“Ќазаќстан Республикасы Мемлекеттік ќызметіне 10 жыл”



Дата13.02.2023
өлшемі46 Kb.
#67580

Тәуелсіздік үні – жыраулар поэзиясында

Биыл Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына 25 жыл. Бұл бір қарағанда аз ғана уақыт аралығы болып көрінгенмен, осы мемлекетке тұратын азаматтар үшін, қиындықтар мен жетістіктерге толы 25 жыл. Осы жылдар аралығында халқымыз сан алуан өзгерістерді бастан өткізді. Қыран бүркіт, көк аспанда қанатын құлаштай сермеп еркін ұшқан, тәуелсіздік аспанында, шығыстан шығатын күніміз үнемі шуақты болғанын қаламайтын жан жоқ шығар.


Қазақ Елі салиқалы ел болып, еңсесін биікке көтеріп, барша әлемге өзінің Егемендігін жариялағанға дейін, қаншама қиындықтарды басынан өткізді. Кітапхана сөрелерінде қазіргі уақытта қазыналы байлығымызға айналып, болашаққа том-том кітап болып сақталған, тарихымызға көз жүгірітсек, көп дүниелерді айтуға болады.
Ержүрек батырларымен білектің күші, найзаның ұшымен, ат үстінде шайқасып, жерімізбен елімізге, көздері қанталап қараған жауларымен шайқасқан. Келешек ұрпақтарының басқа елдің боданында болғандығын қаламаған. Сол үшін де жандарын аямай шайқасып, ұшы қиыры кең жерін, елін, қаншама өр мінезді батырларымыз қорғап қалған.
Содан бері қаншама қилы замандар болды. Кейіннен еліміз 70 жыл Кеңес үкіметінің құрсауында болып, тек “Желтоқсанның ызғарлы, суық желімен”, басымыздағы бодандық ноқтасын шешіп, тәуелсіздік сұрап, алаңға шыққан қазақ жастарының көтерілісінен кейін ғана, азаттыққа қол жеткіздік.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, тәуелсіз мемлекетік әлемге таныстырды. Ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақ Елінің тәуелсіз ел екендігін растайтын тарихымыз туралы қысқаша айта кетсек, елі мен жері, бүгінгі болашақ ұрпақтың азат өмір сүруі үшін аянбай күрескен батырларымыздың ерліктері бүгінгі таңда ұмытылмайды. Сонау тарих соқпақтарына тоқталсақ, ел басқарған билер мен хандар, сол заманда-ақ ел басқару мәселесіне көп көңіл бөлген. Тәуке ханның “Жеті жарғысы”, Есім ханның “Ескі жолы”, Қасым ханның “Қасқа жолы” сияқты, тарихта қалған “ел басқару іздері” осының дәлелі іспеттес.
Бұрынғы өткен заманда өмір сүрген жыраулардың жырлары бүгінде бізге жеткен жыр жауһарлары. Жырлардағы әрбір сөздерінде терең мағыналы ойлар жатыр. Желмаясына мініп елі үшін жайлы жер іздер, ел аралап жүріп, көргендерін халыққа жеткізіп отырған Асан қайғы бабамыз айтқан екен:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер.
Шыбын шықса жаз болып,
Таздар қайтіп күн көрер.
Жалаңаяқ балапан,
Қаздар қайтіп күн көрер.
Көк темір көсеу арқалап,
Ерім қайтіп күн көрер.
Қиыр қонып, шөл жайлап,
Елім қайтіп күн көрер!?
Құйрық жалы жоқ – құлан, аяқ пен қолы жоқ жер бауырлаған жылан, тіптен жазда шыбын шыққанда таздар, жалаң аяқ балапан қаздар қалай күн көрер деп уайыммен жырласа да, шын мәнінде өз жері мен елі жоқ көк темір көсеу арқалап, ер жігіт қалай күн көрер десе, нақты өзіне тиесілі жері болмаған халқы арлы-берлі көшіп қонып қалай көрер екен деп жырларында ашық көрсеткен. Байырғы заманда халық жазу жазып, әріп танымаған, осындай жырларымен халықты сусындатып, назарын өздеріне аудартартқан, шешен жыраулардың жырларын тыңдаған. Сондықтанда жыраулардың әрбір жырлары халықтың санасын оятып, қолында бар жері, қолдайтын халқы, теңдессіз тәуелсіздігін бағалай білсін деп, әртүрлі теңеулер келтіре отырып, халыққа түсінікті тілмен жеткізіп отырған.
Бұл заманда не ғарып?
Ақ қалалы бөз ғарып,
Жақсыларға айтпаған
Асыл шырын сөз ғарып,
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғарып,
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғарып,
Бетегелі бел ғарып.
Қаз-үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғарып,
Мұритын тауып алмаса
Азғын болса пір ғарып,
Ата жұрты бұқара
Өз қолыңда болсада
Қайратты туған ер ғарып.
Асан қайғы жырау, ел арасында танымал болған, сондықтан, ел аралап жүріп көріп-біліп, түсінген, жақсыларға асыл шырын сөз арқылы жырымен жеткізбесе, қадірі болмайтындығын, жырда көріп отырмыз. Қаз-үйрегі болмаған, айдын шалқан көлден не қайыр болса, ұлан қайыр даламыз бен жерімізді қорғайтын, қайратты туған батырларымыз болмаса қадірі болмайтындығын да жырлаған.
Келесі жыр жолдарында ел мен жерінің қадірі туралы менімше ашық айтылған:
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін!
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін!
Ауылдағы жамандар
Ер қадірін не білсін!
Көшіп қонып көрмеген
Жер қадірін не білсін!
Көшсе, қона білмеген
Айтқаныңа көнбеген
Жұрт қадірін не білсін!
Көлде маңғаздана жүзген қоңыр қазға, қыр қадірі, қырда жұрген дуадаққа су қадірі белгісіз. Осындай мысалдар келтіре отырып, ауылда жүріп шалғайда жері мен елінің азаттығы үшін шайқасып жүрген ер жүрек батырларының қадірін түсінбейтін жамандарға қынжылады. Тұрақты жері жоқ, арлы-берлі сандалып көрмегендер, жер қадірін түсінбейді, жырлап айтқаныңа көнбейтіндерге, жұрт қадірін түсінбейтіндігін жеткізгісі келеді.
Қаншама ғасырлар мен жылдар, сан қилы-қилы замандар өтседе, Асан қайғы сияқты жыраулардың жарлары, бүгінгі ұрпаққа дейін жетіп, өз құндылығын сақтап отыр. Өткен өмірге көз жүгіртпей, келешекке адымдай қадам басу қиын. Тарихы мен мәдениеті жоқ халық, тұл жетім іспеттес. Тарихта талай елдермен шайқасып, халықтарын зар қақсатқан, жоңғар елінің қазіргі уақытта не жері, не халқы жоқ. Осындай ол шеті мен бұл шеті кең байтақ жер мен жандары жайсаң халқы бар, Отанымыз бар екендігіне қуанамын. Бүгінгі таңда сәбилердің шат-шадымен күлкісі естіліп, тәуелсіздігіміздің көк туын желбіретіп, зор мақтанышпен Қазақ жері деп айқайлап айта алатын күнге жеткізген, ата-бабаларымыз, білекті, қайратты, жүректі батырларымызға зор риза болуымыз қажет.
25 жылдық тәуелсіздік тарихында көптеген игі бастамалар болды. Не түрлі инновациялық негіздемелер қолға алынып, мемлекет тарапынан қолдауға ие болды. Қазақстан-2030, Қазақстан-2050 стратегиялық жоспарлары құрылып, Елбасының тікелей бақылауымен, бұл жоспарлардың орындалуын бақыланып отырғандығын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы байқап отырамыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың да Тәуелсіз Қазақстан үшін сіңірген еңбегінің зор екендігін білеміз. Қазақ елін бүкіл әлемге таныту үшін көптеген шаралар жасады. Жан-жақтан сұқтана қарағандарға елімізде ынтымағы берік, тату өмір сүріп жатқан халқымызды көрсетті. Көптеген білім қуған жастар шетел асып, білім толықтыру мүмкіндігіне ие болды. Жалпы елімізде жақсы, игі істер жасалынып жатыр.
Тәуелсіз, азат еліміздің, өркендеп көркеюі үшін біздер де аянып қалмай өз үлесімізді қосуымыз керек.

Елбасы елімнің мақтанышы,


Мақтанышы, халқымның қорғанышы
Әр кезде елі үшін, жанын қиып,
Өрге басар, бастаған барлық ісі,

Елбасы біздер үшін дара тұлға


Бар баланы бастайтындай жақсы жолға
Бейбіт, тыныш өмір сүре берер халқым
Көш басында сіздей тұрса жан аға!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет