Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 5 В020300 – Тарих мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата03.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#5914
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Әдебиет
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Қазақстан тарихы туралы түрік деректемелері. ІІ том. Көне түрік бітіктастары  
    
мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас).– А.: Дайк-Пресс, 2005.- 252 б. 
3. Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятники рунического  
    
письма. – СПб.: Филологический факультет СПб ГУ, 2003. – 560 с. 
4. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002. 
5. Зәкенұлы Т. Күлтегін ескерткішіндегі қытайша мәтіннің зерттелуі // Қазақ  
    
тарихы, 2006, №1, 12-14 б. 
 
2 кредит сағат 
№8 дәріс 
Тақырыбы: Қазақстан халқы мен территориясы туралы ежелгі   
                       
түріктердің руникалық ескерткіштері (VІ-Х ғғ.). 
Дәріс мазмұны:  
1.
 
Түркі ескерткіштерінің формалары, түрлері. Сыныптау проблемасы.  
2.
 
Буғыт жазбасы, Орхон, Енисей жазбалары. Талас ескерткіштері. 
  
Орхон –Енисей жазба ескерткіші түркі тілдерінің шығыс бұтағына жатады. О.-Е. ж.т. 
руникалық  ескерткіштерінің  кейбір  бөлігі  жазылған  ежелгі  ұйғыр  әдеби  тіліне  өте  жақын 
(«Мойын  –шорға  арналған  ескерткіш»,  Терхин  және  Тесин  жазбалары,  «Бал  ашу  кітабы» 
және  басқалар  болуы  мүмкін).    Ескерткіштердің  таралуының  негізгі  аймақтары  –қазіргі 
Моңғолия жері, Орхон, Онгин, Селенгі өзендерінің жазығы және басқа да жерлер, сондай –ақ  
Ресейдің  Енисей  бассейні  мен  Минусинск  ауданындағы  Хакасия,  Туваға  қарасты  жерлер. 
Неғұрлым ірілері әрі қомақтылары орхондық ескерткіштер 732 және 775 жылдарғы, екінші 
шығыс түркі қағанаты (б.э. VII-VIII ғасырлардың ) деп аталатын, Күлтегін мен Білге қағанға 
арналған  жазба  –эпитафиялар;  Тоныкөк  (шамамен  716  )  пен  Кули  шорға  (722)  арналған 
ескерткіштер; қалғандары ортаазиялық жазбалар, оларда VIII ғасырдікі болуы әбден мүмкін, 
олардың бір –екеуі, сірә, VII ғ. ең соңындағы енисей жазбалары. Қазіргі кезде олардың 150-
ден астамы ашылған, ең көбі жазба –эпитафиялар, сонымен бірге заттар мен жартастардағы 
жазбалар,  олар,  негізінен,  IX-XI  ғасырларға  қатысты.  Басқа  географиялық  аймақтар  түркі 
руникалық  ескерткіштеріне  оншалықты  бай  емес.Ортағасырлық  ұйғыр  князьдықтарының 
орындарындағы  Шығыс  Түркістанда,  басқа  еш  жерде  ұсынылмаған  руникалық 
қолжазбалардың  аз  ғана  көлемі  сақталған,  сонымен  бірге  «Бал  ашу  кітабы»  деп  аталатын 
тәмсіл мен алтын болжауға арналған ерекше кітабынан фрагменттер сақталған; барлық осы 
ескерткіштер,  шамасы  ,  ескі  ұйғыр  әдеби  тілінде  жазылған  X  ғасырға  қатысты. 
Салыстырмалы  түрде  Алтайда  ашылған  қысқаша  жартас  жазбаларының  аз  бөлігі,  Байкал 
бойы  мен  Ленада  -  өте  аз  ашылды.  Орта  Азиядағы  түркі  руникасы  Ферғана  жазығында  
табылғаны  –  керамика  мен  дөңгелек  тастардағы  тоғыз  эпитафия.  Енисей  мен  шығыс 
Түркістан  ескерткіштері,  сондай  –ақ  жазылған  уақыты  бойынша    да  Моңғолияда  түркі 
руникалық  жазбасының орталық аймағына қабысатын болса, ал Алтай, Байкал бойы, Лена 
және  ортаазиялық    жазбалар  –түркі    руникасының  ежелгі  нұсқалары;  олардың  шыққан 
уақыты  әзірше  анықталмаған,  өйткені  тарихи  деректер  жоқ,  ал  руникалық  жазбаларды 
палеографиялық зерттеу енді ғана басталуда. Шығыс Еуропа мен Солтүстік Кавказда металл 
ыдыстар мен керамикадағы жазулар тіркелген, сонымен бірге таңбалары кей кезде азиаттық 
руника әліпбиінің таңбаларымен сәйкес келетін, түркі руникасына кейбір ғалымдар түсірген 
эпиграфиялық  үзінділер  бар,  бірақ  көрсетілген  мәтіндерді  қысқаша  немесе  үзінді  түрінде 
анық  оқу  мүмкін  емес.Ғалымдардың  болжағанындай,  О.-Е.  ж.т.  диалектүстілік 
(наддиалектілік)  койненің  жазбаша  түрде  белгілеген  түрі  болып  табылады,  яғни  алғашқы 
руникалық  ескеркіштер  уақытына  дейін  ұзақ  өңделуі  мүмкін;  сөйтіп,  сірә,  X  ғасырдың 
аяғына  бастап  қолданыстан  шыққан  болуы  керек.  Көшпелі  түркі  империясы    мен  оның 

құрамына  кірген  түркі  тайпаларының  өмірі  туралы  мәлімет  бізге  Орхон-Енисей  жазба  
ескерткіштері  арқылы  жетті.  XI-XIII    ғасырларда  тасқа  жазылған  орхон  ескерткіштерінің 
дүниежүзілік  өрениет  тарихында  алатын  орны  үлкен.  Орхон  жазуларында  Түрік  қағанаты 
дәуіріндегі елдің білім, дүниетанымы, ғаламның жаралуы, түркі халықтарының тарихы мен  
тағдыры, ұлысаралық қарым-қатынасы, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, 
намыс туралы түсінігі, наным-сенімі, тәуелсіздік аңсары, осы жолда халқына фидайы қызмет 
еткен  Күлтегін,  Білге  қаған,.  Тоныкөк  тәрізді  ұлы  қаһармандардың  бастан  кешкендерінің 
баяны берілген.Сонымен қатар, бұл жазулар түрік халықтарының бұдан бір жарым мың жыл  
бұрынғы биік мәдениетінің, көркемдік дәстүрінің жарқын куәлігі. 
     
Аталған ескерткіштердің табылу тарихы, тілі, оқиғалық мазмұны, жанры жөнінде XIX 
ғасырдың  ақырынан  бүгінгі  күнге  дейін  жүргізілген  зерттеулерде  көптеген  қызғылықты 
ойлар  қорытылған;  мұраның  генезисі,  тарихи  –танымдық,  жанрлық  сипаты,  көркемдік 
қасиеті  т.б.  туралы  жүйелі  түсініктер  қалыптасқан.  Біз  ол  деректердегі  түркілердің 
дүниетанымына тоқталып өтсек. 
       
Түркілердің  өмірінде  ең  маңызды  болып  әскери  іс  есептелінді.Сонымен  қатар 
түркіттердің  жалпы  тарих  сахынасына  ала  шыққан  мамандығы  темір  өндіру  болатын. 
Олардың  аңызға  айналған  арғы  атасы  Ашин  теріскейге  қашып  келіп,  «жужандарға  темір 
өндіреді».  546    ж.  жужан  қағаны  Анахуан  түркіттер  көсемін:  «Менің  темір  қорытатын 
тұтқыным» деп түріктердің басты кәсібін айрықша атайды. 
     
Терхин  құлпытасы  да  (756  ж.)  Елетміш  –  қағанға  арналған  және  көп  жағынан 
мазмұны  Шине  Усу  жазбасынан  асып  түседі,  кейде  оған  жолма-жол  сәйкес  келеді. 
Ескерткіште  Алтай  –  Тарбағатай  қарлұқтарының  Жетісуға  қоныстану  уақытына  қатысты 
мезгілі  көрсетілген  маңызды  тарихи  оқиға  айтылады.  Ежелгі  түріктердің  руникалық 
ескеткіштерінде  кейіннен  Қарлұқ  және  Қарахан  мемлекеттерінде  елеулі  рөл  атқарған  ягма 
тайпасының  уақыты  жағынан  бірінші  рет  аталуы  да  құнды  мәліметтердің  бірі  болып 
табылады. 
      
УІІ  –  Х  ғасырлар  деп  белгіленген  Енисей  аңғарының  жазбалары  мен  Суджа 
құлпытастарының  тұратын  Қырғыз  мемлекетінің  ескерткіштері  белгілі  бір  ынта  –  ықылас 
туғызады.  Енисейдің екі  тексінен  Қазақстанның  алдыңғы  ортағасырлық  тарихына  қатысты 
материалдар  табылды.  Бір  эпитафияда  қырғыздар  жерінде  өлген  түргеш  бегі  туралы 
айтылады.  Басқа  бір  жазбада  түргештердің  Қара  ханына  еелші  болып  кетіп,  қайтып 
оралмаған  атақты  қырғызды  жоқтау  тексінің  үзінділері  бар.  Бұл  оқиғалар  744  және  756 
жылдарға жатады. 
     
 
Батыс түрік қағанатының Жетісудан (Талас өңірінен) табылған ескерткіштері елеулі 
мәдени-тарихи  қазына  болып  табылады,  оған  қабірлерге  қойылған  құлпытастарға, 
теңгелерге,    тұрмыстық  заттар  мен  ағаш  таяқшаларға  жазылған  12  жазба  жатады.  Бұл 
ескерткіштердің жоғарғы мерзімі едәуір айқын – УІІ ғасыр, ал төменгі хронологиялық шегі, 
тегінде,  УІ-УІІ  ғасырлар  шебі  болуы  ықтимал.  Талас  эпитафиялары  «қара  будан»  шыққан 
түргеш қағандарымен – Сұлық Шабыт – шора мен оның ұлы билік еткен кезге (716-740 жж.) 
жатады.  
Әдебиет:  
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Қазақстан тарихы туралы түрік деректемелері. ІІ том. Көне түрік бітіктастары  
    
мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас).– А.: Дайк-Пресс, 2005.- 252 б. 
3. Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятники рунического  
    
письма. – СПб.: Филологический факультет СПб ГУ, 2003. – 560 с. 
4. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002. 
5. Зәкенұлы Т. Күлтегін ескерткішіндегі қытайша мәтіннің зерттелуі // Қазақ  
    
тарихы, 2006, №1, -12-14 б. 
 
Апта №5 
1 кредит сағат 

Дәріс №9 
Тақырыбы: Түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы  
                       
ортағасырлық авторлар. 
Дәріс мазмұны:  
1.
Рим авторлары. 
2.
Византия тарихшылары. 
3.
Араб авторлары.  
      
XIV–
XVII  ғасырларда  дипломаттардың,  саудагерлердің,  миссионерлерлердің 
(Гонзалес  де  клавихо,  Сигизмунд  Гербештейн,  Илсофат  Барборо,  Амброджо  Контарини, 
Антоний  Дженкинсон,  Филип  Авриль,  Адам  Олеарий)  және  арасында  соғыс  тұтқындары 
(Ганс  Шильтебергер)  да  болған  басқа  да  адамдардың  Азия  елдері  мен  Московияға 
саяхаттары мен сапарлары қазіргі кезеңдегі әскери-саяси оқиғалар мен оның Тоқтамыспен 
және  Едігемен  қарым-қатынастары,  ноғайлар  мен  қазақтардың  одақтастық  қатынастары 
туралы  тарихи-этнографиялық  мәліметтер  бар  жаңа  нарративтік  деректемелердің 
жасалуына негіз болды.  
        
Венеция  дипломаты  И.Барбароның  «Тан  мен  Персияға  саяхат»  деген  кітабында 
«татарлар» деген жалпы атаумен дала тұрғындары елеулі орын алады. Діни нанымдарды, 
сот ісін жүргізуді, әскер ісін, сауданы, қолөнер мен егіншілікті суреттеумен қоса, ол Едіге 
және оның ұлы Мұртаза, Ұылқ-Мехмет, ханзада Кішік-Мехмет, жәнібек (1343-1357) хандар 
билік  еткен  кезеңнің  кейбір  тарихи  ойларын  да  жазады.  Темірдің  1395-1396  жылдары 
Оңтүстік  Дешті  Қыпшақтың  қалаларына  жасаған  жойқын  жорықтарын  айтып  өтеді,  ол 
тұрғындар зердесінде әлі де сақталып қалған еді, өйткені бұл жерге Барбаро ХУ ғасырдың 
50-
жылдарында  келген-ді.  Персияда  1474-1477  жылдары  болған  А.Контарини 
«татарлардың»  түрлі  таптарын,  соның  ішінде  «Еділдің  арғы  жағында  тұратын,  солтүстік- 
шығыс және шығыс жағына көшіп жүретіндерді» бөліп көрсетеді. 
       
Дипломат А.Герберштейннің мағлұматтары да «әр түрлі татар ордаларына» қатысты, 
ол  солардың  арасында  қазақтарды  (Cassaki)  деп  көрсетеді.  Ал  1562  жылы  А.Дженкинсон 
жасаған  «Ресей,  Московия,  Татария»картасында  Еділ  мен  Жайық  арасы  –  ноғайлар 
мекендейтін  жер  олардан  шығысырақта  «Қазақия»  (Cassakiа)  жері  деп  көрсетілген. 
Ағылшын  көпесі  А.Дженкинсон  саяхатының  күнделігі  –  Қазақ  хандығының  қалыптасу 
кезеңінің оқиғалары, соның ішінде Хақназар ханның Сыр өңірі қалалары үшін соғыстары 
көрсетілген ең алғашқы европалық еңбек. 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. Т.1-3. Астана, 2005.       
3. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002. 
 
2 кредит сағат  
Дәріс №10   
Тақырыбы: Түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы  
                       
ортағасырлық авторлар.   
Дәріс мазмұны:  
1.
 
Армян авторлары. 
  2.
Орыс жылнамаларынан мәліметтер. 
              
Соңғы  орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихын  зерттеуде  XІV-ХVІІ  ғасырлардағы  орыс 
құжаттары  мен  мұрағат  материалдарының  зор  маңызы  бар.  Орыс  жерлері  Алтын  Ордаға 
бағынған кезең жылнамаларында орыс князъдерінің Орданың билік орындарымен қарым-
қатынастарының  көптеген  жақтары  көрсетілген.оларда  Орданың  ішкі,  қоғамдық  саяси 
жағдайлары туралы, атап айтқандағ ХІУ ғ. 60-70 жылдарындағы Орда шонжарларынң түрлі 
топтарынң  өзара  қырқысқан  күресі  туралы  айтылды  («И  бысть  в  Орде  замятня  велика»). 
Мамай,  Тоқтамыс, Едіге,  Әмір  Темір заманына  қатысты  және  бұл  билеушілердің  ыдырап 
бара  жатқан  Алтын  Орданың  тағдырына  ықпал  етуге  және  сол  арқылы  Москва  Русіне, 

Литва, Польшаға, олардың мемлекеттік орталықтану жолындағы күресіне кедергі жасауға 
тырысқан әрекеттерін сипаттайтын материал алуан түрлі. Жылнамаға шаруашылық, халық 
туралы мәліметтер енгізілген, мысалы, кангиттер (хвалисстер) жерінің Батый иеліктерінен 
әрі  орналасқаны  көрсетілген.  Жошы  ұлысының  батыс  бөлігі  үшін  неғұрлым  дәл,  шығыс 
бөлігі  үшін  жанама  географиялық  деректер  хабарланған.мысалы,  Үлкен  немесе  Алтын 
Орданың  астанасы  Сарай  қаласы  болғаны,  сонымен  бірге  Жайықтың  арғы  жағындағы 
барлық  жер-  орталығы  Самарқандта  болған  «Көк  Орда»  деп  аталғаны  атап  өтілген.  Көк 
Орда деп «Ақсақ Темір басып алған» «жерлер мен патшалықтар» арасында аталған, бірақ 
олардың ішінде Қытай да аталған, шынына келгенде бұл олай емес болатын. 
        
Қазақстанның  солтүстік  бөлігінің  тарихы  жөніндегі  маңызды  деректемелер  Сібір 
жылнамалары: Строганов жылнамасы (ХУІІ ғ.орта шені шамасында), С.Есиповтың «Сібір 
жылнамасы» (1687 ж.) және «Ремезо жылнамасы» (ХУІІ ғ.аяғы мен – ХУІІІ ғ. басы) болып 
табылады. Оларда бұл аумақтағы және Сібірдегі тайпалардың, соның ішінде керейіттердің 
орналасуы  туралы,  бұл  жерлерде,  Сібір  жұртында  керейден  шыққан  Тайбұғы  әулетінің, 
содан  соң  Сібір  хандығындағы  Шайбани  әулетінің  билік  етуі  туралы  мәліметтер  бар. 
Ресейдің  орталық  (ЦГАДА,  АВПР),  сондай-ақ  жергілікті  мұрағаттарында  сақтаулы 
материалдар мен құжаттарда Ноғай Ордасы, Сібір хандығы. Жоңғария, Қазақстан мен Орта 
Азия аумағындағы хандықтар жөніндегі Ресей саясаты ғана көрсетіліп қоймайды, сонымен 
қатар  бұл  мемлекеттердің  ішкі  өмірі,  олардың  қарым-қатынастары    туралы  да  мол 
ақпараткелтіріледі.  Жарияланған  және  жарияланбаған  бұл  материалдар  арасында  хандар 
мен  патшалардың  грамоталары  мен  жолдаулары,  дипломатиялық  миссиялар 
басшыларының  есептері,  жазбалар,  күнделіктер,  «ертегілер»,  «сұралып  алынған  сөзден» 
қолтаңбалар және т.б. бар. 
      
Орыс князьдары мен патшаларының Ноғай билеушісі Ибақ пен мырзалары Москваға 
елшілік  жіберген  1489  жылдан  бастап,  ХУІІ  ғ.орт.  дейін  ноғай  билерімен  және 
мырзаларымен,  сондай-ақ  Жоңғария  билеушілерімен  дипломатиялық  хат  алысулары 
мейлінше  ауқымды.  Ноғай  Ордасына  1534-35  ж.Данила  Губиннің,  1569  ж.  Семен 
Мальцевтің , 1577 ж. Борис Доможировтың елшіліктері мәлім.  
      
 
ХУІ ғ.  аяғында қазақ-орыселшілік байланыстары туралы мағлұматтар пайда болды. 
1594 ж. Москваға достық қатынастар жасасу және Бұқара ханына қарсы күресте көмек алу 
мақсатымен  Тәуекел  ханның  елшісі  Құл-Мұхамед  жіберілді.  1595  ж.  Тәуекел  ханның 
Сырдариядағы  ордасына  Вельямин  Степанов  жауап  грамота  алып  келді.  ХУІІ  ғ.  қазақ 
даласы  арқылы  Бұқара  мен  Хиуадан  Ресейге  қырықтан  астам  және  Орта  Азияға  9  орыс 
елшіліг  жүріп  өтті.  Сібір  приказының  материалдарында  ХУІІ  ғ.аяғындағы  Тәуке  хан 
тұсындағы  қазақ-орыс  келіссөздері  туоалы  мәліметтер  бар.  «Тобольскіден  Түркістанға 
дейінгі Қазақ Ордасы қалашықтарының тізімі...» және «Сұрап алынған сөздер» тапсырағн 
1696-
97 ж.ж. Федор Скибин экспедициясының мәліметтері зор ынта туғызады.  
     
Елшіліктердің  есептері,  сауда  миссияларының,  экспедициялардың  материалдары  
өлкедегі  саяси  оқиғаларды,  экономикалық  шындықтарды  көрсетіп,  этнографиялық 
материал, Қазақстан аумағында ноғайлардың, башқұрттардың қарақалпақтардың орналасуы 
туралы мәліметтер берген. 
     
Елшлік,  сауда  миссияларымен  экспедициялардың  чертеждері  мен  жазбалары  алуан 
түрлі географиялық шындықтармен бірег ХУІ ғ.аяғында жасалған орыстың тұңғыш ресми 
жиынтық картасы «Үлкен Чертеждің» негізіне алынды. «Үлкен Чертежге Кітап» сақталған, 
онда  қазақ  жерлері  туралы  мәліметтер  тұтас  тарауға  жетедідеуге  болады.  Чертежді 
жасаудың алдында ХУІ ғ. Ресейде зор көлемде картографиялық жұмыстар жүргізілді. 
   
Егер  ертедегі  шетелдік  карталарда  –  Петр  Висконтидің  картасында  (1320  ж.), 
Катальон картасында (1375 ж.), Фра Мауроның картасында (1459 ж.) – Қазақстанның жері 
мүлде  дерлік  айтылмай,  Төменгі  Еділ  бойы  мен  Каспий  теңізінің  солтүстік-шығыс 
жағалауын бойлай жатқанжерлер көрсетілсе, С.Герберштейн (1546 ж.) мен А.Видтің (1555 
ж.)  орыстың  картографиялық  материалы  пайдаланылған  карталарында  енді  Жайыққа 
дейінгі  аумақ  көрсетілген.  1558  ж.  ағылшынның  «Москва  компаниясының»  тапсыруымен 

сауда мақсатын көздеп Орта Азияға аттанған А.Дженкинсонның картасы Қазақстан туралы 
географиялық  мәліметтерді  еселей  түсті.  Оның  саяхатының  суреттемесінде  қазақтар  мен 
ноғайлар  туралы  географиялық  мәліметттерді  еселей  түсті.  Оның  саяхатының 
суреттемесінде қазақтар мен ноғайлар туралы мәліметтер бар. Картада ол қазақтарды Сыр 
өзенінде деп көрсеткенде, ноғайларды Жайыққа орналастырған. 
      
Ақпараттың  молдығы  жағынан  «Үлкен  Чертеж»  оның  алдындағы  карталарын  қазақ 
даласы мен сырдариядағы қалалардың географиялық шындықтармен бірге ХУІ ғ. аяғында 
жасалған  орыстың  тұңғыш  ресми  жиынтық  картасы  «Үлкен  Чертеждің»  негізіне  алынды. 
«Үлкен  Чертеж»  жоғалып  кеткен,бірақ  «Үлкен  Чертежге  Кітап»  сақталған,  онда  қазақ 
жерлері туралы мәліметтер тұтас тарауға жетеді.деуге болады.чертежді жасаудың алдында 
ХУІ ғ. Ресейде зор көлемде картографиялық жұмыстар жүргізілді. 
   
ХУІІ ғ. аяғ. Қазақстан мен Орта Азия туралы барлық картографиялық материалдарды 
орыстың  көрнекті  ғалымы  С.Ремезов  қорытты.  С.Ремезов  жұмысыныңқортындысы 
Қазақстан аумағы жөнініде тарихи-географиялық мәліметтер бар «Сібірдің Чертеж кітабы» 
болды. Бұл картада Арал тұңғыш рет өз атымен аталып, жеке бассейн ретінде көрсетілген.  
   
Қазақстан  және  Орталық  Азияның  шектес  аумақтары  халықтарының  тарихын 
зерттеудегі орыстың деректі материалының маңызы ХУІІ ғ. барған сайын арта түседі.Сол 
ғасырдың аяғына қарай бұл халықтардың өздері де орыстарға бұрынғысынан гөрі неғұрлым 
белгілі бола түседі. 
Әдебиет: 
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. Т.1-3. Астана, 2005.       
3. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002. 
 
Апта №6 
1 кредит сағат  
Дәріс №11  
ТақырыбыІХ-ХІІ ғасырлардағы араб және парсы деректері. 
Дәріс мазмұны:  
1. Деректердің негізгі түрлері. 
2. ІХ ғасырдағы араб, парсы деректері (Әл-Балазур, ат-Табари, әл-Жахиз,  
    
Тамим ибн Бахр, Ибн Хордадбек, Әл-Якуби, Кудама ибн Жафар, Ибн  
    
әл-Факих, Ибн Русте т.б.). 
Деректеметануда ІХ-ХУІІ ғ. араб, парсы және түркі әдебиті ерекше орын алады, онда 
Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір 
құнды материалдар бар.  
Араб  халифаты  дәуірінде  арабтардың  Шығысты  жаулап  алуы,  синкретикалық 
мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің ықпал өрісін кеңейту ісіндегі белсенділігі, мұсылман 
дүниесінің  саяси  шекарасынан  тыс  жатқан  алыс  аймақтармен  сауданың  дамуы  арабтарды 
Шығыс  Европа  мен  Орталық  Азияның  көршілес  елдерімен  және  алыстағы  халықтар  мен 
тайпалар  туралы  ақпарат  жинауға  құлшындырады.  Арабтардың  орта  ғасырладағы 
тарихнамасының  Қазақстан  аймағына  ерекше  ден  қоюы  олардың  Орта  Азиядағы  жаулап 
алған  жерлерін  нығайту  және  Қазақстанның  жауынгер  көшпелі  тайпаларынан  сыртқы 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігімен де байланысты болды.  
Қазақстан тұрғындары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың классикалық тарихи 
шығармаларында  кездеседі.  Мәселен  әл-Балазур  (ІХғ.)  мен  ат  –Табаридің  (ІХғ.) 
туындыларында УІІ-УІІІ ғ. орта шенінде араб шапқыншылығына қарсы күресте Орта Азия 
халықтарына  елеулі  көмек  көрсеткен  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстанның  жекелеген 
аудандарында арабтардың басқыншылық жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтың 
аса  ірі  тарихшысы,  парсы  текті  әл-Балазур  Орталық  Азия  тарихы  жөнінідегі  құнды 
деректемелердің  бірі  «Елдерді  жаулап  алу  Кітабы»  (Китаб  футух  әл-  булдан)  деген 
шығарманың авторы болып табылады, «Пайғамбарлар мн патшалар тарихы» (Трих әр-русул 

уә  -л-мулук)  деген  елеулі  еңбек  жазған  ат  Табари  да  парсылық  болатын.  Ат-  Табари 
халифаттың әр түрлі қалаларын аралап, көп саяхат жасады, сонон соң Бағдатқа орын тепті 
де,  өмірінің  ақырына  дейін  сонда  тұрып,  өз  өмірін  ғылымға  арнадаы.  Оның  замандасы, 
Бағдатта туғанэнциклопедиялық білімі бар адам 
әл-Жаһиз (ІХғ.) «түріктердің қасиеттері» 
(Манакиб  әл  атрак)  деген  кітабында  Қазақстанның  көшпелі  түрік  тайпаларын  тұңғыш  рет 
этнографиялық  тұрғыдан  суреттеп  берді,  Әл-Жаһиз  Аббас  халифтары  ұланының  түрік 
гулямдарымен  жақын  таныс  араб  оқырмандарына  оның  әр  түрлі  себептермен  ерекше 
қызықты  болған  тақырыптарды  іріктеп  алған.  Ол  түріктердің  әскери  қасиеттерін,  олардың 
қалада  тұратын  арабтың  көзіне  әдеттен  тыс  ерекшелігімен  айрықша  көрінген  немесе 
халифтардың  саяси  төңірегіндегілерге  маңызды  болған  әдет-ғұрпын  суреттейді,  өйткені 
Аббас халифатының уәзірлеріне «түрік істерімен» едәуір жиі кездесуіне туар келетін. 
      
Араб  Тамим  ибн  Бахрдың  солтүстік-  шығыс  Қазақстандағы  Ертіс  аңғарында  жатқан 
кимектер елі арқылы Тоғыз-ғұз қағанының астанасына уақыты жағынаан алғандағы алғашқы 
саяхаты ІХ ғ. І ж. жатады. Тамим ибн Бахр саяхатының сипаты белгісіз, оның сапары әлдебір 
дипломатиялық  тапсырмаларға    байланысты  болуы  мүмкін.  Ол  кимектрдің  орналасуы, 
шаруашылығы  туралы  мәліметтер  келтіреді,  Тараздан  (қазіргі  Жамбыл)  кимектер 
патшасының ордасына барған жолын да айтып өтеді.  
      
Нақ сол ІХ ғ. араб тілді географиялық шығармаларда да Қазақстан аумағында мекендеген 
тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байланыс және хабар беру қызметінің бастығы Ибн 
Хордадбектің  «Жолдар  мен  мемлекеттер  кітабы»  деген  әкімшілік-  географиялық 
анықтамалығы  сақталып  қалған  әлгіндей  шығармалардың ең  ертедегі  болып  табылады.  Ол 
сауда  жолдарын  сипаттап,  әр  түрлі  елді  мекендер  арасындағы  қашықтықты  көрсеткен, 
Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  арқылы  өтетін  Ұлы  жол  бойында  орналасқан  қалалар  мен 
қоныстарды  тізіп  келтірген.  Ибн  Хордадбектің  еңбегі  көп  жағынан  халифаттың  байланыс, 
почта қызметінің архивтеріне негізделген. Сірә,оның түріктер туралы айқын мәліметтерінің 
көбі, соның ішінде түрік тйпаларының жиі-жиі дәйексөз келтіретін тізімі де УІІІ ғ. жататын 
болса керек. Әл-Якуби (ІХ ғ.) 
 
Мен  Кудама  ибн  Жафардың  (Х  ғ.)  шығармалары  жанры  жағынан    Ибн  Хордадбектің 
еңбегіне жақын. 
      
Тарихшы  әрі  гоеграф  Әл-Якубидің  «Елдер  кітабы»  (Китаб  әл-  бұлдан)  деген  - 
географиялық  шығармасында  Қазақстан  түріктері  туралы  ауқымды  тарихи-этнографиялық 
материал  бар.  Оның  кең  хабардарлығы  мен  хабардар,  қарлұқтар,  кимектер,  тоғыз-ғұздар 
мемлекеттіліг туралы мәліметтері ереркше маңызды. Араб географы және филологы Кудама 
ибн  жафардың  «Харадж  және  хатшы  өнері  туралы  кітап»  (Китаб  әл-харадж  уә  санъат  әл-
китаба)  деген  -  географиялық  -  әкімшілік  шығарма  жазған.  Ол  арамей  болатын.  Ол  өз 
шығармасын жазған кезде өзі қолына түсірген ресми құжататрды кеңінен пайдаланған. Онда 
халифаттың әкімшілік бөлінісі, аса маңызды қалалар , атулар, өзендер, жеті климат (белдеу) 
туралы мәлімететр бар. Байланыс жолдарына және жерге орналасуы мен алынатын салықтар 
туралы деректер келтіреді, провинцияларды суреттеуге едәуір көңіл бөлген. Онда мұсылман 
елдерімен  көршілес  жерлер  туралы  да  құнды  мәліметтер  келтірілген:  мәселен,  түрік 
тайпалары:  қарлұқтар,  кимектер,  оғыздар,  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  шегіндегі  сауда 
жолдары  туралы,  маршруттар,  қалалар,  қоныстар  және  олардың  арақашықтығы  туралы 
нақытыл материал бар. 
       
Қарастырылып  отырған  дерекктемелер  кешені  арасында  араб  географы  Ибн  әл  –
Факихтің (ІХ ғ. аяғы – Хғ. басы) «Елдер туралы әңгімелер кітабын» (Китаб ахбар әл-бұлдан) 
да  тапа  өткен  жөн.  Ол  өз  кітабын  көбінесе  өзінен  бұрынғы  авторлардың  шығармаларын 
негізге ала отырып, 903 жылдар шамасында құрастырған. Онда Азия мен Шығыс Европаның 
көптеген  еледрі  туралы  тарихи--  географиялық  материалдар  жеткілікті.  Түріктер  туралы 
тарау  ерекше  назар  аударарлық,  онда  түрік  тайпалары  (қарлұқтар,  кимектер,  қыпшақтар, 
оғыздар,  тоғвз-ғұздар  және  басқалар)  туралы,  олардың  елдері,  қалалар,  сауда  жолдары, 
орналасуы,  шаруашылық  және  мәдени  қызметі  туралы  құнды  мәліметтер  келтіреді.  Ибн 
Русте көп томды энциклопедиялық шығармасын Ибн әл-Факихпен бір мезгілде жазды деуге 

болады.  Түркі тілдес тайпалар мен олар мекендеген жерлер туралы бөлімдерінің зор маңызы 
бар.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет