Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-тарау. Білім беру сапасын бағалау



Pdf көрінісі
бет18/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 8-тарау. Білім беру сапасын бағалау  
Жеке меншік МДҰ желісінің ӛсуін ынталандыру үшін 2011 жылдан бастап 
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау алып тасталып, хабарлама 
жасау тәртібі енгізілді. Сонымен бірге МДҰ қызметін тексеру рәсімін 
оңайлату, лицензия беруді алып тастау, хабарлау тәртібін енгізу МДТО 
қызметтерінің төмен сапасына алып келді.
 
Бұған Қазақстанда ECERS-R халықаралық сапаны бағалау шәкілі бойынша 
жүргізілген зерттеу де дәлел. Бағалау нәтижелері мектепке дейінгі білім беру 
ұйымдарында кӛрсетілетін қызмет сапасының орташа деңгейін кӛрсетті.
Бұл ретте Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған 
мемлекеттік саясат бизнесті құру бӛлігінде жаңа әкімшілік кедергілерді енгізуді 
жоюға бағытталғанын ескере отырып, кӛрсетілетін қызметтердің сапасын 
бағалаудың баламалы нұсқаларын пысықтау қажет.
Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен 
дағдыларының даму деңгейін қадағалаудың ұлттық жүйесі халықаралық және 
отандық тәжірибені ескере отырып, қосымша пысықтауды талап етеді. 
Мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау жүйесі кӛрсетілетін қызметтер 
сапасын арттыруды ынталандыруды қамтамасыз етуге тиіс.


Орта білім беру жүйесінде жаңартылған мазмұн шеңберінде білім 
алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ӛлшемшарттық жүйесі енгізілді.
Функционалдық сауаттылықты емес, пәндік білімді ӛлшеу арқылы ОЖСБ 
2020 жылға дейін жүргізілді. Сондықтан білім берудің жаңартылған мазмұнын 
ескере отырып, базалық білімді тексеруге бағытталған бастауыш және негізгі 
орта білім беру бағдарламасын меңгеруге арналған орта білімді сыртқы бағалау 
моделін жетілдіру қажет.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 
2021 жылға дейін ОЖСБ жүргізілген жоқ, ал жоғары оқу орындарында ол 2018 
жылдан бастап ЖОО-ның академиялық дербестігін кеңейтуді ескере отырып, 
алған оқу нәтижелерін бағалауға мүмкіндік бермеді.
PIRLS, PISA, ICILS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің, сондай-ақ 
SAT тестілерінің және басқаларының құралдарына ұқсас функционалдық 
сауаттылық пен құзыреттілікті ӛлшеуге бағытталған мәселелерге қатысты ҰБТ 
мазмұнын қайта қарау қажет.
2021 жылдан бастап білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау 
институты қайта жаңартылды. Барлық деңгейдегі МЖБС талаптарына сәйкес 
әзірленген білім беру ұйымдарын бағалау ӛлшемшарттары қолданысқа 
енгізілді.
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау 5 жылда 1 рет нақты 
деректермен ӛзін-ӛзі бағалау материалдарын талдау жолымен жүргізіледі. 
2021 жылы 178 білім беру ұйымының 32-сі (18 %), оның ішінде 18 
балабақша (22,5 %), 12 мектеп (14 %), 2 ТжКБ ұйымы (14 %) аттестатталды, 
аттестатталмағаны – 146 (82 %), оның ішінде 62 (77,5 %) балабақша, 72 (86 %) 
мектеп, 12 (86 %) ТжКБ ұйымы. 
146 аттестатталмаған білім беру ұйымында МЖБС талаптарын 913 
бұзушылық анықталды (мектепке дейінгі ұйымдарда – 409, мектептерде – 368, 
ТжКБ ұйымдарында –136). 
Мемлекеттік 
аттестаттаудан 
ӛтпеген 
білім 
беру 
ұйымдарына 
бұзушылықтарды жою және білім беру қызметін Қазақстан Республикасының 
білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіруге бір 
жылдан аспайтын уақыт берілді.
Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары үшін білім беру сапасын 
арттыруға ынталандырады, ӛзін-ӛзі бағалау құралы арқылы проблемаларды ӛз 
бетінше іздеуге және оларды шешуге дағдыландырады. 
Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, арнаулы техникалық және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, 
әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, сондай-ақ білім беру 
ұйымдарының басшылары жыл сайын ұлттық біліктілік тестілеуін электрондық 
форматта тегін негізде ӛтеді.
Педагогтерді ұлттық біліктілік тестілеу қорытындысы бойынша 2021 жылы 
76604 педагог шекті балл жинады (2020 жылы – 66739), яғни 38,1 % (2020 
жылы – 46 %). Орташа балл 50,8 құрады (2021 жылы – 54).


Ұлттық біліктілік тестілеуін ӛткізу барысында 1604 адам анықталды, оның 
ішінде МДҰ – 51 адам, олардың нәтижелері Ұлттық біліктілік тестілеуін 
ӛткізудің бұзылуына байланысты жойылды.
Бүгінгі күні педагогтерді аттестаттауға нашар дайындау және ӛңірлік білім 
басқармалары мен әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) мамандары 
тарапынан тиісті нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндіру 
жұмыстарының нашар болуы проблемасы анықталды.
Сонымен қатар білім беру сапасын бағалауда мынадай проблемалар бар:
ұлттық бағалау жүйесінде МДТО-ның жүйелі проблемаларын анықтайтын 
кешенді ӛлшемшарттар мен құралдар жоқ;
халықаралық тәжірибені ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа 
бағдарланған білім беру сапасын бағалау үшін құралдарды әзірлеу қажеттілігі;
жинақталған тәжірибе мен халықаралық практиканы ескере отырып, 
педагог кадрларды аттестаттау жүйесін одан әрі жетілдіру талап етіледі, 
ӛйткені біліктілік санаттары білім алушылардың білім сапасының ӛсу 
нәтижелері бойынша ғана берілуге тиіс;
мектепке дейінгі ұйымдарды, мектептер мен ТжКБ ұйымдарын мемлекеттік 
аттестаттауды, сондай-ақ жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуді 
одан әрі жетілдіру талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет