Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
«Республикалық қосымша білім
беру оқу-әдістемелік орталығы»
РМҚК директоры
2022 ж. «10» ноября № 118
бұйрығына 1-қосымша
Мектеп парламенті мүшелері арасында «Жетістік портфолиосы» республикалық байқауын қашықтан өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мектеп парламенті мүшелері арасында «Жетістік портфолиосы» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу тәртібін анықтайды.
2. Байқау мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту және насихаттау, білім алушылардың бойында өзін-өзі табысты жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру.
3. Байқау міндеттері:
1) әрбір оқушыға табысқа жету жағдайын жасау;
2) оқушылардың белгілі бір қызмет түріне қызығушылығын қолдау;
3) белсенділік пен дербестікті ынталандыру;
4) мектептің өзін-өзі басқаруын дамытуға ықпал ету;
5) оқушының жеке тұлғасын, оның дарындылығын, қабілетін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
6) оқушылардың өзін-өзі басқару белсенділерінің табысты жұмыс тәжірибесін тарату.
4.Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтық форматында өткізеді.
5.Байқауды ұйымдастырушылар қазылар алқасының құрамын және ұйымдастыру комитетін құрады.
2. Байқауды өткізу мерзімі мен орны
6. Байқау жұмыстары электронды түрде konkurs.sotsped@mail.ru электронды поштасына 2022 жылғы 12 желтоқсанда сағат 18.00-ге (Астана қ. уақыты) дейін қабылданады.
2022 жылғы 12 желтоқсанда сағат 18.00-ден кейін түскен, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін Байқау жұмыстары қарастырылмайды.
Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушылардың сертификаттары 2022 жылғы 23 желтоқсанда www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
7. Ұйымдастырушылар Байқауды өткізу мерзімін ұзартуға құқылы. Ұйымдастырушылар міндетті түрде әлеуетті қатысушыларды Байқауды өткізу мерзімі мен қорытындысын орналастыру мерзімі туралы www.ziyatker.org хабардар етеді.
8. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар авторға сілтеме жасай отырып, байқау материалдарын БАҚ құралдарына жариялауға құқылы.
9. Байқауға қатысу үшін konkurs.sotsped@mail.ru электронды поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет:
1) қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінім;
2) электронды түрде байқау жұмысы.