№7 практикалық сабақтың тақырыбы: ҚР басқару нысаны
Негізгі сұрақтар: 1. ҚР басқару нысанының белгілері. 2. ҚР басқару нысанының негізгі қызметі. 3. Атқарушы билік. Маслихаттар қызметі
Әдістемелік нұсқау:Үш қадамнан тұратын сұхбат.
Үш қадамнан тұратын сұхбат. Бұл бірлесіп жұмыс жасататын құрылым, онда студенттер белгілі бір тақырып бойынша бір-бірімен сұхбаттасады. Мысалы, 3 адамнан тұратын топта, А Б-дан сұхбат алады, ол кезде С жауаптың негізгі мәнді жерлерін қағазға түсіріп отырады. Студенттер әр сұхбаттан соң кезекпен рөлдерді ауыстырып отырады, әрбір студентке топта сұхбаттасуға мүмкіндік беріледі. 4 адамнан тұратын топта бұл қадамдар мына төмендегіше өрбиді: А Б-дан сұхбат алады, сол кезде С Д-дан сұхбат алып жатады. Рөлдер ауыстырылып ойналып жатады және Б А-дан сұхбат алады және Д С-дан сұхбат алады.
Әрқайсысы өз әріптесінің пікірін айтады (жеткізеді). С Д-нің пікірін В-ға, В А-ның пікірін Д-ға жеткізеді. Соңында сұхбат жасап отырған әр шағын топтан бір студент топтағы сұхбат нәтижесімен таныстырады.
Өткізу формасы:топтық жұмыс.
Бағалау критерийлері: 90-100 балл алу үшін: тақырып бойынша сұхбатқа арналған нақты сұрақтар құрастыра алса; өзіне қойылған сұрақтарға нақты жауаптар бере алса;
70-89 балл алу үшін: тақырып бойынша сұхбатқа арналған шағын сұрақтар құрастыра алса; өзіне қойылған сұрақтардың көбіне жауаптар бере алса;
50-69 балл алу үшін: тақырып бойынша сұхбатқа арналған сұрақтар құрастыра алса; өзіне қойылған сұрақтарға ішінара жауаптар бере алса.
Әдебиеттер: 2, 3, 4, 7, 8, 9
№8 практикалық сабақтың тақырыбы: ҚР басқару нысанындағы атқарушы билік
Тапсырмалар:1. ҚР басқару нысанындағы атқарушы биліктің қалыптасуы.2 Атқарушы биліктің құрылымы, субьектілері.Жергілікті өзін-өзі басқару органдары.Құқық қорғау органдары.Маслихаттар.
Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек үстел.