5. Академиялық адалдықты сақтамағаны үшін жауапкершілік 21.
Сапалы оқыту мен зерттеудің әділдік және құндылық қағидаттары қызметтегі басты
басымдығы болып табылатын ұжымның кез келген мүшесі – білім алушылар, оқытушылар,
қызметкерлер академиялық адалдықты бұзу мәселелерін қоя алады.
22.
Институт/МСҰМ директораты академиялық адалдықты бұзуға қатысты көтерілген
кез келген мәселені қарастыруы тиіс, ол мәселені жан-жақты зерделеу және академиялық
адалдықты бұзу фактілерін әділ бағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға
міндетті.
23.
Білім алушылар және қызметкерлер оқуға немесе жұмысқа қабылданған кезде осы
Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы керек.
24.
Кодекс нормаларын білмеу оларды сақтамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
25.
Осы Кодекс нормаларын бұзған Академия қызметкерлеріне қатысты ішкі еңбек
тәртібінің қағидалары мен еңбек шартына сәйкес тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.
26.
Осы Кодекстің нормаларын бұзған Академия білім алушыларына қатысты осы
Кодекстің ережелері мен оқу шартына сәйкес шаралар қолданылады.
27.
Институт/МСҰМ директораты және Академия басшылығы академиялық адалдықты
бұзудың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында білім алушылар мен қызметкерлер үшін
қолайлы жағдайды, оның ішінде консультациялар, барлық білім беру бағдарламалары мен
силлабустарда академиялық адалдық қағидаттарын енгізу арқылы жасайды.
6. Жауапкершілік түрлері және жаза қолдану тәртібі 28.
Қызметкерге қолданылатын жауапкершілік түрлері және оларды қолдану тәртібі
Академияның ішкі еңбек тәртібі қағидаларында регламенттелген.
29.
Білім алушыларға қолданылатын жауапкершілік түрлері:
1) ауызша ескерту;
2) жазбаша сөгіс;
3) (қойылған) бағаны төмендету;
4) жұмысты және/немесе қойылған бағаны жою;
5) бағаланатын жұмыстарды, оның ішінде диссертациялық жұмыстарды/жобаларды
қорғауға жібермеу;
6) жасалған теріс қылықты қоғамдық айыптау;
7) білім алушыны пәннен шығару;
8) Академиядан шығару.
Білім беру және зерттеу қызметінде көрініс тапқан академиялық адалдықты бұзғаны
үшін санкциялар үш санатқа бөлінеді: 1-санат, 2-санат, 3-санат.
1-санат білім алушының жеке ісіне енгізбей ауызша ескерту немесе жазбаша сөгіс,
немесе бұзушылық орын алған жұмысты қайта жасау талабымен бағаны төмендету. 2-санат
білім алушыны пәннен шығару немесе тапсырма үшін, не пән бойынша білім алушының
бағасын төмендету, не жұмысты және/немесе қойылған бағаны жою немесе білім алушының
жеке ісіне енгізілетін жазбаша сөгіс. 3-санатқа сынақ мерзімі, сабақтан шеттету немесе оқудан
шығару, соның ішінде теріс қылықты қоғамдық айыптау жатады.
Әрбір жеке бұзушылық оқиғасы оқиғаның күрделілік дәрежесін, бұрын тіркелген
бұзушылықтардың бар-жоғын назарға ала отырып, жеке бағаланады.
30.
Бұзушылық фактілері мен жауапкершілік дәрежесін Институт/МСҰМ директораты
қарайды. Жасалған теріс қылықты қоғамдық айыптау немесе Академиядан шығару түріндегі
жаза Академиялық кеңестің отырысында Магистранттар мен докторанттардың кеңесі
өкілдерінің қатысуымен қаралады, бұл білім алушының құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.
31.
Әрбір жағдайды қарау бойынша материалдар хаттамамен ресімделуі және білім
алушының жеке ісінде немесе қызметкердің жеке ісінде сақталуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының Әдеп
және академиялық адалдық кодексіне
1-
қосымша