вариативтік компоненті кеңейтіледі және ұйымның
педагогикалық кеңесіне
авторлық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту құқығы беріледі. Бұл ретте
баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған кедергісіз даму
ортасын, трансформацияланатын ойын және тақырыптық аймақтарды құруға
ерекше назар аударылатын болады.
Ұлттық және халықаралық тәжірибені, оның ішінде ЮНЕСКО ұсынымдары
мен мектепке дейінгі білім беру сапасын жаһандық
зерттеулердің талдауы
негізінде "ұйымдастырылған оқу қызметі" ұғымының мазмұны және баланың
дамуындағы режимдік сәттердің маңыздылығы қайта қаралатын болады. Оқу
бағдарламаларының мазмұнын игеру үшін мектепалды даярлықтың тәрбиелік-
оқыту рәсіміне оқытудың инновациялық ойын әдістері енгізіледі.
МДҰ-ны ғылыми-әдістемелік және әдіснамалық сүйемелдеуді жақсарту
және МДТО педагогтерін қолдау, мамандардың
мәртебесін арттыру
мақсатында балаларды ерте дамыту институты жұмыс істейтін болады.
Зерттеулер негізінде алғаш рет МДТО сапасын тәуелсіз ұлттық бағалау
жүйесі әзірленеді және енгізіледі. Жүйеде ұйымдастыру деңгейінде ғана емес
(құрылым, МТБ, педагогтердің біліктілігі, оқу бағдарламасы),
сонымен қатар
процесс деңгейінде (педагогикалық қызмет, ойын уақыты, балалардың
педагогпен және ӛзара ӛзара іс-қимылы, отбасын тарту) және түпкілікті нәтиже
(ата-аналардың қанағаттануы,
балалардың әл-ауқаты, балалардың когнитивті
және когнитивті емес дағдылары, мектепке дайындығы) саланың сапалық
параметрлерін ескеретін ECERS ерте балалық
шақтағы қоршаған ортаның
рейтингтік шәкілі пайдаланылатын болады.
Бала скринингінің, оның психологиялық-медициналық-педагогикалық
диагностикасының және медициналық және мектепке дейінгі ұйымдар
мамандарының байқауының деректері негізінде ЕБҚ ерте анықтау және түзету
жүйесін құру мақсатында білім беру, әлеуметтік
қорғау салаларының
ақпараттық жүйелеріне және медициналық ақпараттық жүйеге интеграциялау
және бірлесіп қол жеткізу тетіктері пысықталатын болады.
Мектепке дейінгі ұйымдарды IT-жарақтандыруға қойылатын санитариялық-
гигиеналық талаптарды қайта қарау және балаларды тәрбиелеу мен оқытуда
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
пайдалану
мәселелері
пысықталатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: