Байланысты: аза стан Республикасында акушерлік-гинекологиялы к мек к рсету
Хабарлауға жататын жүкті, босанатын, босанған әйелдердің қиын жағдайларының тізбесі 1. Қиын жағдайлар – бұл босанғаннан/аборттардан кейін 42 күннің ішінде әйелдердің, оның ішінде жүкті, босанатын немесе босанған әйелдердің өміріне қауіп төндіретін жағдай.
2. Қиын жағдайларға:
1) ағзалық дисфунциясының ауыр преэкламсиясы;
2) эклампсия;
3) ауыр босанғаннан кейінгі қан кету (1500 мл және одан жоғары қан жоғалтумен, гемотрансфузиямен және (немесе) гистероэктомиямен);
4) жатырдың жыртылуы;
5) аборттың ауыр асқынулары (жатырдан қан кету немесе гистерэктомияға алып келетін инфекциялар);
6) сепсис (ошақ болған және (немесе) күмән болған жағдайда жүйелі қабыну синдромы);
7) ауыр босанғаннан кейінгі депрессия;
8) декомпенсация жай-күйлері жатады.
3. Ағзалық дисфункцияларға:
1) жүрек-қан тамыр жүйесінің дисфункциясы: шок, жүректің тоқтауы (пульстің/жүрек соғысының болмауы және есті жоғалту), вазоактивті дәрілік препараттарды үздіксіз енгізу, жүрек-өкпе реанимациясы, ауыр гипоперфузия (лактат 5 ммоль/л артық немесе 45 мг/дл артық), ауыр ацидоз (pH <7,1);
2) респираторлық дисфункция: жіті цианоз, агоналды тыныс алуы, ауыр тахипноэ (тыныс алу қозғалыстарының жиілігі >40 тыныс алу қимылы минутына), ауыр брадипноэ (тыныс алу қозғалыстарының жиілігі <6 минутына тыныс алу қозғалыстары), интубация және анестезиямен байланысты емес өкпені желдету, ауыр гипоксемия (қанның оттегімен қанығуы <90% ≥60 минутта немесе PAO2/FiO2 <200);
3) бүйрек дисфункциясы: сұйықтықтарды немесе диуретиктерді қабылдамайтын олигурия, жіті бүйрек функцияларының жетіспеушілігі кезіндегі диализ, ауыр жіті азотемия (креатинин ≥300 mмоль/мл немесе ≥3,5 мг/дл);
4) қан ұюының бұзылуы/гематологиялық бұзылушылықтар: қан ұйындыларының баяу түзілуі, қанның немесе эритроциттердің үлкен көлемін құю ((≥5 бірлік), ауыр жіті тромбоцитопения (<50 000 тромбоциттер/мл);
5) бауыр дисфункциясы: преэкламсия жағдайында сары ауру, ауыр жіті гипербилирубинемия (билирубин >100 mмоль/л немесе >6,0 мг/дл);
6) неврологиялық бұзылушылықтар: ұзақ ессіз кезең (ұзақтығы ≥12 сағат)/кома (оның ішінде, метаболизмдік кома), апоплексиялық инсульт, еріксіз құрысқақ ұстамалары және (немесе) эпилепсиялық жай-күйлер, жалпы паралич.
Қазақстан Республикасында
акушерлік-гинекологиялық
көмек көрсетуді ұйымдастыру
стандартына 6-қосымша