“Ќазаќстан Республикасы Мемлекеттік ќызметіне 10 жыл”



Дата31.01.2023
өлшемі51,5 Kb.
#63930
Байланысты:
эссе отансуйгиштик


Бүгінгі таңда отансүйгіштікке қажеттілік бар ма?
«Біз Қазақстанның барлық азаматтарының Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» (Н. Ә. Назарбаев)
Қазіргі таңда өмір үнемі өзгеріп, қоғам үздіксіз дамып отырған шақта ақыл - ойы озық, білімі мен біліктілігі жоғары, ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелеу қажеттілігі күн озған сайын артып отыр. Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, ерекше ізгі қасиеттермен қатар Отансүйгіштіктің де керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата - бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Отансүйгіштік сезімді, білім мен біліктілікті, дағды мен шеберлікті, адамгершілік қадір - қасиеттерді қалыптастыру үлкен қажеттілік. Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!

  • деп жырлаған Мағжан Жұмабаев атамыздың өлең жолдарын талдап қарасақ, қаншама ой жатыр. Ақын өзінің рухты өлеңі арқылы жастардың жүрегіне сенім ұялатып, жігерлендіреді. Әрбір жастың жүрегіне Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті ұялата білді. Айбынды Алаш елінің туы, ер мінезді, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қайратты жастар бар кезде ешқашан төмен түспейді.

Кезінде қаншама жылдар бұрын Қазақ елін құрып, сол елдің алпауыт, мықты басқа елдердің талауына қалмай, біртұтас ел болып қалуы үшін, шайқасқан, Керей мен Жәнібек хандардың дәуірінен бастап қарасақ, еліміз қаншама қилы замандарды бастан кешті. Айдауда малы, бодан болып қаншама есіл ерлер кетті. Алайда сол кездері қандай қиындықтар болмасын төзім мен ерік-жігердің арқасында, қазақпын деп жүрегі тынбай соққан азаматтардың арқасында, бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткізіп отырмыз.
Тарихтың тарғыл тармақтарында, еліміздің қиында, ауыр кезеңдерді бастан кешкендігін, тайға таңба басқандай көрсетеді. Ақтабан шұбырынды мен Алқакөл сұлама, туған жерін, Отанын тастап кетуге әкелген, ашаршылық, қаншама Алаш елім деп еңіреген асыл азаматтардың, отаны үшін құғын-сүргінге ұшырауы, одан кейінгі Кеңес Үкіметінің боданында 70 жыл өткізген жылдар, аталған жайттардың барлығы да, үлкен ой түйерлік деректер. Сондықтан да білектің күші, найзаның ұшымен келген Тәуелсіздігіміздің әрбір сәтін бағалай білуіміз қажет.
Қазақ Елі салиқалы ел болып, еңсесін биікке көтеріп, барша әлемге өзінің Егемендігін жариялағанға дейін, қаншама қиындықтарды басынан өткізді. Кітапхана сөрелерінде қазіргі уақытта қазыналы байлығымызға айналып, болашаққа том-том кітап болып сақталған, тарихымызға көз жүгірітсек, көп дүниелерді айтуға болады.
Уақыт. Заман. Ғасыр. Зырылдап өтіп жатқан уақыт, кезең-кезеңімен өзгеріп жатқан заман, барлық өзгерістерге үнсіз ғана куә болып жатқан ғасыр. Қазіргі уақытта заман ағымы мен талабы мүлдем басқа арнаға ауысты десе де болады.
Сондықтан ұстаздың алдында жас ұрпақты адал, шыншыл, сергек, өмірге құштар, көзі ашық, көкірегі ояу, қуаныш пен ренішке ортақтаса алатын, өз Отанын сүйетін, өз жерінің, елінің иесі бола алатын, еркін ойлау қабілеті бар, мәдениетті, іскер, адамдық қасиетке ие, рухани жан дүниесі бай, жаны, ары таза азамат тәрбиелеу міндеті тұр.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі ұрпақ тәрбиесі. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Ең қасиетті Отанымызды, елімізді, жерімізді, сеніп тапсыратын, салт - дәстүріміз бен дінімізді, тілімізді келер ұрпаққа одан әрі жеткізеді деп сенім артамыз, ата - бабаларымыздың күресімен жеткен ұлы істерді жалғастырса екен дейміз. Халқымыз балаға жөргегінен бастап ер жеткенге дейін ұлттық ізгілікті, имандылық пен мейірімділік сияқты рухани қасиеттерді жеткізіп отырған. Қай заманда болса да әр халықтың ұрпағы үлгі тұтар ұлттық салт - дәстүрі, тәрбиесі болуы керек.
Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей жағдай жасау мұғалімнің міндеті.
Патриотизм – бұл Отанын сүю, сол елдегі халықты сүю, соның дәстүрлерін, сенімін құрметтеу. Бұл еліңнің мәдени құндылықтарын танып білуден басталады. Нәресте кезіңнен бесік жырынан бастап, батырлар жырында тәрбиелену сол елдің шаңында аунап, барлық құндылықтарын көзіңнің қарашығындай қорғау және келер ұрпаққа сеніммен тапсыру. Ол туғаннан бастап туыстарға деген игілікті көңілдің сүйіспеншілігі, сол елдің перзенті болғандықтан, сол елге деген қарызыңды абыроймен іске асыру және келер өскелең ұрпақты өзіңнің ісіңнен өнеге алатындай сүйсіндіре білу, сол елдің әр талына, құм - шөліне өзіңді және өзгені табындыра білу!

«Қараңғы ұйқыда» жатқан қалың қара қазақ баласын бірі «маса» болып ызыңдап оятқысы келсе, бірі «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болғысы келді». Ата-бабаларымыз білектің күшімен, көк найзаның ұшымен, жандарын аямай шайқасып, жаулардан қорғаған туған жеріміздің әр тасы мен тауы, өзені мен көлдері, арқалы белдері мен шөлдері біздер үшін қымбат.


«Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақал, басқа елге байлық пен беделге ие болғанша, өз еліңде қарапайым жұмысшы болсаңда, Отаның үшін еңбек сіңіріп ұлтан болған жақсы деген мағына береді.
«Ежелден ел тілегі – ер тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі» демекші әр баланың бойында адамгершілік, батылдық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамытып, жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу болып табылады. Жас ұрпақты аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіре отыруымыз қажет. Осы жерде еліміздің тарихы жетекші орын алады. Қазақ елінің тарихын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін, әрқашан мемлекеттік мүддені көздеп, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Тарихты оқу арқылы отаншылдыққа, өз халқына, басқа халықтарға деген сүйіспеншілікке, жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отаны үшін кез келген қиындыққа әзір тұруға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, елі үшін қызмет етуге дайын болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, өз мүддесін халық, Отан мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Ал, мектептегі тарих сабақтарында ерлікке, жауынгерлікке тәрбиелеу күрделі міндет. Осы жерде ержүрек батырлар мен қолбасшылардың қаһармандығын, ерлігін көрсеткен шайқастары туралы толық нақтыланған материалдар болуы тиіс. «Атамекен, туған жер» ұғымы – әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім – тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпаққа қашан да болса өнеге болмақ.
Отансүйгіштік рух –тәуелсіз еліміздің әлемдік өркениет көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Осы жерде жас ұрпақ ең басты отбасында асқақ отансүйгіштік сезімге тәрбиеленуі тиіс. Ұлы Абай: «Бала мінез үш алуан адамнан жұғады: біріншісі - ата – анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан» - деген екен. Отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына ата-ана, ауыл аймағының ықпалы зор. «Отан отбасынан басталады»-дейді дана халқымыз, отанды сүю – отбасынан басталатыны рас. Сондықтан да бала тәрбиесінде шешуші факторы – отбасы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады.
Сондықтан да Отансүйгіштікке қажеттілік бар ма? деген сауалға, әрине бар дегім келеді, өйткені кіндік қаның тамып, тәй-тәй басып, былдырлап тілің шығып, балалық шағыңның балдәурені өткен, жеріміз қашанда ыстық. Отан – отбасыдан басталады. Отанды сүюді ата-аналарымыз, кішкене кезден үйретіп, бойымызға сіңіру, соны жете-жетесіне дейін түсіну арбір азаматтың міндеті.
Қазір ІХХ ғасыр, ғылым мен техниканың инновациялық идеялардың ғасыры. Қазақ елінен шыққан талай ғалымдар мен білімді азаматтарды басша шетелдерге жұмыстарға шақырып алуда, алайда бұл азаматтар өз елінде, өз Отаны үшін еңбек етіп, Отанымызды, Қазақ елінің гүлденіп, көркеюіне еңбек сіңірсе өте жақсы болар еді.
Өз басым осындай жер қойнауы байлыққа толы, адамдарының жүрегі кең, табиғаты сөзсіз сұлу – Отанымның бар болғанын мақтан етемін.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет