Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару


 Академияның білім алушысы мен қызметкерінің әдебі



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата30.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#53800
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
adep-zhane-akademiyalyk-adaldyk-kodeksi-kz

 
1. Академияның білім алушысы мен қызметкерінің әдебі 
 
Білім алушылар мен қызметкерлер: 

жалпы 
жұрт таныған 
мораль 
нормаларын сақтайды 
және
жалпы 
адами құндылықтарды құрметтейді; 

академиялық адалдық нормаларын сақтайды; 

Академияның беделін нығайтуға жәрдемдеседі және оған зиян келтіретін мінез- 
құлықтан аулақ болады; 

өзгелердің құқықтарын, ар-намысын және абыройын құрметтейді; 

әділетсіз қарым-қатынас жасауға және кемсітушіліктің, тіл тигізудің және 
қысымшылықтың барлық түрлеріне жол бермейді; 

әңгімелесу барысында сыпайылық танытады және күлімдейді; 

шешім қабылдауға жеке көңіл білдірулермен немесе жеккөрініштілікпен әсер етуге 
мүмкіндік бермей, өзінің мінез-құлқын, сезімін және эмоциясын бақылайды; 

барлық адамдармен қызметтік немесе әлеуметтік жағдайына қарамай бірдей дұрыс 
қарым-қатынас жасайды; 

әріптестерінің іскерлік қасиеттерін, мінез-құлықтары мен жеке өміріне қатысты теріс 
пікірлер білдіруден тартынады; 

өз міндеттерін жоғары жауапкершілік, тәртіптілік, әділдік және адалдық таныта 
отырып орындайды; 

ұжымда 
өзінің жұмыс пен оқуға деген қатынастарымен 
позитивті 
моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді; 

қызмет бабындағы сыйластықты және іскерлік этикетті сақтайды; 

өзінің кәсіби, басқарушылық және тұлғалық құзыреттіліктерін дамытады; 

іскерлік киім стилін ұстанады; 

Академияның мүлігі мен жабдығына ұқыпты қарайды, тазалық пен тәртіпті сақтайды; 

Академияның позитивті имиджінің артуына ықпал етеді және Академия имиджіне 
нұқсан келтіретін ақпаратты таратуға жол бермейді. 
2. Академиялық адалдық


Академиялық адалдық – бұл академиялық және ғылыми ортадағы мінез-құлық 
принциптері, қағидалары мен құндылықтардың жиынтығы. Ол жеке жұмыс орындау, 
бейтаныс адамның зияткерлік еңбегіне құрметпен қарау және көшіріп алу, плагиат (бөгде 
адамның зияткерлік меншігін иелену), өзін-өзі плагиаттау, жасырып қалу, келісу, білімді 
ағымдық және қорытынды бақылау тапсырмалары туралы ақпаратты заңсыз беру; бір 
жұмысты бағаланатын тапсырмалардың әртүрлі түрлеріне ұсыну; анық емес деректерді 
(бұрмалау) ұсыну және тәртіпсіз академиялық мінез-құлықтың өзге де әрекеттерін жасау 
сынды жосықсыз тәжірибеден бас тарту барысында танытылатын парасаттылық, адалдық пен 
жауапты мінез-құлықты қамтиды. 
«Академиялық адалдық лигасы» жоғары оқу орындары қауымдастығының (бұдан әрі - 
Лига) мүшесі бола отырып, Академия өз қызметінде Лига жариялаған академиялық 
адалдықтың он негізгі қағидатын ұстанады және іске асырады: 
1) Академиялық адалдық Лиганың әрбір мүшесінің, оның білім беру процесі мен 
зерттеулерінің негізгі құндылығы болып табылады. 
2) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықтың нақты, әділ және объективті 
стандарттарының, дәйексөз және мінез-құлық ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. 
3) Лиганың әрбір мүшесі академиялық және / немесе зерттеу мақсаттары үшін 
ұсынылған сипатына, мазмұны мен көлеміне қарамастан, барлық жазбаша жұмыстардың 
плагиатына міндетті тексеруді қамтамасыз етуге жауапты болады. 
4) Лиганың әрбір мүшесі білім алушының академиялық адалдық қағидалары мен 
стандарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етеді. 
5) Лиганың әрбір мүшесі өзінің оқыту нәтижелерін әділ және объективті бағалау жүйесі 
шеңберінде білім алушыларға жоғары талаптар қояды. 
6) Лиганың әрбір мүшесі үздіктерге ғана өз оқуын аяқтауға мүмкіндік береді. 
7) Лиганың әрбір мүшесі дипломымен расталған кадрларды даярлау сапасына жауапты 
болады. 
8) Лиганың әрбір мүшесі оқытушының академиялық адалдықтың принциптері мен 
стандарттарын, өзара құрмет пен әділдікті үйрететін ментор ретіндегі жоғары жауапкершілігін 
қамтамасыз етеді. 
9) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықты ілгерілету мен қорғау білім беру 
ұйымдарындағы барлық білім алушылар мен қызметкерлердің өзара күш-жігерінің нәтижесі 
болып табылатынын мойындайды.
10) Лиганың әрбір мүшесі өзіне жүктелген міндеттемелерді, оның ішінде Лига 
қызметінің негізгі принциптерін адал орындауға міндеттенеді. Ол Жарғыға немесе Лиганың 
актілеріне, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаттары мен стандарттарына, соның ішінде 
Лига қызметінің негізгі принциптеріне сәйкес міндеттемелерді орындамағаны үшін ұйымнан 
шығарылатынын түсінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет