отыз 

күндік ойын мен қырық күндік той басталып кетеді. Ақын-жыраулар 

жыр толғайды, домбырашылар мен қобызшылар күй тартып, ұлт тық 

ойындардың бірі қалмай ойналады. Ұлыстың жігерін тасытып, ме ре-

йін  өсіретін,  халықты  адамгершілікке,  ізгілікке,  адалдыққа,  ер лік ке 

баулып, рухты серпілтетін салт-дəстүр өз кереметін көрсетеді.

Ежелгі  қазақ  хандары  «хан  болғанның  жөні  осы»  деп  билікті  қа-



111

111


лай болса солай жүргізбеген, қайта «Жеті жарғы» жəне «ұлттық салт-

дəстүр»  секілді  заң-ережелер  негізінде,  сыртқы  қарым-қатынас,  заң-

жар лық  шығару,  қол  ұйымдастыру,  соғысқа  аттандыру  секілді  ірі 

іс тер ді ғана басқарып, ел ішіндегі басқа жұмыстарды сұлтандар мен 

билер арқылы жөнге салдырып, халықтың өзін-өзі басқаруына мүм-

кін дік жасап отырған. Мысалы, ел мен ел арасындағы үлкен дау-шар, 

алыс-беріс, барыс-келіс, соғыс жəне мəмілеге келу сияқты ірі іс тер ді 

өзі не қарасты үлкен ру-тайпалардағы сұлтан, би, рубасы, батыр, қол-

ба сы, жырауларды шақырып алып, «Тағанақ кеңес» арқылы шешкен. 

Ал,  мемлекетке  үлкен  ықпал  жасамайтын  əдеттегі  істер  мен  ор да-

ның күн де лік қызмет тəртібіндегі істерді орда кеңесшілері, əр ру, əр 

тайпаның  қатысты  адамдары  мен  хан  билігіне  араласып  жүр ген  ту-

ыстары  қатыстырылған  «Тұрымтай  кеңес»  арқылы  біржақтылы  етіп 

отырған.


 

Хан сарқыты

Қ

алыптасқан салт бойынша ханды ресми сайлап, оны ақ киіз ге 



салып көтеріп, көне киімдерін «телім етіп» алып, жаңа хандық киім де-

рін кидіріп, арғымаққа мінгізіп ордаға апарып түсірген соң, əр тайпа, 

əр рудан арнайы іріктелген бір топ адам оның өрістегі төрт тү лік ма-

лын түгел талап бөліп алады. Бұл «хан сарқыты» деп аталады. Мұ ның 

мəні: ханға малдың қажеті жоқ, халықтың малы – ханның малы, хан-

ның малы – халықтың малы, ханның халық мүддесінен басқа еш қан-

дай мүддесі жоқ дегені. 

Ханның киімі мен оны салып хан көтерген ақ киізден жəне өріс те гі 

малынан аз да болса үлес алғандар оны ерекше мақтан етеді. Құт да-

рып, береке қонып, бай-бақытты тұрмысқа жетеміз деп қуа на ды. Ара-

да онша көп уақыт өтпей, əр тайпа, əр ру шама-ша рық та рын ша мал 

жиып, ханның өрісін малға толтырып тастайды. Тіпті, бұл мал оның 

бұрынғы малынан он есе көбейіп келеді. Алайда, ол мал қан ша көп 

болғанымен, ханның малы емес, қазынаның малы болады.

Қазақ халқының билік беру, хан көтеру жəне ел басқару салттары 

адамдардың  жауапкерлік  жəне  борыштылық  сезімдерін  кү шей те ді. 



112

112


Азаматтарды  халық  алдында  мойындарына  алған  міндеттерін  адал-

дық пен  атқаруға  жебейді.  Бойларын  арамдықтан  оңаша  ұстап,  ізгі 

ниет ті, жанашыр, қайырымды, мейірімді, адал, арлы болуға дағ ды лан-

ды ра ды.  Адамдық  өмірдің  мəн-мағынасын  шынайы  түсініп,  əсіресе, 

адамдар арасындағы қатынасына ғылыми көзқараспен қарап, адамзат 

қо ға мы ның демократиялануына, дамуына, тыныш, орнықты, баянды 

қо ғам құруына мүмкіндік жасайды. Адамдардың бір-біріне деген құр-

мет  жəне  достық  сезімін  күшейтіп,  қоғамдық  қарым-қа ты нас та рын 

кеңейтеді. Халықты əділетті, ақиқатты, шыншыл, батыл бо лу ға, жақ-

сы лық ты  мадақтап,  жамандықты  сынайтын  тамаша  адамдық  қа сиет 

қа лып тас ты ру ға жігерлендіреді.

ЗАҢ-ЖАРҒЫЛАРЫ

Қ

азақ халқының заң-жарғы тарихы өте ұзақ. Өз заманында күн-



би лер, хандар, қағандар, сұлтандар мен билер халықты «хан мен ха-

лық тың қарым-қатынас жарғысы», «билік-құқық жарғысы», «ми рас-

қор лық  жарғысы»,  «жер-су  жарғысы»,  «жетім-жесірлер  жар ғы сы», 

«құн заңы», «масқаралау заңы», «өлімге бұйыру заңы», «алман-са лық 

заңы» сияқты заң-жарғыларға жəне халықтық салт-дəстүрлер мен ғұ-

рып-əдеттерге  сүйене  отырып  басқарған.  Сондай-ақ,  заң-жар ғы лар 

алдында  барлық  адамның  тең  болуын  дəріптеп,  заң-жар ғы лар  мен 

салт-дəстүрді бұзғандар мейлі хан, мейлі қара болсын, кү нə ла ры ның 

ауыр-жеңілдігіне қарай жазаланып, өз жазасын тартып отырған.

«ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫҢ» НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

1. Кісілік қарым-қатынас заңы

К

ісілік  қарым-қатынас  заңына  хан  мен  қараның  (жай  ха лық-



тың),  ата  мен  баланың,  құл  мен  қожаның,  ер  мен  əйелдің  қатынасы 

се кіл ді лер қамтылады. Ханның əміріне шартсыз бағыну – ха лық тың 

міндеті. Ханға бағынбаған, тіл тигізген қарашалар жазаланады, əйел-


113

113


ді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы тиіс. Егер кешірім сұ ра ма са, 

оған арсыздығы үшін айып салынады. Жеті ата ішінде қан аралас тыру 

(некелесу) өлімге немесе ағайын-туыстары белгілеген жазаға тарты-

лады.  Шарт-жағдайы  бола  тұрып  құдалық  қатынасы  бар  немесе  құ-

дайы қонақ болып үйіне түскен алыс атаның азаматтарына өз ла йы-

ғын да сый-құрмет көрсетпегендерден, сондай-ақ, əдептен аттап кі нə лі 

болғандардан  ат  шапан-айып  алынады.  Құл  тағдыры  қо жа ның  ие лі-

гін де болады. Оларды қорлау-зорлау қатаң тектеледі. Ата-анасына тіл 

тигізген ұлды жəне адамгершілікке жат өте ұятты іске бар ған ер кек-

тер ді  қара  сиырға  немесе  қара  есекке  теріс  мінгізіп,  бастарына  қара 

киіз ден сиықсыз қалпақ кидіріп, мойындарына жаман құрым киіз іліп, 

ауылды айналдыра сабау, қыз болса, қол-аяғын байлап, ата-ана сы ның 

би лі гі не беру секілді мазмұндарды қамтиды.

2. Қауым заңы

Қ

ауым  заңына  салт-дəстүр,  алыс-беріс,  барыс-келіс,  талап-ті-



лек, дат, арыз-шағым секілділер кіргізілген.

3. Мүлік заңы

М

үлік заңына мал-мүлік, мұрагерлік, уəкілдік, куəлік се кіл ді лер 



қамтылған.

4. Дау-шар заңы

Д

ау-шар заңына жер-су, алман-салық, жетім-жесір дауы се кіл ді-



лер енгізілген.

5. Жасақ заңы

Ж

асақ  заңына  қол  ұйымдастыру  тəртібі,  шабуылдау,  қорғану, 



ше гі ну,  қарауыл,  жасауыл,  бөгеуіл,  жасақ  міндетін  өтеу  секілділер 

қам тылған.



114

114


6. Елшілік заңы

Е

лшілік заңына елшілік жоралғылары, өзге елдермен болатын қа-



рым-қатынас  тəртібі,  елшілікке  лайық  білімділік,  іскерлік,  сезгірлік, 

қы ра ғы лық, адалдық, табандылық секілділер қамтылған.



7. Қылмыс заңы

Қ

ылмыс заңында жаза, құн, барымта, ұрлық, басқыншылық, то-



нау шы лық, қарақшылық секілділер қамтылған. Мысалы, құн за ңын да: 

ердің құны 100 ірі қара (1000 қой), əйелдің құны 50 ірі қара (500 қой), 

ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасын кесу бел гі лен-

ген. Екі жақ ымыраласып, ердің құнын төлету арқылы қылмысын же-

ңіл де ту ге болады.

Адам  денесіне  зақым  келтіргендер  де  жараның  ауыр-же ңіл ді гі не 

қа рай құн төлейді. Мысалы, бас бармақ 10 ірі қара (100 қой), шы на-

шақ – 2 ірі қара (20 қой), басы жарылып, көзі шықса, жарым құн есеп-

те ліп – 50 ірі қара (500 қой), билер мен төре-қожалардың құны қара 

ха лық тан үш есе, хандардың құны жеті есе жоғары болады. 

Мейлі, кім кісі өлтірсе де өлім жазасына кесіледі. Алайда, екі жақ 

ке лі сіп, оған құн төлеттіру арқылы жазаны жеңілдетуге болады. Егер, 

екіқабат əйел кісі өлтірсе, ол жазадан босатылады. Өзін-өзі өл тір ген-

дер бөлек жерленеді.

Екіқабат əйелді атты кісі қағып кетіп немесе ұрып, сол себепті одан 

өлі  бала  туылса,  онда  бес  айлық  бала  үшін  бес  ат  (50  қой),  бес  ай-

дан  жоғары  9  айға  дейінгі  бала  болса,  онда  оның  əр  айына  3  аттан 

құн  төлейді.  Əйелді  зорлау  (басқыншылық  істеу)  кісі  өл тір ген мен 

бірдей қылмыс есептеліп, ол өлім жазасына кесіледі. Алайда, жігіт өзі 

зорлаған сол қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады. Егер 

күйеуі əйелін суық қимыл үстінде ұстаса, сол сəтте оны елге жария 

ету  тиіс.  Оның  сөзін  төрт  сенімді  адам  теріске  шығарса,  əйел  кү нə-

сіз деп қаралады. Ұрлық жасаған адам қолға түссе, алған мал-дү ние-

ні  үш  тоғызымен  қайтарады.  Елге  айтқан,  артына  қалдырған  өсиет 



115

115


ағайындары мен молданың қатысуы арқылы жасалады. 

Дау-жанжалды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі. Куə лік ке 

екі немесе үш адам жүреді. Жалғыз адамның куəлігі есепке алынбай-

ды. Билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тие сі лі. 

Егер,  айыпкер  айыбын  төлемесе,  оны  ел-ру  басыларының  рұқ са ты 

арқылы  барымта  жолымен  алуға  болады.  Сондай-ақ,  ұрлық  пен  кісі 

өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.

ЖАЗА ТҮРЛЕРІ

Е

ртеде қазақ халқы заң-жарғылар арқылы өзін-өзі басқарып, тек-



теп, тəртіпке салып, тыныш, орнықты қоғам құруға ұмтылумен бір ге, 

елдің тынышын алып, береке-бірлігін бұзып, құқық-мүддесін бұ зып, 

адамгершілік  пен  салт-дəстүрден  аттағандарға  түрлі  жаза  тə сіл де рін 

қолданып жазалап, ел амандығы мен қоғам тыныштығын қор ғап, ха-

лықтың алаңсыз, бай-бақытты тұрмыс кешуіне мүмкіндік жасап беріп 

отырған.


Қазақ халқының жаза тəсілдері күнəhарлардың қылмысының ауыр-

жеңілдігіне  қарай,  өлімге  бұйырудан  тартып,  құн  төлету,  са за йын 

беру, ат-шапан айып алу, тіпті, етегін кесіп елден қуу секілді ауыр-же-

ңіл жаза түрлерінің барлығын түгел қолданған. Сол жаза түр ле рі нің 

кей бі рі мынадай болған.

Ханталау

Қ

азақ халқы өздері сайлаған хандары мен билеріне саналы бой-



сұ нып,  оларға  өз  тағдырларын  сеніп  тапсырумен  бірге,  елін,  же рін 

сатқан, халқына опасыздық істеген, бетке салық, сүйекке таңба бо  лар -

лық ұятты іске барған, тойымсыздығы, обырлығы, ашкөздігі, мен мен-

ді гі,  арамдығы,  аярлығы  секілді  жиренішті  істермен  елге  жек  сұ  рын 

бол ғ ан жəне сол жексұрын қылықтарын көп рет айтса да тү  зет  пе  ген 

хан-сұлтандардың  мал-дүниесін  халық  түгін  қалдырмай  талап  бө ліп 

ал ған. Міне, бұл «ханталау» деп аталған.

«Ханталаудың»  да  өзіндік  жол-жосыны  болған,  яғни,  кез  келген 



116

116


билік иелерін қит етсе бас салып «ханталауға» сала бермеген. Қай та, 

қы лы ғы шектен асып, сан рет сын айтылып, ескерту берсе де тү зел-

ме ген, айтқан сын-ұсынысты елеп-ескермей, білгенін істеп, ел-жұрт-

ты түңілткендерді халықтың тілегі, көптің қалауы бойынша ел би ле рі 

мен  ақсақалдары  ақылдасып,  баталасып  барып  «ханталауға  салып», 

өз де рін жұртқа тастап кетеді. Сөйтіп, ол мал-дүниеден де, мансаптан 

да айырылып, ел ішіндегі ең сүйкімсіз, ең абыройсыз адамға айнала-

ды. Халық одан жиренеді, ат-бойларын аулаққа салады. Міне, бұл – 

ха лық тың жолдан тайған əміршілеріне қолданған экономикалық жəне 

əкім ші лік жазасы.



Ханталақ

« Х


анталақ»  –  ел  сенімін  ақтамаған  хандарға  қолданылған 

жаза түрі. Халықтың қамын емес, малын жеген, өз елін өзі басынып, 

қорлаған,  аузына  келгенін  сөйлеп,  ойы на  келгенін  істеп,  ха лық тың 

титығына  жеткен  қатал  да  қа йы рым сыз,  əділетсіз,  ақымақ  қол бас-

шы лы ғы салдарынан ха лық ты жаппай күйзеліске ұшыратқан, айтқан 

ақыл, берген сын-ұсынысты қа был да ма ған, сан рет ескерту берілсе де 

түзелмеген  хандарды  ел  би ле рі  мен  беделді  ақсақалдары  халықтың 

талап-тілегі  бойынша  ел-жұрт ты  тү гел  жиып  бас  қосып,  баталасып, 

жаман қылықтарын айта ке ліп, со ңын да: «Бүгіннен бастап пəлен хан-

ды талақ еттік! Оны қазірден бас тап хан деп танымаймыз» деп бар лы-

ғы одан безіп шығады. Міне, бұл «ханталақ» деп аталады. 

Қазақ салты бойынша, ханды талақ еткен соң, оның маңында бір-

де-бір адам қалмай, түгел көшіп кетеді. Сөйтіп, халықпен са нас па ған 

хан айдалада қалады.



Айып төлетіп, аяққа жығу

Қ

азақ салтында заң-жарғыларға қиғаштық жасап, салт-дəс  түр -



ді бұзған, елдің береке-бірлігін кетіріп, ұрлық-қиянат істеп, қыл мыс 

өт кіз ген, билер мен ел басқарушыларының əмірін қасақана ат қар ма-

ған, т.б. адамдарды «айыпкер» деп қарап, олардың айыбының ауыр-


117

117


же ңіл д і гі  не қарай ат-шапан айып, яғни, «үш тоғыз айып», «бес тоғыз 

айып», «жеті тоғыз айып», «жай тоғыз айып» деген сияқты айыптар 

тө ле тіп жəне аяққа жығып кешірім сұратып отырған. Мысалы, «жай 

то ғыз ға» басы ат, аяғы лақ-серкеш сияқты тоғыз мал немесе тоғыз зат 

тө лет се, ал «тоқал тоғызға» басы ат, түйе, аяғы тоқты-торым қатарлы 

18 мал немесе 18 зат төлеткен, сондай-ақ, оған қосымша «басына қо-

сақ» деп бас биге бір ірі қара, «соңына тіркеу» деп одан кейінгі биге 

бір ұсақ мал, «бауыздауға» деп жиналған топ түсетін үйге соятын бір 

қой бергізген. 

Үлкен  адамдарға,  билерге,  əйелдерге  қол  жəне  тіл  тигізгендер 

мен əлденеге жазықты болғандарды аяққа жығып кешірім сұратқан. 

Ал рулар мен жеке адамдар арасындағы əдеттегі қақтығыстарды қа-

лыс адам араға түсіп, оларды бір арадан дəм татқызып татуластырып 

отыр ған. 

Айып – заңдық салт, əлденеге кінəлі болған адамға, сол кінəсі үшін 

төлететін экономикалық жаза. «Айыптың» түрлері өте көп. Оның же-

ңіл де рі не тон немесе ат төлетсе, ауыр кінəлі болғандарға түйе бас тат-

қан  тоғыз,  ат  бастатқан  тоғыз  деп  ауырырақ  айып  салады.  Мысалы, 

түйе бастатқан тоғыз – үш түйе, үш жылқы, үш сиыр болса, ал ат бас-

тат қан тоғыз – үш жылқы, үш сиыр, үш қойдан тұрады.

Аяққа  жығу  немесе  аяққа  жығылу  –  кешірім  сұраудың  ең  ауыр 

түрі.  Онда  кінəлі  адамды  ағайын-туыстары:  «барып  аяғына  жы  ғыл» 

деп үгіттеп, оны өзі айыпты болған адамның аяғына жығып, ке ші рім 

сұ ра та ды немесе айыпты адам өз еркімен қарсы жағына барып ая  ғы  на 

жы ғы лып, кешірім сұрайды. Қазақ салтында, айыпкер аяғына жы ғыл-

ған соң, қандай ауыр күнə болса да кешіріледі.



Етегін кесіп, елден қуу

Қ

азақ салтында ата-анасы мен ел-жұртының қадірменді кі сі ле-



рі не  қол  жəне  тіл  тигізген,  елін,  жерін,  Отанын  сатқан,  ел  намысын 

қорлатқан,  пасықтық  істеп,  досқа  күлкі,  дұшпанға  таба  қылған,  көп 

рет  тəрбие  берсе  де  түзелмеген,  бұзақылықтан  тыйылмаған  ке  сір  лі 

адамдарды билер мен ауыл ақсақалдары дүйім жұрт алдында олар  дың 



118

118


қылмыстарын  мойындарына  салып,  екі  етектерін  кесіп  алып,  елден 

қуғандықтарын жариялап, алыс бір жерге апарып тастайды. Бұл ете-



гін кесіп, елден қуу деп аталады. 

«Етегін кесіп, елден қуып» жіберілген адамға ешқандай адам жылы 

қабақ танытпайды. Рақым-шапағат көрсетпейді. Өлсе жаназа оқы май-

ды. Біреу өлтіріп кетсе, құн сұрамайды. Қайта, оларды көр ген дер «ете-

гі кесіліп, елден қуылған бұзақы» деп, көрген жерден ма ңы на жуы май 

қашады.


Дүре соғу

Д

үре соғу – ұрылар мен қарақшыларға, тонаушылар мен ба рым-



та шы лар ға  жəне  дүрелеуге  лайықты  басқадай  қылмыс  өт кіз ген дер-

ге көп алдында ашық қолданылатын ауыр масқаралау жа за ла ры ның 

бірі.  Алайда,  «дүре  соғудың»  да  өз  жөн-жосығы,  өлшем-бірлігі  бар. 

Мысалы, «дүре соғу» жазасы берілетін қылмыскердің күнəсінің ауыр-

же ңіл ді гі не  қарай  билер  мен  қазылар:  «Бұл  айыпкерге  пəлен  дүре 

со ғыл сын!»  деп  əмір  берген  соң,  атарман-шабармандар  оны  көп тің 

көзінше  етпетінен  жатқызып,  май  құйрығын  жалаңаштап  түреді  де, 

əмір  бойынша  оның  құйрығына  қанша  дүре  бұйырған  болса,  сонша 

дүре соғады. Міне, бұл дүре соғу деп аталады.

Қазақ заң-жарғыларында, қылмыскер дүре үстінде өліп кетсе, оған 

құн төленбейді. Сонымен бірге, дүрелегеннің жөні осы деп қыл мыс-

кер ді  басқа-көзге  ұрмайды.  Сүйегін  сындырып,  көзін  шы ғар май ды. 

Мү ге дек, кемтар етіп тастауға мүлде жол қойылмайды. Тек май құй-

рық қа ғана ұрады.



Тасборан

Т

асборан – ертедегі қазақ жазаларының бір түрі. Əйгілі «Жеті 



жар ғы да» Тəңірге тіл тигізген, ел-жұртына опасыздық жасап, сат қын-

дық істеген, ел-жұрт бұрын-соңды естіп көрмеген ауыр қыл  мыс жаса-

ған, хайуандықпен адам өлтіріп, бейкүнə халықтың қанын төк кен, т.б. 

адамдарды «кешірілмес қылмыс өткізді» деп, олардың қол-ая  ғын бай-



119

119


лап жұрт ортасына алып шығады да, таспен ұрып өл ті ре ді. Міне, бұл 

тасборан деп аталады. Тасборан жазасына бұ йы рыл ған адамды халық 

ортасына  апарып  қояды,  оған  жиналған  жүрт  тү гел  тас  атады.  Егер 

қылмыскер  халық  атқан  тасқа  өлмесе,  онда  арнаулы  ше рік тер  оны 

таспен ұрып өлтіріп, онан соң, апарып жерлеп тастайды. Бұл жаза – 

күнəсін кешіруге болмайтын өте ауыр қыл мыс ты лар ға бе рі ле тін жаза 

түрлерінің бірі.



Талақ

Е

рте  заманда,  еркек  пен  əйелдің  бас  құрап  үйленгендіктерінің 



бел гі сі  –  «неке  оқу»  болса,  ал  олардың  ажырасқандықтарының  бел-

гі сі  «талақ  ету»  болған.  Мысалы,  əйелі  суық  жүріске  салынып,  кү-

йе уі нің  көзіне  шөп  салғандығы  айқындалса  немесе  күйеуінің  бе ті не 

салық, сүйегіне таңба саларлық жаман іс істесе, оның күйеуі көп ал-

дында «талақ, талақ, талақ» деп үш рет айтса, табанда олардың ерлі-

зайыптылық  байланыстары  үзіледі,  яғни,  ресми  ажырасқан  болады. 

Міне, бұл талақ ету деп аталады. Егер олар қайта некеленбек болса, 

онда араға бір ай салып барып, онан соң, қайта неке оқытып барып 

үйленеді.

ҚАРА ЕСЕККЕ ТЕРІС МІНГІЗУ

Қ

азақ  дəстүрінде  ата-анасына  қол,  тіл  тигізген,  бетке  салық, 



сү йек ке таңба саларлық хайуандық қылыққа барған адамдардың мо-

йын дарына құрым киіз байлап, беттеріне қара күйе жағып, қара есекке 

теріс  мінгізіп  (есек  болмаса,  қара  сиырға  теріс  мінгізеді),  екі  ая ғын 

есек тің бауырынан алып таңып, ел-жұртты аралатып, беттеріне тү кі-

ріп мас қа ра лайды. Міне, бұл қара есекке теріс мінгізу деп аталады.

Қара  есекке  теріс  мінгізу  –  өте  ауыр  жаза.  Ол  адамдарды  жаман 

іс-пиғылдардан арылуға, екінші рет жаман іс-əрекетке бармауға, өмір 

бақи адал, арлы болып өтуге жетелейді. Адамдық ар-намыс алдында 

қылмысын шынайы тануға мүмкіндік туғызады.


120

120



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет