Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жүйесі
халықтың МДТО-ға
қажеттілігін есепке алудың ӛзгеруіне және ата-аналар үшін ваучерлердің
енгізілуіне байланысты қайта қаралатын болады. Ӛңірлік кӛші-қон ағындары
мен
бала туу, аумақтық бӛліністің (аудан, шағын аудан) демографиялық
кӛрсеткіштерін болжамдау МДҰ-да мемлекеттік тапсырысты орналастыруды
жоспарлаудың міндетті шарты болады.
Ваучерлерді енгізу қаражатты ата-анаға бекітуге
және бәсекелестікті
күшейтуге мүмкіндік береді, ӛйткені ата-аналар мектепке дейінгі білім беру
қызметтерінің ең қолайлы жеткізушісін таңдауға нақты мүмкіндік алады.
Кӛшбасшылық қағидаттарын жаппай енгізу МДҰ менеджментінің деңгейін
арттырудың маңызды шарты болады. Зерттеулер жүргізу арқылы МДҰ-ны
басқаруда айрықша жетістіктерге қол
жеткізген МДТО саласындағы
кӛшбасшылар-басқарушылар корпусы құрылады. Бұдан басқа, эмпирикалық
зерттеулер негізінде әрбір ӛңірде қолданыстағы МДҰ-лардың базасында ӛсу
нүктесі болатын құзырет орталықтары жұмыс жасайтын болады. Мүмкіндік
болған
жағдайда, осындай құзырет орталықтарының айналасында бірыңғай
басқару орталығымен МДҰ-лардың альянстары құрылатын болады. МДҰ-
лардың мұндай бірлестігі басқарушы кӛшбасшылардың озық тәжірибесін
тұрақты негізде таратуға және мемлекеттік
балабақшалар мен шағын
орталықтардың практикасына енгізуге, сондай-ақ кадрлық және қаржылық
ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: