Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-бөлім. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың пайымы



Pdf көрінісі
бет21/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 4-бөлім. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың пайымы 
Заманауи сын-қатерлер мәнмәтінінде білім алушыға оның қажеттіліктері 
мен тілектерін бағдарлай отырып, білім беруді дамытудың жаңа траекториясы 
айқындалды. Пандемия кезіндегі қоғамның әрекеттері мен реакциясы қоғамда 
адамгершілік, құқық және мораль мәселелерінің басымдығы тұрғысынан білім 
беру жүйесіне деген сұранысты тудырды. 
Білім беру ұйымдарында адамның білімділік деңгейін кӛтеріп қана қоймай, 
сонымен қатар ӛз ӛмірлік мүдделерінде де, қазақстандық қоғамның 
мүдделерінде де шығармашылық әлеуетін серпінді әлеуметтік-экономикалық 
жағдайларда іске асыруға қабілетті, түлектің түйінді құзыреттеріне ие, 
адамгершілігі 
жоғары 
және 
жан-жақты 
дамыған 
жеке 
тұлғаны 
қалыптастыруға ықпал ететін атмосфераны қалыптастыру білім беру 
жүйесінің таяудағы бес жылға арналған бағдарына айналуға тиіс.
Білім беруді дамытудың одан арғы саясаты мемлекеттік жоспарлаудың 
үйлестірілген жүйесі жағдайында іске асырылатын болады. Тұжырымдама 
"Қазақстан-2050" стратегиясында белгіленген елді дамытудың ұзақ мерзімді 
мақсаттары мен бағыттарын ескереді және "3. Сапалы білім беру" жалпыұлттық 
басымдық шеңберінде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық 
даму 
жоспарының 
бастамаларына 
негізделетін 
болады. 
Сондай-ақ 
Тұжырымдамада Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын, 
AMANAT партиясының "Ӛзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты ӛмір!" 
сайлауалды бағдарламасын, Елбасының "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың 
жеті қыры" атты қоғамдық сананы жаңғырту жӛніндегі бағдарламалық 
мақаласын іске асыру жӛніндегі шаралар ескеріледі.
Білім беруді дамыту саясатын іске асыру қолжетімділік пен 
инклюзивтілікті қамтамасыз етуге, барлық деңгейлерде білім беру сапасын 
арттыруға, функционалдық сауаттылықты дамытуға, үздіксіз білім беруді 
қамтамасыз етуге және еңбек нарығының ағымдағы сұраныстарына да, сондай-
ақ болашақ экономикаға да сәйкес келетін кадрларды даярлауға бағытталған.
Білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған жаңа кезеңі үздіксіз 
білім беруді қамтамасыз етуді және басталған ӛзгертулердің қисынды 
аяқталуын кӛздейтін болады, бұл білім саласындағы мынадай қағидатты 
ӛзгерістерге алып келеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет