Міндеттері:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, олардың салдарларын жою;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қоғамын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру;
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіру;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.
Функциялары:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүзеге асыру;
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауы тұрғысынан мониторинг жүргізу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуды ұйымдастыру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң тәжірибесін зерделеу және тарату;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультация беру;
қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;
жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
жасырын тергеу әрекеттерін, жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы және басқа да техникалық құралдарды қолдану;
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу;
басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан келіп түсетін өтініштхаттар мен сұрау салуларды орындау;
мемлекеттік қорғауға жататын адамдарды мемлекеттік қорғау жөніндегі заңнамалық актілерде көзделген шараларды қабылдау;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу;
іздеуде жүрген, тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынған адамдардың орналасқан жерін анықтау және ұстау;
сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктің өткізілуіне мониторингті, оны мемлекет кірісіне айналдыру туралы ақпаратты, әдетте, кейіннен жариялай отырып жүзеге асыру;
ведомстволық статистиканы қалыптастыру;
өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, ұйымдармен өзара іс-қимыл;
Департаменттің әкімшілік ғимараттарын күзету режимін және өткізу режимін қамтамасыз ету;
Департаменттің қарауында тұрған қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы қорғау құралдарының сақталуын есепке алу және бақылау;
бейбіт кезеңде және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде, Департаменттің жұмылдыру дайындығын, жұмысының тұрақтылығын арттыру;
мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету және құпиялылық режимінің сақталуын ведомстволық бақылау;
Департаменттің ақпараттық қауіпсіздігі саясатын іске асыру, техникалық және ақпараттық қызметін қамтамасыз ету және жетілдіру;
Департаментке осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаты шегінде жедел-іздестіру қызметін қаржылық және материалдық-техникалық жарақтандыру;
Департаментке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді пайдалану;
Департаменттің жеке құрамы арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ескерту және жолын кесу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функциялар.
Департаменттің құқықтары мен міндеттемелері:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, оның ішінде ақпараттық ресурстардан қажетті ақпараттар мен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге тарту;
жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және қарау, олардың жолын кесу, ашу оларды жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауіпті әрекеттерге жол бермеу жөнінде шараларды уақтылы қабылдау;
сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің, сотқа дейінгі тергеу тәжірибесіне талдау жүргізу;
өңдірістегі қылмыстық істер бойынша шақыруға келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелу;
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүргізу;
тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіппен пайдалану;
мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын тұлғаларға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасымен белгіленген тәртіпте мән-жайларды және басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынулар енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;
Департаментке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді Қазақстан Респупбликасының заңнамасына сәйкес пайдалану;
ұсталған және қамауға алынған адамдарды айдап алып келу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және Агенттік Төрағасына енгізу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, заңнамамен белгіленген тәртіппен оларды жою бойынша шаралар қабылдау;
құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру кезінде заңдылықты сақтау;
Департаменттің құзыреті шегінде жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын, жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін тіркеу арқылы қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және ашуды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру;
Департаменттің қаруландыруында тұрған қаруларды, оқ-дәрілерді, арнайы қорғау құралдарын есепке алу және сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
қылмыстық істер бойынша заттай айғақтарды, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі үзілген қылмыстық істерді, сондай-ақ жедел есепке алу және жасырын тергеу амалдарының істерін есепке алу және сақтау;
прокурорлық ықпал ету актілерін және сот актілерін қарастыру;
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен белгіленген тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
іздеудегі адамдардың орналасу жерін анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
Департамент өз қызметінде Агенттікке бағынады.
Департаментті басқаруды Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болатын басшы жүзеге асырады. Департамент басшысының орынбасарлары бар, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
Департамент басшысы мен оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Департамент басшысының өкілеттіктері:
Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес оның қызметін ұйымдастырады және жалпы басшылықты жүзеге асырады;
өз орынбасарларының және Департамент қызметкерлерінің (жұмыскерлерінің) өкілеттіктерін айқындайды;
Агенттік Төрағасының қарауына:
штат санының лимиті шегінде Департаменттің құрылымы бойынша ұсыныстар;
тағайындалуы мен қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Агенттік Төрағасының актілерімен оның құзыретіне жатқызылатын Департаменттің қызметкерлерін (жұмыскерлерін) қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсынулар;
Департамент қызметкерлерін (жұмыскерлерін) мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсынулар енгізеді.
Департамент басшылары мен қызметкерлерін (жұмыскерлерін) іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу мәселелерін заңнамамен белгіленген тәртіппен шешеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында және Агенттік Төрағасының актілерінде белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлерін (жұмыскерлерін) тағайындайды, орнын ауыстырады, лауазымнан босатады, қызметтен шығарады және оларға қатысты тәртіптік жаза қолданады, басқарушы лауазымдарды қоспағанда;
құзыреті шегінде Департаменттің құқықтық актілеріне қол қояды;
заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департаменттің атынан өкілдік етеді;
өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Департаменттің басшысы болмаған кезеңде өкілеттіктерін орындауды Агенттік Төрағасының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Департамент басшысының Департаменттің жанында консультативті-кеңесші орган құруға құқығы бар.