Қазақстан Республикасы Оқу-ағартуминистрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша



бет3/5
Дата25.11.2023
өлшемі50,7 Kb.
#127985
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-4 жылдық тәрбие

Туғаннан 6 жасқа дейінгі бала тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде:

  • Баланың дербес әрекетіне қолдау көрсету;

  • Баланың шексіз мүмкіндіктеріне сенім білдіру;

  • Баланың қызығушылық танытқан іс-әрекеттерін сынап көруіне мүмкіндік беру ұсынылады.

Ұсынылады:

  • бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар,балалар айтысы және басқа да балалардың тілдік қарым-қатынас жасауына қолайлы халық ауыз әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі қолдану;

  • бала бақшада түскі (ұйқы) демалыс алдында оның жақсы ұйықтап, тынығуы үшін 0-3 жас аралығындағы бөбектерге бесік жырын (басқа да балаларға арналған жағымды әуенді әндер) тыңдату, ал 3 жастан асқан балаларға мейірімділікпен жақсылықты дәріптейтін ертегілер айту дәстүрін енгізу;

  • балалар мен ертегі сағаттары,«Әжемнің ертегісі»,«Бал бала»тіл ширату жобалары мен іс-шараларын жүзеге асыру;

  • балалардың жас ерекшелігін,қызығушылығы мен қажеттілігін ескере отырып ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын,спорттық қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі қолдану ұсынылады.

6-10 жастағы бала тәрбиесі
Ұсынылады:

  • тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны,форматы,көркемдік стилі,ұсынылу тәртібі қазіргі балала дың жас және психологиялық ерекшеліктеріне,қызығушылықтарына,қабылдауынасәйкес болуы;

  • қысқа және ұзақ мерзімде іске асырылатын тақырыптық жобаларды жоспарлау арқылы тәрбие жұмысының жүйелілігін,бірізділігін,тұтастығын қамтамасыз ету;

  • халық ауыз әдебиеті үлгілері,көркем шығармалар тәрбиелік шаралар мен жобалардың мазмұнын қамтамасыз ететін дереккөзі ретінде қолдану;

  • бастауыш сынып білім алушыларының мінез-құлық әдебі мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастырудың құралдарының бірі ретінде қазақ халқының мақал-мәтелдерін,тыйым сөздерін қолдану;

  • ұлттық ойындарды(«Асық ату»өткізу,Хан талапай,Арқан тартыс,Алты бақан,Айгөлек,Белдесу,Саққұлақ,Тымпи,Тоғыз құмалақт.б.)баланың физикалық,зияткерлік тұрғыдан дамуына ықпал ететін құралдардың бірі ретінде қолдану арқылы оның қолданыс аясын кеңейту;

  • әлеуметтік тәжірибелер арқылы адамдарға, жан-жануарларға қамқорлық және табиғатты қорғау аясында жасалған қайырымдылық іс-шараларына тарту,оларды әлеуметтік желілерде насихаттау ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет