2 Зерттеу бөлімі
Рәбиға Сыздықова қазақ тіл білімінің шоқтығы биік, тіл мәселесін шешуші дара тұлғалардың санатына қосылатын ғалым-ұстаз. Қазақ тiл танымында грамматикалық ойлаудың өрiстеуiне, морфологиялық iлiмнiң дамуына және ұлы Абайдың тілін зерттеген, оған үлес қосқан зерттеушінің артында қалдырған құнарлы мұрасы мол. Ғалым өз зерттеулерiнде грамматиканың аса күрделi, қайшылыққа толы қиын мəселелерiн нысана етiп алды, соларды айқындаудың, себеп-салдарын табудың бағыт-бағдарын көрсетiп отырды. Қазақ тілі грамматикасының теориялық жəне практикалық мəселелерін заманауи тұрғыдан жан-жақты қарастырған Р.Сыздықова еңбегі тілші ғалымдарға жəне көпшілік тіл жанашырларына арналған. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде, қазақ тілін ұғыну барысында адам грамматикалық және лексикалық , фонологиялық мағыналарды меңгеруде, олардың заңдылықтарын оқып-үйренуде ғалымның жасаған еңбегі зор.
Рабиға Сыздықованың тіл біліміндегі ерекше орнын, зерттеу бағыттары мен нәтижелерін, артында қалған өшпес мұрасын зерделеп, өмірін үлгі тұту әр қазақ баласының негізгі мұраты,міндеті болмақ. Жалпы қазақ тілі ғылымының даму тарихында түрлі құбылыстар ,заңдылықтар, көзқарастар мен тұжырымдамалар, зерттеулер күрделі өзгерістерге ұшырап отырған. Соның дәлелі ретінде дәйекті тұжырымдары мен ғылыми зерттеулері қазақ елінің ұрпағын тәрбиелеуде, жалпы қазақ халқының ұлттық болмысында өзіндік қолтаңбасы бар ғалым Р.Сыздықованы қайталанбас тұлға деп атауға болады. Ғалым апаның тынымсыз еңбегінің арқасында тіл ғылымының өзекті мәселелері қатарында морфологияны оқыту ұстанымдары, қазақтың ұлттық әдеби тіл нормалары мен олардың қалыптасу ерекшеліктері, тіл мен сөйлеу мәдениетінің нормалары, орфография мен пунктуацияға енгізген жаңалықтарын жатқызуға болады.
А.Байтұрсыновтың тіл білімі мәселелерін зерттеуде Р.Сыздықованың еңбектерінде ерекше орны бар бай мұрасын өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдырды. А.Байтұрсыновтың қазақ тілі туралы білімнің негізін қалауына ағартушылық идеясы басты себеп болғанын атап өтті. Сонымен қатар ғалымның дидактика және қолданбалы лингвистика, Абай тілі, түркітану мәселелері, лексиканың даму тарихы, негізгі қырлары, көркем мәтін лингвистикасы және оны талдау, тіл білімінің жаңа бағыттары, қазақ тілінің синхрондық және диахрондық жағдайы, тілдегі мақсатты-стильдік саралану секілді тілдік проблемаларды көтеру арқылы жалпы теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды тұжырымдамаларын өсы күнге дейінгі қазақ тілі білімінің саласына қосқан зор үлесі деп атап өтуге болады.
Қазіргі замандағы әрбір елдің, соның ішінде қазақ елінің алдында тұрған ең басты мәселелердің бірі – ол қазақ тілінің өркендеуі, жасампаз болуы. Ұлттық психологиясыны дамытуда, болашақ өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, қазақ халқының ұлттық рухани болмысында ерекше қолтаңбасы бар ұстаз, ғалым Рәбиға Сыздықова сынды дара тұлғаны атау, онымен мақтану кез келген азаматтың парызы деп білеміз. Профессор Рәбиға Сыздықова – әлем мойындаған тұлға, қазақтың арасынан тұңғыш профессор, академик атағын алып, қазақ тілінің өзекті мәселелерін зерттеген тұңғыш әйел.
Достарыңызбен бөлісу: |