2. Банктің есеп беруінің негізгі формалары.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің басты нысаны болып табылады: ол есепті күндегі банктің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты ұсынады. Баланс активі мен міндеттемелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп бөлуге болады. Қысқа мерзімді активтерге келесілер жатады:
-жай операциялық цикл ішінде өткізуге, стауға немесе тұтынуға ұсынылатын активтер;
-12 ай ішінде өткізуге ұсынылатын және негізінен сатуға арналған активтер;
оларды пайдалану бойынша шектеу қоймайтын ақша қаражаттары және олардың баламалары.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге келесілер жатады:
-қалыпты операциялық цикл ішінде төлеуге тиістілер;
-12 ай ішінде орындалатын.
Төлемі 12 ай ішінде жүргізілетін ұзақ мерзімді пайыздық міндеттемелер, келесі жағдайларда баланста ұзақ мерзімді ретінде жіктелуі мүмкі.:
-бастапқы мерзімі 12 айдан көп;
-міндеттемелерді қайта қайта қаржыландыру емеуріндері бар;
-емеуріндер шартпен бекітілген.
Таза активтердегі еншілес компаниялардың аздық үлесі жылдық бухгалтерлік баланста міндеттемелер мен меншікті капиталдан бөлек «аздық үлес» бабында көрсетіледі және еншілес компанияның бас банкке жатпайтын таза активтерінің көлемін бейнелейді. Жылдық бухгалтерлік балансты құру және тиісті аздық үлестің есептемесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының талабына сәйкес жүргізіледі.
Кірістер мен шығыстар жөніндегі есеп беру қорытынды айналымдарды және қаржылық есеп кестесін ескере отырып жасалған баланстың негізінде құрылады.
Банктің табыстары мен шығыстары жөніндегі есепті ашып көрсету немесе оның қаржылық есептілігіне ескертулер бухгалтерлік есептің басқа да стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын ақпаратқа қосымша оны келесідей шығыс және табыс баптарын өздеріне қосуы тиіс, бірақ мұнымен шектелмеуі керек:
-сыйақы түріндегі және ұқсас табыс;
-сыйақы түріндегі шығыс және ұқсас шығыс;
-дивиденд түріндегі табыс;
-комиссиондық және алым түріндегі табыс;
-комиссиондық және алым сомасын төлеу шығындары;
-шығындарды шегергендегі бағалы қағаздарды сату нәтижесінде алынған табыс;
-шығындарды шегергендегі басқа да бағалы қағаз бойынша табыс;
-басқа да оперциялық табыс;
-қарыз алумен байланысты шығындар;
-жалпы әкімшілік шығындар;
-басқа да операциялық шығындар.
Банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің алатын табыстарының негізгі табыстарының түрлеріне сыйақы, қызмет көрсеткені үшін алым, комиссиондық және бағалы қағаздар операцияларының нәтижесі жатады. Табыстың әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлекашып көрсетіледі.
Банктің банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде пайда болатын шығындарының негізгі түрлеріне сыйақы, комиссиондық қарыздар бойынша шығындар инвестицияның, баланстық құнының төмендеуімен байланысты шығындар, сонымен қатар жалпы әкімшілік шығындар жатады. Шығындардың да әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек қарастырылады.
Ақша қаражаты есебінде есептік кезеңдегі банктің қолма-қол ақша санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.
Ақша қаражаты жөнінде есепті дайындау кезінде пайданың көбею көздерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан банктің таза табысы – тапқан табысы – егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егер де олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе онда ақшаның азаюымен байланысты болады.
Ақша қозғалысымен байланыссыз, алынған таза табыстар мен шығыстардың көлеміне келесі баптар бойынша түзету қажет:
-амортизациялық аударымдар;
-провизияны құруға кеткен нақты шығындар сомасы;
-есептелген, бірақ алынбаған табыс сомасы және сыйақы түріндегі жұмсалмаған шығындар;
-сыйақы төлеумен және алумен байланысты емес, алынбаған табыс немесе кетпеген шығындар сомасы.
Сонымен қатар, таза табыс банктің және оның еншілес ұйымының қаржылық жылды аяқтау нәтижесіне байланысты аздық үлесінің сомасына да түзетілуі қажет. Ақша қаражатының қозғалысының есебі, оларды операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері бойынша жіктей отырып (тікелей және жанама әдістерді пайдалана отырып), кезеңдегі ағымын көрсетуі керек.
Банктің қаржылық есебінде бөлек нысан ретінде көрсетілетін, меншікті капитал қозғалысының есебінде келесідей ақпараттар болуы және ашылуы керек:
-есепті кезеңдегі таза табыс және шығын;
-басқа да стандарттардың талаптары бойынша тікелей капиталға қосылатын табыстар мен шығындардың әрбір бабы және осындай баптардың жалпы сомасы;
-есеп саясатындағы өзгерістер мен түбегейлі қателердің түзетулерінің жиынтық әсері;
-құрылтайшылармен капитал бойынша операциялар және оларды орналастыру;
-кезең бойынша әрбір өзгерісті жеке аша отырып, есепті кезеңнің басында жинақталған таза табыстың немесе шығынның сомасы;
-есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы бабының баланстық құнын капиталдың әрбір акция эмиссиясынан түскен табысты және әрбір резервті өзгерісті жеке аша отырып салыстырып тексеру.
Есепті кезең ішіндегі банк капиталындағы өзгерістер таза активтердің көбеюін немесе азаюын және қабылданған және қаржылық есептілікте ашып көрсетілген бағалаудың нақты принципіне тәуелді болатын есепті кезең ішіндегі қаржылық жағдайды көрсетеді. Акционерлермен жүргізілетін капиталға инвестиция салу, дивидендтер сияқты операцияларды қоспағанда, капиталдағы жалпы өзгерістер, есепті кезең ішіндегі банк қызметінің нәтижесінде пайда болатын сомалық табыстар мен зияндарды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |