Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы күні



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата03.03.2017
өлшемі2,79 Mb.
#6028
1   2   3   4   5   6   7

бірлестіктер назарына 

6

Хантәңірі



g. hantaniri@mail.ru.

2015— Қой жылы, сәрсенбі, 4 наурыз

« Қ а з а қ с т а н 

Р е с п у б л и к а с ы н д а ғ ы 

сайлау  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Конституциялық 

Заңының  (бұдан  әрі  –  Сайлау 

туралы Конституциялық заң)  

10 – бабының  3 – тармағына 

сәйкес  Райымбек  аудандық 

мәслихаты   аудандық мәслихат 

депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының 

құрамдарына  ішінара  өзгерістер  енгізу  жөніндегі  жұмыстардың 

басталғанын хабарлайды.

Саяси  партиялар,  өзге  де  қоғамдық  бірлестіктер,  олардың 

құрылымдық  бөлімшелері,  жоғары  тұрған  сайлау  комиссиялары 

2015  жылғы  4  наурыздан    4  сәуірге  дейін  аудандық  мәслихатқа 

мынандай құжаттар тапсырады:

1. Тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну 

туралы  саяси  партия  органының,  өзге  қоғамдық  бірлестіктің, 

олардың  құрылымдық  бөлімшелерінің  отырысы  хаттамасынан 

үзінді көшірме, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясының шешімінен 

үзінді көшірме.

2. Саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың 

құрылымдық  бөлімшелерінің  әділет  органдарында  тіркелгендігі 

туралы құжаттың көшірмесі.

3.  Кандидаттың  сайлау  комиссиясының  жұмысына  қатысуға 

келісімі  туралы  белгіленген  нысандағы  өтініші.  (Өтініш  нысанын 

мәслихаттан алуға болады)

4.  Сайлау    комиссияларының  құрамына  кандидаттар  туралы, 

бағдарламалық  қамтамасыз  ету  арқылы  электрондық  және  қағаз 

форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер.

5. 

Соттылығын анықтау жайлы анықтама.

6. 

Мекен-жай анықтамасы.

7. 

Жеке куәліктің көшірмесі.

Әрбір  саяси  партия  сайлау  комиссиясының  құрамына  бір 

кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының 

құрамына  осы  саяси  партияның  мүшесі  болып  табылмайтын 

кандидатура ұсынуға құқылы.

Белгілеген  мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған

жағдайда,  мәслихаттар  сайлау  комиссиясын  өзге  де  қоғамдық 

бірлестіктердің  және  жоғары  тұрған  сайлау  комиссияларының 

ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау  комиссиясының  құрамына  ұсынылатын  адам  Сайлау 

туралы

Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау  комиссиясының  мүшесі  тиісті  комиссия  орналасқан 

әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.

Мәслихатқа 

ұсынылатын 

қағаз 

форматтағы 

барлық 

құжаттарға  қол  қойылған, 

мөрмен  расталған  болуға  және 

орындалған  күнін,  орындаушы 

туралы,  оның  аты-жөні  мен 

телефон  нөмірі  көрсетілген 

белгіні қамтуға тиіс.

Сайлау 

комиссияларының 

құрамына  ұсыныстарды  қабылдау  2015  жылғы  4  сәуірге  дейін, 

дүйсенбі-жұма  күндері  сағат  9.00-ден  18.30-ға  дейін  жүзеге 

асырылады, үзіліс – 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Құдабаев  Ерлан  Әкімбайұлы  –  Райымбек  аудандық 

мәслихатының хатшысы.

Мәслихаттың  орналасқан  жері:  Кеген  ауылы,  Б.Момышұлы 

көшесі №19 «а» үй, 3 қабат, №1 кабинет.

Жауапты  адам  –  Молдабаев  Болат  Сағатбекұлы,  каб.  №17, 

телефон  коды:  (872777),  қызметтік  телефоны:  2-27-90,  ұялы 

тел.:– 8-777-582-04-51, факс: 2-12-43, электрондық почта: raim-

bek_maslihat94@mail.ru

      ІшІнаРа ӨЗгЕРІСТЕР ЕнгІЗІлЕТІн Сайлау КоМиССиялаРының ТІЗБЕСІ

Р/н

№ 

Комиссия түрі  

округ немесе учаске нөмірі 

Сайлау комиссиясының орналасқан жері            Бос орын

1.


№ 659

Нарынқол ауылы, Ұзақ көшесі, 35, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебінің ғимараты

2.

№ 663


Қаратоған ауылы, Н.Өмірзақов көшесі, 41, Н.Өмірзақов атындағы орта мектеп ғимараты

3.


№ 665

Жаңа Текес ауылы, М.Әуезов көшесі, 15, Жаңа Текес орта мектебінің ғимараты



Райымбек  аудандық  мәслихатының хатшысы   Е.ҚұдаБаЕв.

БаСПаСӨЗ    ХаБаРлаМаСы

2015 жылдың 25 ақпанында

Қазақстан

Республикасы

Президенті

жанындағы

Орталық  Коммуникациялар

Қызметінің  (ОКҚ)  алаңында

«Бюджетті

оңтайландыру

шеңберінде

мұнай-газ

саласындағы

жобаларды

іске  асыру»  тақырыбындағы

Қазақстан

Республикасы

Энергетика  министрлігінің

Бірінші  вице-министрі  Ұ.С.

Қарабалиннің  қатысуымен

брифинг өткізілді.

- Қазып алынатын отынның

айтарлықтай қоры арқасында

Қазақстан

Республикасы

мұнай  баламасымен  алғанда

бастапқы

энергетикалық

ресурстарды өндіру бойынша

жалпы


жылдық

көлемі


шамамен  157  млн.  тоннаны

құрап, әлемдік 20 көшбасшы

елдің  қатарына  кіреді.  2013

жылдың


көрсеткіштеріне

сәйкес  біздің  еліміз  мұнай

және газ конденсатын өндіру

бойынша


81,8

миллион


тоннаны  құрап,  дүние  жүзі

бойынша


17-ші

орында


орналасқан.

Тәуелсіздік

жылдарында

Қазақстан

Республикасының

мұнай


және газ конденсатын өндіру

1991  жылғы  көрсеткішке

сәйкес 25 миллион тоннадан,

2014  жылы  шамамен  81

миллион  тоннаға,  яғни  үш

есеге артты, - деп мәлімдеді ҚР

Энергетика  министрлігінің

Бірінші


вице-министрі

Ұзақбай Қарабалин.

Мұнайды  өндіру  көлемі

бойынша


Қазақстан

Республикасында

32,2

млн.


тоннаны

құрайтын

көрсеткішпен

жетекшілік

етіп  келе  жатқан  аймақ

Атырау


облысы

болып


табылады.

Одан


кейін:

Маңғыстау облысы (18,5 млн.

тонна),  Батыс  Қазақстан

облысы  (13,1  млн.  тонна),

Қызылорда облысы (9,9 млн.

тонна),  Ақтөбе  облысы  (7,1

млн. тонна), Жамбыл облысы

(20,7  мың.  тонна),  Шығыс

Қазақстан  облысы  (0,7  мың

тонна).


2014  жылдың  көрсеткіш-

теріне


сәйкес

мұнайды


өндіру

көлемі


бойынша

Қазақстан  Республикасында

келесі  реттегі  компаниялар

жетекшілік етіп келеді:

« Те ң і з ш е в р о й л »



ЖШС – 26,7 млн. тонна

Қ а р а ш ы ғ а н а қ



Петролеум Оперейтинг – 12,2

млн. тонна

«ҚазМұнайГаз»  РД»



АҚ – 8,1 млн. тонна

•«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

– 6,3 млн. тонна

«CNPC



-

Ақтөбемұнайгаз» АҚ – 5 млн.

тонна



« Қ а з г е р м ұ н а й »



ЖШС БК – 3 млн. тонна

«Петро  Қазақстан



Құмкөл  Ресорсиз»  АҚ  –  2,2

млн. тонна

«Қаражанбасмұнай» АҚ – 2,1



млн. тонна

2015 жылы мұнайды өндіру

көлемі  80,5  млн.  тоннаны

құрайтындығы

күтілуде.

Мұнайды


қайта

өңдеу


бойынша көрсеткіш 14,3 млн.

тонна деңгейін құрайтындығы

жоспарлануда.

Мұнайдың

экспорты  60  млн.  тоннаны

құрайтындығы күтілуде.

Ағымдағы

жылы


әлемдік  мұнай  бағасының

айтарлықтай

төмендеуінің

тигізген  кері  зардаптарын

байқап

отырмыз.



Осы

орайда


Қазақстан

Р е с п у б л и к а с ы н д а ғ ы

кен

орындардың



көп

бөлігі  қазып  шығарудың

кешеуілдеп қалған сатысында

орналасқан,  яғни  бағаның

түсуі

мұнай


өндірудің

экономикалық  тиімділігіне

өзінің  кері  әсерін  тигізеді,

-  деп  түсіндіріп  өтті  Ұзақбай

Қарабалин.

-  Өздеріңіз  білетіндей,

осыдан 50 жыл бұрын барлық

әлемдегі  мұнай  өндіру  әдісі

өздігінен ағу негізінде жүзеге

асып  отырды.  Қазір  мұнай

5-6  метр  тереңдікте  жатыр,

сондай-ақ  оның  құрамында

әр  түрлі  қоспалар  кездеседі

және  жабысқақтық  деңгейі

де  әр  түрлі  болып  келеді.

Дәл


осындай

мұнайды


пластқа  айдау  үшін  әр

түрлі    агенттерді  (бу,  су,  газ)

қолдану қажет, бұл өндірудің

өзіндік


құнына

әсерін


тигізеді, - деп жалғастырды өз

баяндамасын  ҚР  Энергетика

министрлігінің Бірінші вице-

министрі Ұ.С. Қарабалин.

-

Мұнайдың



әлемдік

бағасының

айтарлықтай

төмендеуіне

байланысты

ҚР


Энергетика

министрлігімен  республика

бойынша  мұнайды  өндірудің

болжамдық  көрсеткіштерін

айқындау

үшін


талдау

жұмыстары

жүргізілді.

Жоғарыда

айтылғанға

сәйкес


ҚР

Энергетика

министрлігінің

жанында


ҚР  Қаржы  министрлігінің,

ҚР


Ұлттық

экономика

министрлігінің,

«KA-


ZENERGY»

мұнай-газ

және

энергетикалық



кешенді

үйлестіруші

ассоциациясының  және  «ҰК

«ҚазМұнайГаз»  АҚ  өкілдері

мүшелік  ететін  Жұмыс  тобы

құрылды,  -  деп  мәлімдеді

Ұ.С. Қарабалин.

Аталған


Жұмыс

тобы


ағымдағы  жылдың  1  сәуіріне

дейінгі


мерзімде

келесі


мүмкіндіктерді қарастырады:

Әлемдік



мұнай

бағасына

сәйкес

сыртқа


шығарылатын

мұнайдың

кедендік баж салығын есептеу

әдістемесін әзірлеу;

П а й д а л ы



қазбаларды

өндіру


салығының

жеңілдетілген

мөлшерлемесін

тиімділігі

төмен

кен


орындарына

қолдану;


Жер


қойнауын

пайдаланушылармен

түсім

(рент)


салығы

төленген

жағдайда экспорттық кедендік

баж  салығын  қоса  есептеу

мүмкіндігін қарастыру.

Сондай-ақ есептік мерзімде

Қазақстан  Республикасында

мұнай  өндіру  қарқынының

кемуіне  қарамастан,  алдағы

жылдары  мұнай  өндірудің

көлемі  артып,  2017  жылы

–  86  млн.  тоннаны,  2020

жылы  –  104  млн.  тоннаны

құрайтындығы жоспарлануда

екенін  атап  өту  маңызды.

Бұл  негізінен  Теңіз  кен

орнындағы

өндірістің

кеңеюімен  және  Қашаған

кен


орнындағы

теңізден

мұнай  өндірудің  қайта  іске

қосылуымен  байланысты,    -

деп  атап  өтті  ҚР  Энергетика

министрлігінің Бірінші вице-

министрі Ұ.С. Қарабалин.

Сондай-ақ

Ұ.С.

Қарабалин  БАҚ  өкілдеріне



жоғарыда  аталғаннан  басқа

көмірсутектерді  тасымалдау

саласындағы  іске  асырылып

жатқан  жобалар,  Қазақстан

Республикасын  Газдандыру

бойынша  бас  сызбаны  іске

асыру, еліміздегі геологиялық

талдау қызметі, отандық тауар

және  қызмет  өндірушілерді

қолдауға,  жұмыс  орындарын

сақтап қалуға бағытталған ҚР

Энергетика  министрлігімен

және  басқа  да  мемлекеттік

органдармен

атқарылып

жатқан


шараларға,

сондай-ақ  ҚР  Энергетика

министрлігінің  құзыретіндегі

басқа


да

мәселелерге

тоқталып өтті.

Қазақстан Республикасы 

Энергетика министрлігінің 

баспасөз қызметі

97-68-83, 97-69-27.

Заң мен Сана



ана  тілді  қастерле

Хабарлама

Алматы


облыстық

сотының


кеңсесі

бос


мемлекеттік

әкімшілік

лауазымды

орындарға

конкурс  жарияланғандығын  хабарлайды.  Жастар

тәжірибесінен  өтіп  жатқан  қызметкерлер  болса,

олардың арнайы тестілеуден өтіп, конкурсқа қатысуға

болатынын хабарлаймыз.



алматы облыстық соты 

Персоналды  басқару ( кадр қызметі)

Бөлімінің басшысының м.а   в.Балапанова. 

(87282)  55-8772    телефон  арқылы    хабарласуға 

болады.

Мемлекеттік  тіл,  яғни    қазақ  тілі-әлемдегі 

алты  мыңға  жуық  тілдердің  ішіндегі  қолдану 

өрісі  жағынан  жетпісінші,  ал  тіл  байлығы  мен 

көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар 

қатарындағы тіл.             

Қазақстанда  тұратын  жүзден  аса  ұлт  өкілдері 

тұрады  сол  елде  тұратын  азаматтар  әдеп-ғұрпын 

мәдениетін,  тілін  білуі  міндетті.  Елбасының 

бағдарламасын  жүзеге  асыруда  мемлекеттік 

органдарда  мемлекеттік  тілді  дамыту  бойынша 

біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатқаны 

мәлім.  Елбасы  белгілеген  басым  бағытты  іске 

асырудың жарқын көрінісі ретінде  ауылдық селолық 

округтерінде  соттардың  ұдайы  ашық  есік  күнін 

өткізіп отыруы жолға қойылған бұл шара барысында 

сот  жұмысынан  толғандырып  жүрген  мәселелер 

бойынша  мәлімет  алып,  судьялармен  сондай-ақ  сот 

қызметкерлерімен пікірлесе алады. Қазақ халқының 

басты байлығы, баға жетпейтін алтын қазынасы – ана 

тілі. Ана тіліне салғырт қарау –өз халқының өткеніне, 

бүгініне,  болашағына  немқұрайлы  қарау  деген  сөз.

Тоқсан рулы елдің дауын тобықтай сөзбен түйіндеген 

ата-бабамыздың дәстүріне сай,  қазақ тілінде жүйелі 

сөйлей білсек,бәрімізге де абырой.

аудандық сотының

бас маманы М.М.Усенов.

ӨРКЕниЕТ  БаСПалдағы 

—  ТаЗалыҚ     

Адам    баласын    бұл  әлемдегі 

басқа тіршілік  иелерінен  айрықша  

бөліп    тұратын    ерекше  белгінің  

біреуі—    тазалық.    Әр    дәуірде 

өмір    сүрген      адамдар    заманның 

қағидаларына  сай,    тазалыққа 

ұмтылған.    Жарық    дүние    есігін  

ашқан  нәрестенің,  тәнінің,  ішкен  

асының,  жататының    орнының 

тазалығын  ата-анасы  қадағалап, 

ал  оның    жанының      рухани  таза  

болуын  Алладан    сұрап,  хал-

қадірінше біліммен  тәрбие  беруге  

ұмтылған.  Өз  дәуіріндегі парасатты  

билеушілер  халықты    тазалыққа  

тәрбиелеп, тазалық сақтауға қатысты  

заңдар    қабылдап,    орындауды  

бұқарадан талап еткен.

Нәтижесінде 

ақындар 

тамылжыта  жырлаған,  ғұламалар 

мен жиһанкездер   тамсана  жазып  

бейнелеген, 

қалалар, 

керуен 


сарайлар,  гүлзарлар    салынғаны  

тарихтан белгілі.

Қазақ  елінің  өркендеп  дамуы  

үшін      тазалық    қажет.    Тазалыққа 

қол  жеткізбейінше  аршындап  алға 

басу қиынға  соғады. Тазалық ұғымы  

адам  өмір    есігін    аттаған    сәттен 

бастап, бақилық  болғанға дейін адам  

санасынан  берік  орын  алуы қажет. 

Бізді    қоршаған  тылсым  табиғатты 

аялап  таза    ұстасақ,  табиғаты  пәк 

жерде дүниеге келген ұрпақтың дені 

сау, ойы  ұшқыр болып  қазақ елінің 

берік қорғанына айналары  хақ.

Елбасы    Н.Ә.  Назарбаев  

мемлекетіміздің 

 

болашағы 



жастарымызды  ар    тазалығына, 

жан  тазалығына,  тән  тазалығына, 

қоғам  тазалығына  тәрбиелеудің 

мәнінің    зор  екенін  түсіндіріп, 

халықтың    қолдауына  ие  болған 

түрлі  бағдарламалар  жасап, заңдар  

қабылдады. 

Соның 


бірі 

Қазақстан 

Республикасының  22  шілде  2011 

жылғы  № 479 Заңымен,  Әкімшілік 

құқық 

бұзушылық 



туралы 

кодексінің  330  бабының  1  бөлігіне 

өзгеріс  енгізіліп,  тұрғын  жайларды 

қорлаған, 

ортақ 

пайдалану 



орындарын, саябақтарды, скверлерді 

ластаған,  белгіленбеген орындарға 

коммуналдық 

қалдықтарды 

шығарған  адамдардың  әрекеті  ұсақ  

бұзақылық  деп  танылып,  айлық 

есептiк  көрсеткiштiң  үштен  онға 

дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға  

не  он  тәулiкке  дейiнгi  мерзiмге 

әкiмшiлiк  қамауға    алынатын  

болды. 

Қабылданған    Заңды    орындау 



әрбір    азаматтың    міндеті,  алайда 

2014  жылдың    25  желтоқсанында  

заңды  белінен  басқан    Текес 

ауылының  төрт  тұрғыны   әкімшілік  

жауапқа  тартылды.  

Атап  айтқанда  мал  қорасынан 

шыққан    қиды  ұдайы    көшеге 

төгіп,  қоғамдық орынды  қасақана 

ластаған,   зейнеткерлер Султангазиев 

Нурдилда  мен  Калисынов  Ерлан 

Оразаевич Қазақстан  Республикасы 

ӘҚБтК-нің  330  бабының  1 

бөлігімен  кінәлі  деп    танылып, 

әрқайсысына 18520 теңге  айыппұл 

салынса,  осы    ауылдың  жұмыссыз 

азаматтары  Джексенбинов  Туякбай 

Сыргабаевич  және  Молдахметов 

Ермек  Нурахымбаевичте жоғарыда 

көрсетілген бап  бойынша  айыпты   

болып,   әрқайсысына     9260 /теңге  

айыппұл салынды.

 Қоршаған  ортаны  ластамайық,  

заң талабын орындайық.

 Т. Б. сексенБаев,

 № 2 аудандық сотының  

судьясы.  


7

Хантәңірі

g. hantaniri@mail.ru.

2015— Қой жылы, сәрсенбі, 4  наурыз

Еске  алулар

Аяулы  анамыз 



КөнеКбайқызы 

айша  құттыбек  келіні  1995  жылы  7-

наурызда  71  жасына  қараған  шағында 

дүниеден  озды.  Сол  кездегі  жан 

күйзелісімді,  қайғы  қасіретімді  сөзбен 

айтып  жеткізе  алмаймын.  Өң  мен  түстің 

арасында  жүргендей  күй  кештім.  Үйге 

кірсем  отырған  орны  бос  тұрады.  Бұған 

төзу өте қиын болды. Бізге шуақ шашып, 

мейірлене  қарап,  асымызды  беріп, 

әңгімесін  айтып,  жағдаймызды  сұрап 

жаны қалмаушы еді жан анам! Жұмыстан келгенде үйде көп бөгелмей  далаға 

шығып кетуші ем. Жан дүнием құлазып байыз таппайтынмын.    Амал бар ма,  

құдай басқа салған соң. 

Әкеміз  ерте  қайтыс  боп  анамыз  бізді  бағып  қағып  ешнәседен  кенде 

қылмай өсіріп оқытты, ел қатарына қосты. Өмірде кездесетін қиындыққа төзіп, 

жайдарлы жымиып жүріп,  ұл-қыздарын құтты орнына қондырды.  Содан бері 

сынаптай сырғып 20 жылда өте шықты. Ел- жұртына,  туған- туысына сыйлы, 

қадірлі жан еді. Ұрпақтарыңды рухыңмен жебей жүр Жан анам!

Жатқан  жерің  жайлы,  топырағың  торқа,  иманың  жолдас  болсын  деп 

жаратушыдан медет сұраймыз.

Сағындық апа, сағынбау Сізді мүмкін бе?

Сағыныш болды жымиып күлген күлкің де.

Алладан Сізге рахым тілеп анашым,

Сағынып жүрміз, қамығып жүрміз бұл күнде.

Сарқылмайды –ау сағыныштың бұлағы,

Асыл бейнең көңілдің түкпірінде тұрады.

Орның қалды ойсырап, жүдеп жүр ғой жанымыз.

Тілегіміз жаннатта, болсын мәңгі жаныңыз.



еске алушылар: балалары Советхан, қырғызжан, қыздары Шәрбану, 

аят,  Ғалия,  Ләйлә,  Майгүл,  келіндері  Шәрихан,  Ұлтай,  немере  бала 

келіндері  Жеңіс,  Серік,  бақыт,  бағдат,  берік,      бекен,  айсара,  зульфия, 

Шынар, Ғазиза, шөберелері: Шырын, Олжас, Шұғыла, Шыңғыс, Мақпал,  

Мадияр,  нұрай,  ескендір,  алуа,  Әсел,  Сымбат,  Әли,  Медина.  (алматы, 

Кеген).

Асқар  тау  атамыз,  Ұлы  Отан 

соғысының 

ардагері 



Көбенбаев 

Тоқарбай  дүниеден  өткеніне  биыл  39 

жыл  толып  отыр.  Уақыт  сырғып,  жыл 

жылыстап,  араға  осынша  уақытты  салып 

үлгеріпті.  Кеше  ғана  сияқты  еді,  десе 

де  жарқын  бейнеңіз,  ұлағатты  істеріңіз, 

біздің ұрпақтарыңыздың мәңгі жадында. 

Атамыздың  жатқан  жері  жарық,  жаны 

жанатта, иманы саламат болсын дейміз.

Сіз кеткенде мәңгіліктің төріне,

Қайғырып ек қабырғамыз сөгіле.

Көз алдыдан кетпей әлі нұр бейнең,

Талас  ауылының  тұрғыны,  бірімізге 

бауыр, бірімізге асқар тау әке бола білген 

қОШқарбаев  ермек  Тоқтарұлын 

мезгілсіз  ажал  арамыздан  алып  кетті. 

Жазғанға  шара  бар  ма  тағдырдың 

маңдайына екшеп берген жасы да, амал 

жоқ қыларға айла қайсы?. Рухына дұға 

бағыштап,  Алладан  шапағат  сұраудан 

арыға бара алмаймыз.

Жан  бауыр,  ардақты  әке,  бақилық 

дүниедегі  тұрағың  пейіш,  иманың 

жолдас болсын дейміз.



Ұмытылмас   тұлға

Маманның   кеңесі



Бауырдағы қатерлі ісік

Көп  аурулардың  арасында 

адамның  өміріне  тікелей  қауіп 

туғызатын-бұл қатерлі ісік ауруы.

Қатерлі ісік тез өсіп, шірітіп, 

дененің  бір  жеріне  ғана  тоқтамай 

белгілі  мерзім  аралығында  қан 

және  лимфа  тамырлары  арқылы 

басқа мүшелерге тез тарайды.

Қатерлі  ісіктің  қауіптілігі 

алғашқы 

кезде 


ауырып 

білінбейтіндігінде,  ал  білінген 

кезінде  басқа  мүшелерге  қанмен 

тарап кеткендігінде.

Бұл  науқастың  РАК  аталу 

себебі 


аяқтары 

жан-жағына 

жайылып  жатқан  теңіз  шаянына 

ұқсас  болғандықтан.Сол  себепті, 

атақты  ғалым  Гиппократ  оны 

РАК деп атаған. Қазіргі таңда кең 

тараған  қатерлі  ісік  ауруларының 

бірі Бауырдың қатерлі ісігі. 

Бауыр  қатерлі  ісігі  –  ісіктің  

өте сирек кездесетін түрі, көбінесе 

бауыр циррозына байланысты 50-

60 жастан кейін дамиды.

Сыртқы  көрінісіне  қарап 

бауыр  қатерлі  ісігінің:  1)түйінді; 

2)ауқымды;  3)диффузды  түрлерін 

ажыратады.  Ісіктің    түйінді 

түрінде  бауырда  бірнеше  ісік 

түйіндері  табылады.  Олардың 

түрі  ақшыл,  сары  немесе  сарғыш 

жасыл,  консистенциясы  жұмсақ 

немесе  қатты  түрінде  кездеседі. 

Ісік  түйіндері  бірнеше  жерден 

бір  мезгілде  өседі.  Ауқымды  ісік 

бауырдың  бір  бөлігінде  ірі  ісік 

түйіні түрінде өседі. Кесіп көргенде 

ол  ақшыл  сұр  немесе  некроз,  қан 

құйылуға  байланысты,  шұбар 

түсте  көрінеді.  Диффузды  ісік  

цирроздық  өзгерістер  негізінде 

дамиды,  кейде  ол  бауыр  тканіне 

араласа  өсіп,  сыртқы  көрінісі 

анық  білінбейді.  Кейде  Қатерлі 

ісік    диагнозы  микроскопиялық 

тексеруден кейін ғана қойылады.

Бауыр қатерлі ісігінің  туындау 

көзі  бойынша  бірнеше  топтарға 

бөледі:  1)бауыр  клеткаларындағы  

қатерлі 


ісік; 

2)өт 


жолдары 

қатерлі  ісік;  3)аралас  қатерлі 

ісік; 

4)дифференциаланбаған 



рак.  Осылардың  ішінде  ең  жиі 

ұшырайтыны 

гепатоллюлярлы. 

Ісік    клеткалары  трабекула 

типіндегі  құрылымдар  түзеді, 

кейде  олардың  арасында  без 

түзілісі  тәрізді  саңлаулар  пайда 

болады.


Холангиоцеллюлярлы 

ісік  


өт 

жолдарының 

эпителиіне 

ұқсайтын  клеткалардан  тұрып, 

безді ісік  құрылысына ие болады. 

Дифференциаланбаған  ісіктерге 

ашық  түсті  клеткалардан  тұратын 

ісік    және  анаплазиялық  ісік 

кіреді,  олар  клетка  атипизмінің 

басымдығымен 

сипатталады. 

Бауыр  қатерлі  ісігі    лимфа 

түйіндеріне,  гематогенді  жолмен 

өкпеге, миға, бүйректерге метастаз 

береді. Кейде ісік түйіні бауырдың 

өзінде 


метастаз 

жолымен 


таралады.

Қатерлі 


ісікпен 

ауырған 


науқастар 

қатты 


шаршап, 

әлсірейді. Әлсіздік, жүдеу бірнеше 

күн,  апта,  тіпті  айлап  созылуы 

мүмкін. 


Науқастың 

аяқтары 


ауырып,  баспалдақпен  көтерілуі 

қиындайды.  Күнделікті  төсек 

жинау, жуыну, ас дайындау секілді 

қимылдардың  өзі  өте  ауыр  тиіп, 

қатты  қалжырайды.  Сондықтан 

да,  осындай  жайттарды  басынан 

өткерген науқастар міндетті түрде 

мамандарға қаралуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет